Баланы 6 айдан 2 жасқа дейін тамақтандыру бойынша ата-аналарға арналған рецептер кітабы

Практикалық оқу құралы

Nutrition
UNICEF/Kaliyev

Маңызды оқиғалар

Ата-аналарға арналған оқу құралында және рецептер кітабында бір жасқа дейінгі және 1 жастан 2 жасқа дейінгі дені сау балаларды тамақтандыру тәжірибесі бойынша ұсыныстар берілген. Кітапқа тамақ өнімдерін таңдау, аспаздық ас әзірлеу рецепттері бойынша тақырыптар мен нәрестелерді тамақтандыру процесіне қойылатын ережелер берілген. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүріне бейімделген, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының заманауи ғылыми-негізді мәліметтері мен ұсыныстарына негізделген.

Оқу құралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының тапсырмасы бойынша БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің жәрдемімен дайындалды. Осы басылымда берілген пікірлер авторға тиесілі және олар Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе олармен үлестес ұйымдардың ресми көзқарасын міндетті түрде таныта бермеуі мүмкін.

Осы басылымда пайдаланылатын белгілер және материалды баяндау ЮНИСЕФ тарабының Қазақстандағы балалардың құқықтық мәртебесіне, қандай да бір елдегі немесе аумақтағы немесе оның билік органдарындағы немесе оның шекараларын межелеуге қатысты қандай да бір пікір білдіруін білдірмейді.

Басылым тегін таратылады. Ақпаратты қайта басып шығару, дәйексөз келтіру және өзге де пайдалану кезінде осы жарияланымға сілтеме жасау міндетті.

Автор
Абуова Гаукар, медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры, педиатр, ерте жастағы балаларды тамақтандыру және дамыту бойынша халықаралық кеңесші.
Жариялау Күні
Тілдер
Орыс, Қазақша

Есепті жүктеңіз