Citi COVID-19 пандемиясынан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасын кеңейтуді қаржыландырады

24 Маусым 2020
Little girl with mother
UNICEF/Darkhan Zhagiparov

Нұр-Сұлтан, 23 маусым 2020 ж. – Citi қайырымдылық қоры БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) қазақстандық балалар мен отбасыларға психологиялық көмек бағдарламасын кеңейтуге 40000 АҚШ доллары көлемінде грант бөлді. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, мәжбүрлі әлеуметтік оқшаулау жағдайында психологиялық жайсыздыққа тап болған халыққа, бірінші кезекте балалар мен олардың ата-аналарына шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін әзірленді.

Citi Қоры грантының көмегімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімімен ЮНИСЕФ педагог-психологтарға карантин жағдайларында кеңес беру, эмоционалды күйіну мен стрессті алдын алу бойынша оқыту және ресурстық материалдарды ұсынады, сондай-ақ мұқтаж отбасылар, балалар мен жасөспірімдер үшін тегін жеке онлайн кеңес беруді жалғастыруда. «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Андрей Курилиннің айтуынша, «Citi қайырымдылығы қоғамға пандемия келтірген залалды азайтуға бағытталған және бұған психологиялық көмек көрсету жөніндегі ЮНИСЕФ-тің күш-жігері, әрине, ықпал етеді».

Өз кезегінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен осылай атап өтті «Жаңа коронавирустың таралуын тежеу үшін қажеттіәлеуметтік оқшаулау көптеген адамдар арасында алаңдаушылық пен үрей тудырып және бұрын болған кейбір психологиялық қиындықтарды ушықтырып, балаларға қатты әсер етті. Сонымен қатар, карантиндік шаралар құрдастары мен басқа да тұлғалар тарапынан дәстүрлі қолдауға қол жеткізу әлдеқайда қиындағанын көрсетті. Citi қоры тарапынан қолдау бізге балалар мен олардың отбасыларына осындай қиын уақытта қажетті кеңестерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін онлайн-қызметтерді ұсыну бойынша жасалып жатқан әрекеттерімізге көмектесті».

Мамандардың тегін онлайн кеңестері https://covid-19.mentalcenter.kz сайтында қолжетімді. Сондай-ақ, мұнда өзіңіздің және жақындарыңыздың психологиялық әл-ауқатыңызды қалай сақтау керектігі, кеңес алуға қалай жазылу, стрессті, шиеленісті және т.б. алдын-алу мен өтеу үшін арналған жаттығулар мен басқа да ақпарат пен практикалық кеңестерді табуға болады. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап сайтқа кіргендердің саны 28000-нан асты, 208 жеке кеңес берілді және 36 онлайн вебинар өткізіліп, 7000-нан астам психолог оқытылды.

 

***

Citigroup (Citi) – 160-тан астам елде және юрисдикцияларда 200 миллионға жуық клиент шотына қызмет көрсететін жетекші әлемдік қаржы корпорациясы.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ (Citigroup-пен үлестес) - клиенттік операцияларының көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің бірі. Citi ел экономикасына ондаған миллиард АҚШ доллары қаржыландыруын тартты. www.citigroup.com

 

ЮНИСЕФ

БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды және 190 елде осал және бақытсыздыққа ұшыраған балаларға көмектеседі. COVID-19 өршуі салдарынан миллиардтан астам бала мектептердің жабылуына немесе толық жұмыс істемеуіне байланысты зардап шекті. Қазақстанда карантин кезінде ЮНИСЕФ-тің ҚР Үкіметімен және серіктестерімен бірлескен жұмысы қашықтықтан оқыту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге және мектептердің санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтауына бағытталған. www.unicef.org/kazakhstan

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.