Әрбір балаға арналған білім: баланың оқу үдерісінен шығып қалмауын қамтамасыз ету

11 Маусым 2019
Конференция по программе по совершенствованию системы раннего предупреждения выбытия из школ
UNICEF/Baybulin

11 маусым, Нұр-Сұлтан - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы 2016-2020 жылдарға арналған негізгі іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Мектеп білім беру жүйесінен шығып қалу қаупі бар балаларға қолдау көрсету бағдарламасы аясында конференция өткізді.

Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетудің өсуіне қарамастан, мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар 14 000 астам бала үйде білім алуда.

2018 жылы екі пилоттық аймақта - Астана және Қарағанды ​​облыстары - бес мектептің базасында оқушыларды бақылау және оларға қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстандағы бағдарлама ЮНИСЕФ-тің инклюзивті білім беру бойынша жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылады.

Конференция барысында арнайы білім беру, әлеуметтік, эмоционалдық және мінез-құлық қажеттіліктері бар балаларға ерекше назар аудара отырып, мектептен шығып қалудың ерте алдын-алу жүйесін жетілдіру бойынша бағдарламаны сынақтан өткізудің нәтижелері ұсынылды.

Маңызды нәтижелердің ішінде келесілерді атап өтуге болады:

- Пилоттық мектептердегі оқутышулардың «шығып қалу» факторлары туралы кеңінен хабардар болуы. Мектептен шығып қалудың ең жиі анықталған факторлары – жиі сабақтан қалу мен балалардың мінез-құлықтарында ерекшеліктердің болуы.

- Әлеуметтік төлқұжаттарда жаңартылған жазбаларды сақтаудың маңыздылығы. Кейбір мектептерде әр тоқсан сайын әлеуметтік паспортты жаңарту саясаты бар, ал екіншілері жылына екі рет жаңартады. Әлеуметтік төлқұжатта үнемі жаңартулар (мысалы, ай сайынғы) мектепте, сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер базасында мониторинг жүргізуде пайдалы бола алады.

- Инклюзивтік білім беруде бақылау және сабаққа қатыспау жағдайларын бақылаудың маңыздылығын оқутушылардың түсінуі. Пилоттық жобаның нәтижелері барлық қатысушыларға, әсіресе мұғалімдерге, әртүрлі салаларда ерекше қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балаларды қосудың маңыздылығын көрсетеді.

- Шығып қалу қаупі бар балалардың ата-аналары мен мектеп арасындағы қарым-қатынас жасау қажеттілігі.

«Шығып қалудың негізгі тәуекел факторлары жеке, отбасылық және мектеп қажеттіліктеріне байланысты. Баланың оқу үдерісіне уақытылы оралуы үшін осы факторлардың барлығына мән беріп, оларды ертерек анықтауға тырысу қажет», - деп Кембридж университетінің Білім беру факультетінің инновациялық бағдарламаларының директоры Коллин Маклафлин атап өтті.

«Мектепке бармайтын балалар - әлеуметтік тұрғыдан қарағанда қоғамдағы ең осал топтардың бірі. Әрбір бала сапалы білім алуға және орта білім алуға құқылы. Біз өз тарапымыздан жүйені жетілдіруге және барлық балаларды білім беру үдерісіне қосуға көмек көрсетуге дайынбыз. Бағдарламаға қатысқан біздің серіктестеріміз бен халықаралық сарапшыларымызға алғыс айтқым келеді », - деп ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен конференцияда атап өтті.

### 

Редакторларға арналған ескерту:

Ерте алдын-алу жүйесі (ЕАЖ) - мектептен шығып қалу қаупі бар оқушыларды анықтауға арналған құрал. ЕАЖ оқушыларға оқу үдерісінен шығып қалмауға көмектеседі.

Ерте алдын-алу жүйесі:

• балалардың оқу процесіне қатысуы, олардың оқу жетістіктері, сондай-ақ мектептегі жалпы әл-ауқаттың мониторингі;

• оқу үдерісінен шығып қалуды ерте анықтау мен жоюға қолдау көрсетеді.

ЕАЖ туралы ақпарат: https://uni.cf/2Wut6so

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс құралдары арқылы хабарласыңыздар:  

Балнұр Құралова, көші-қон және білім мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман, тел.: +7 701 910 08 08; эл. мекен-жай: bkuralova@unicef.org

ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпаратты сайттан таба аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan. ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылыңыздар.

Медиа байланыс

Балнура Куралова

Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.