Citi ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, мектеп оқушыларына қашықтықтан оқу үшін ноутбуктарды сыйлады

06 Мамыр 2020
Citibank partnership
UNICEF/Zhagiparov

Нұр-Сұлтан, 6 мамыр 2020 ж. – «Ситибанк Қазақстан» АҚ және БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жағдайы нашар отбасылардағы мектеп оқушыларына 60 жаңа ноутбукты сыйлады. Бұл бастама әкімдіктердің қолдауымен  өтуде. COVID-19 пандемиясы кезіндегі карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті, бірақ, өкінішке орай, барлық оқушылардың компьютерге жеке қол жетімділігі жоқ.

Компьютерді алған балалардың бірі, 14 жастағы Ильдан екі айға жуық ұялы телефонның кішкентай экраны арқылы онлайн оқуға мәжбүр болды. «Бұл өте қиын, әр 15 минут сайын көзім қатты талатын, ал мен күніне 2,5 сағат оқуым қажет. Сондықтан мен осындай үлкен экраны бар ноутбук жайлы армандайтынмын. Мен енді жақсырақ сабақ оқи алатын боламын. Осындай керемет сыйлық үшін сіздерге рахмет», - деді 7-сынып оқушысы Ильдан.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім басқармасы «Ситибанк Қазақстан» АҚ мен ЮНИСЕФ-ке балаларға осы ерекше уақытта көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді», - деді астаналық білім беру бөлімінің бастығы Ш.Кадырова. Оның айтуынша, осы қалыптасқан жағдайда берілген көмек өтек уақыты болды.

Алматы қаласы әкімдігінің білім басқармасы да балаларға қашықтықтан білім алу үшін ноутбуктармен қамтамасыз етуде көрсеткен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді.

«Ситибанк Казахстан» АҚ  басқармасының төрағасы Андрей Курилин: «Пандемия жағдайында, Citi әсіресе мұқтаж адамдарды ондаған елдерде қолдайды. Біз әкімдіктердің мұқтаж отбасылардағы балаларға жаңа жағдайда білім алуына жәрдемдесу туралы үндеуіне қуана жауап бердік».

«Жағдайы нашар отбасылардағы балалар COVID-19 пандемиясының теріс ықпалын бәрінен де қатты сезінуде. Онлайн білім ала алмаудың кесірі олардың болашақ өміріне әсер ететіндігі өте күрделі мәселе. Біздің Citi-мен серіктестігіміз осы балаларға білім алуын жалғастыруға және өздерінің барлық мүмкіндіктерін толығымен іске асыруға мүмкіндік береді», - деп бөлісті Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі. 

 

***

Citi – әлемнің жетекші қаржы корпорациясы 160-тан астам елде 200 миллионға жуық клиенттерге қызмет көрсетеді. Citi жеке тұлғаларға, компанияларға және үкіметтерге банктік қызмет, несие беру, биржалық капиталды тарту, брокерлік қызмет және активтерді басқару сияқты көптеген қызмет түрлерін ұсынады. «Ситибанк Қазақстан» АҚ-ның бөлімі - клиенттердің операциялары көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі екінші деңгейлі банктердің бірі. Citi ел экономикасына ондаған миллиард АКШ доллар тартуға көмектесті. www.citigroup.com

 

ЮНИСЕФ

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) баланың құқығы мен әл-ауқатын қорғайды және 190 елдің ең қиын жағдайда өмір сүретін және аз қамтылған балаларға көмектеседі. COVID-19 басталуына байланысты 186 елдегі 1,3 миллиард бала мектептердің жабылуына немесе толық жұмыс істемеуіне байланысты кері әсерін сезінуде. Карантин кезеңінде ЮНИСЕФ ҚР Білім және ғылым министрлігімен және серіктестермен бірлескен жұмысы қашықтықтан оқытудың жағдайын қамтамасыз етуге және мектептердің санитарлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келуіне бағытталған. www.unicef.org/kazakhstan

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.