«Денсаулық сақтау саласындағы дағдарыстық коммуникациялар»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы қоғаммен байланыс департаменттерінің стандарттық операциялық процедурасы

Қысқаша ақпарат
Берілген Стандартты операциялық процедура (СОП) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) Қоғаммен байланыс департаментіне және басқа да тиісті мүдделі тараптарға, оның ішінде ҚР ДСМ Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК) қоғаммен байланыс бөлімдері мен оның аумақтық бөлімшелеріне, ҚР ДСМ еншілес ұйымдарының қоғаммен байланыс бөлімдеріне, оның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына (ҚДСҰО) денсаулық сақтау саласында ұлттық немесе өңірлік деңгейлерде дағдарыстық жағдайлардағы коммуникацияны жоспарлауда және басқаруда көмек көрсетуге бағытталған. Бұл - ҚР ДСМ үшін әзірленген екі СОП-тың екіншісі. Бірінші СОП «Денсаулық сақтау секторында жоспарланған коммуникациялық науқанды әзірлеу және тиімді жүзеге асыру» деп аталады.