SAMGAU (UPSHIFT) менторлық бағдарламасының алғашқы қатысушыларына сертификаттар берілді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде 2021 ж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен "Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" қоғамдық бірлестігі 2020 жылғы желтоқсаннан бастап эксперименттік оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып, жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын нығайту бойынша SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасын іске асыруда.
2021 жылғы ақпанда жасөспірімдерді әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытудың алғашқы легі басталды, оған 400-ден астам бала қатысты. Бірінші цикл қорытындысына сәйкес инновация бойынша семинарға (буткамп) 17 команда қатысты, нәтижесінде менторлық бағдарламаға іріктеуден 9 команда өтті, олар өз идеяларын жоба ретінде іске асыра бастады және сертификаттармен марапатталды.
Бұл бүгінгі UPSHIFT-тің алғашқы түлектері, яғни ақпан, наурыз айларында өткен оқудан кейін гранттар алған командалар.
"ЮНИСЕФ инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT әдіснамасын пайдалана отырып, біздің бағдарлама жастарға әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлікті игеруге көмектесу үшін жастарды дамытудың озық әдістерін қамтиды" - деп атап өтті Жастар қызметкерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Наурызбай Нұрлыбай.
Сондай-ақ, бағдарламаны табысты іске асырғаны үшін "жастар қызметкерлері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің командасына алғыс білдіре отырып, Министрліктің пен ЮНИСЕФ балалар қоры бірлескен жобасы шеңберінде құрылған Жобалау орталығының басшысы Данияр Нұрпейісов сөз сөйледі.
"Бұл бағдарлама дамып, тартылған жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, біздің мемлекет үшін мықты тұлғалардың қалыптасуына жақсы қолдау көрсетеді деп үміттенемін", - деп толықтырды жоба орталығының жетекшісі.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім және дағдылар жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина жастардың кәсіпкерлік үшін өздерінің өмірлік дағдылары мен кәсіпкерлік дағдыларын арттырумен қатар, бағдарлама олардың жергілікті қоғамдастықтарына неғұрлым кең ауқымда оң ықпал етеді деп күтілетінін айтты.
SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасы түлектерінің жобаларын жастар қызметкерлері қауымдастығының сайтынан көре аласыз jashome.org.
Естеріңізге сала кетейік, "Samgau UpShift" - бұл БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және жастарға арналған ЕХӘҚМ бағдарламасы, онда ең осал топтарға (АИТВ және басқа да созылмалы аурулары бар, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) ерекше көңіл бөлінеді. ЮНИСЕФ инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT әдіснамасын пайдалана отырып, бағдарлама жастарды дамытудың, жастардың әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік саласын игерудің озық әдістерін біріктіреді.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы:
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы толық ақпаратты www.unicef.org сайтынан білуге болады.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.