АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жасөспірімдерге психоәлеуметтік қолдау көрсету жайлы нұсқаулық
Әдістемелік ұсынымдар

Қысқаша ақпарат
Осы әдістемелік ұсынымдар АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен өмір сүретін балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасаудың, балалар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетудің негізгі тұстарын сипаттайды. ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталықтардың, АИТВ немесе басқа созылмалы аурулар шарпыған балалармен және отбасылармен жұмыс жасайтын балаларға арналған емдік-профилактикалық мекемелердің, бейүкіметтік ұйымдардың мамандарына, сонымен қатар ЖОО, колледж және мектеп оқытушыларына арналған. Әдістемелік нұсқаулықта сипатталған әдістемелер әмбебап болып табылады және созылмалы сырқатқа шалдыққан балаларды және олардың отбасыларын сүйемелдеу үшін қолданыла алады.