26-31 мамыр аралығында балалардың жарақаттануын алдын алу апталығы өтеді

Балаларды қорғау күні қарсаңында – 26-31 мамыр аралығында БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірге балалардың жарақаттануын алдын алу апталығын өткізеді

28 Мамыр 2019
Дети играют на площадке рядом с домом в Казахстане
UNICEF/Zhagiparov

2019 ж. 24 мамыры, Нұр-Сұлтан -  Балаларды қорғау күні қарсаңында – 26-31 мамыр аралығында БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірге балалардың жарақаттануын алдын алу апталығын өткізеді.

Балалардың жарақаттануын алдын алу апталығы ата-аналардың, балалардың, мамандардың және бүкіл қоғамның балаға қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі жайлы хабардарлығын арттыру мақсатында, сондай-ақ тұншығу, құлау, күйіп қалу, жол-көлік оқиғаларына ұшырау, кішкентай заттарды жұтып қалу, тұншығып қалу сияқты байқаусыз жарақаттардың салдарынан болатын балалардың мүгедектігі мен өлімін болдырмау үшін өткізіледі. Жазғы уақыт - балалар үшін ең қауіпті кездің бірі, өйткені көптеген балалардың жарақаттануы осы шаққа келеді.

Балалардың жарақаттануын алдын алу апталығында ұсынылатын ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес Қазақстандағы және әлемдегі балалардың өлімі мен емдеуге жатқызудың басты себептерінің бірі жарақат болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы республикалық электрондық орталықтың мәліметтері бойынша, 2017 жылы 1,283 бала жазым болған, ал 27,702 бала байқаусыз жарақат нәтижесінде ауруханаға жатқызылған.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін бүкіл қоғам болып бірігіп іс-әрекет жасауымыз қажет. Осы мақсатпен жарақаттануды алдын алу апталығы аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • 26 мамыр – өмірлерінде жарақат алған балармен фокус-топ ұйымдастырылады. Талқылау барысында балалар жарақаттанған кездегі өз тәжірибесімен, қауіпсіз ортаны құру үшін қандай шаралар мен жағдайлар жасалу қажетігі жайлы өз ойлары мен кеңестерімен бөліседі.
  • 28 мамыр – балалары немесе жақындарының балалары жарақаттанған ата-аналардың фокус-тобы өтеді. Кездесуде ата-аналар тәжірибелерімен алмасып, балалардың жарақаттануын болдырмау үшін ойларымен алмасады.
  • 29 мамыр - түрлі салалардағы мамандар үшін оқу өткізіледі. Денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік полиция, төтенше жағдайлар, коммуналдық шаруашылық, ақпарат және мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларындағы мамандар үшін Денсаулық Сақтау Ұйымының оқыту пакеті мен ЮНИСЕФ-тің қауіпсіз үй ортасын қамтамасыз ету жайындағы модуліне негізделген семинар өтеді. Тренер - Германиядан келген халықаралық сарапшы Джоан Винцентен.
  • 30 мамыр – балалардың жарақаттануын алдын-алу жөніндегі дөңгелек үстел өтеді. Онда Қазақстанның сегіз өңіріндегі 0 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына жүргізілген сұхбат арқылы жиналған ЮНИСЕФ-тің зерттеу нәтижелері мен ұсыныстары таныстырылады. Сондай-ақ балалардың жарақаттануын алдын алу үшін келесі үш жылдың стратегиялық қадамдары жоспарланады.

Аккредитациядан өткен журналистер 26-30 мамыр аралығында өтетін іс-шараларға қатыса алады. Және балалардан, ата-аналардан және келесі сарапшылардан сұхбат алуға мүмкіндігі болады:

  • Джоан Винсентен, ЮНИСЕФ-тің Германиядан келген халықаралық сарапшысы.
  • Юрий Оксамитный, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі.
  • Анна Статовкина, ЮНИСЕФ-тің Балалардың өмірлік тұрақтылығы бойынша бағдарламалардың үйлестірушісі.

Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін байланыс ақпараты:

Зарина Нұрмұхамбетова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі, эл. пошта: znurmukhambetova@unicef.org

Асель Садуова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс маманы, тел.: +7 701 640 71 87; эл. пошта: asaduova@unicef.org

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.