#Қайырымдылықмарафоны2022: TikTok пен ЮНИСЕФ Қазақстанда қайырымдылық айын ашады

05 Қыркүйек 2022
Tiktok
UNICEF and TikTok

5 қыркүйекте, Халықаралық қайырымдылық күні, қысқа бейнероликтерді жасау және көрудге арналған жетекші платформа TikTok пен ЮНИСЕФ бірлесіп, Қазақстанда қайырымдылықты насихаттауға арналған #Қайырымдылықмарафоны2022 бастамасын бастайды. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен және достарымен қайырымдылық және жаһандық ынтымақтастық мәселелері, ЮНИСЕФ-тің әлемдегі және Қазақстандағы қызметі мен бастамалары және жастардың өмірін жақсартуға бағытталған жобалар туралы тікелей эфирлер өткізеді. Науқан TikTok-тағы "қайырымдылық айынан" басталады, оның аясында платформа пайдаланушылары #Қайырымдылықмарафоны2022 челленджіне қатысып, платформа қауымдастығымен қайырымдылыққа қатысу тәжірибесімен бөлісіп, игі істерге ынталандырады.

TikTok-та пайдаланушылар платформада шығармашылықпен айналысып және өзін-өзі көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге үлкен қауымдастықпен маңызды идеялармен бөлісуге және басқаларға өздерінің жақсы қасиеттерін ашып, айналасындағы әлемді жақсартуға ынталандыруға мүмкіндік береді. #Қайырымдылықмарафоны2022 науқаны тек TikTok-та ғана емес, сонымен қатар платформадан тыс жерлерде де мейірімділік шараларын арттыруға, көмектесу оңай екенін көрсетуге және оны қалай дұрыс жасау керектігін айтып беруге арналған.

5-7 қыркүйек аралығында ЮНИСЕФ сарапшылары мен еріктілері тікелей эфирлер сериясын өткізіп, онда жұртшылықпен өз кеңестерімен бөліседі, Қордың бағдарламалары туралы және ЮНИСЕФ-тің бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарға қалай көмектесетіні туралы әңгімелейді:

  • 5 қыркүйекте 19:00 сағаттаЮНИСЕФ Қазақстанның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Эльвира Якушевамен ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы тікелей эфир, онда кез келген адам өз үлесін қосып, қалай көмек көрсете алатыны туралы айтылады, сондай-ақ;
  • 6 қыркүйекте 19:00 сағатта ЮНИСЕФ волонтерлері Ұлттық волонтерлік желісінің өкілдерімен бірлесіп волонтерлік қозғалыстар туралы, волонтерлер мен олардың істері - климаттық өзгерістерге қарсы күрес пен төтенше жағдайлар кезіндегі көмектен бастап мектептердегі буллингтің алдын алуға дейін - айналамыздағы әлемге қандай әсер ете алатыны туралы айтып береді. Мысалы, бір волонтер мыңдаған адамдардың өмірін қалай өзгерте алады? Осы туралы да әңгімеленеді.   
  • 7 қыркүйекте 19:00 сағаттаЮНИСЕФ сарапшылары жынысына қарамастан жасөспірімдер үшін тең мүмкіндіктер туралы, неліктен ғылымның дамуы ғалымдар арасындағы гендерлік теңгерімге тәуелді екендігі туралы, ал UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру жобасының қатысушылары ЮНИСЕФ олардың алдында ашқан жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелейді. 

Надежда Лапина, TikTok-тың аға операциялық менеджері:

«Адамдар TikTok-қа өз шығармашылығымен бөлісу, жаңа нәрсені үйрену және өздері үшін шынымен маңызды нәрсе туралы айту үшін келеді. Біз, өз кезегімізде, пайдаланушыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға және өз әлеуетін іске асыруға, соның ішінде пайда әкелетін және әлемді біршама жақсартатын әрекеттер арқылы көмектесуге тырысамыз. #Қайырымдалықмарафоны2022 жобасы — бұл осы бағыттағы тағы бір қадам. Бұл жолы бізді ЮНИСЕФ-тің қолдағанына қуаныштымыз: біз бірлесіп пайдаланушыларды игі істерге шабыттандырып, Қазақстанда қайырымдылық тәжірибесін одан да танымал ете аламыз».

Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі: 

«Цифрлық технологиялар және әлеуметтік желілерге кіру біздің өміріміздің қарапайым фактісіне айналды. Біз көп уақытымызды онлайн-режимде өткіземіз. Сондықтан біз осы нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі – TikTok Ғаламдық әлеуметтік платформамен ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Біздің эфирлер қайырымдылыққа қызығушылық танытатын және әлемді балалар үшін жақсы жаққа өзгерткісі келетіндердің барлығына пайдалы ақпарат бере алады және TikTok-пен жемісті серіктестігіміздің алғашқы қадамы болады деп сенемін». 

Платформа сонымен қатар пайдаланушыларды игі істер марафонына қатысуға шақырады және #Қайырымдылықмарафоны2022 челлендж-хэштегін іске қосады. Челлендж қатысушысы болу үшін Сіз бір ай ішінде TikTok-қа қайырымдылық туралы бейнені түсіріп, шығарып, өз тәжірибеңізбен және ұсыныстарыңызбен бөлісіп, сүйікті қайырымдылық жобаңыз туралы немесе өзіңіздің жақсы ісіңіз туралы айтып беруіңіз керек. Челленджге 5 қазанға дейін қатысуға болады.   

Бөлісу бізге қуаныш әкеледі! Біздің тікелей эфирімізге қосылыңыз және айналаңыздағы әлемді қалай өзгерте алатыныңызды біліңіз. ЮНИСЕФ бағдарламасын қолдау: қайырымдылық көрсету.

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

TikTok туралы

TikTok — бұл қысқа бейне-роликтер жасауға арналған жетекші бағдарлама. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және олардың көңіл-күйін көтеру.

 

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.