Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық қыздар ауаның ластануын талдау үшін стратосфераға наноспутниктерді ұшырды

ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби ат. ҚазҰУ бірлескен жобасы аясында үш наноспутник жасалып, стратосфераға жіберілді

27 Наурыз 2022
UNICEF Kazakhstan/2022/Salamat Ayazbay
UNICEF Kazakhstan/2022/Salamat Ayazbay

АЛМАТЫ/БІШКЕК/ТАШКЕНТ, 27 наурыз 2022 жыл – Бүгін UniSat (Uni – UNICEF-тің қысқашасы (БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Sat - satellite (спутник)) білім беру бағдарламасына қатысушы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық 150-ден астам қыз стратосфераға үш заманауи наноспутникті ұшырды.

Шағын ғарыш аппараттарының класына жататын наноспутниктердің салмағы 10 келіге дейін жетеді және бірнеше камералармен жабдықталған, олардың бірі Жердің эллиптикалық бейнесін 4К режимінде түсіруге қабілетті. Датчиктер сәуле, қысым, ауырлық, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинайды, ал үлкен көлемдегі мәліметтер, бейнелер мен суреттер талдау үшін Жерге жіберіледі.

Бүгінгі таңда наноспутниктер әлемнің көптеген жетекші университеттерінде және коммерциялық ұйымдарда жасалуда. UniSat спутниктері білім беру мақсаттарына арналған.

«Бүгінгі спутниктерді ұшырудың символды мәні бар. Ол Орталық Азиядағы қыздар мен әйелдердің шексіз әлеуетін көрсетеді. Олардың ғылым мен техниканың шекарасын кеңейту қабілетін паш етеді. Биылғы жылы бағдарламаға үш елден 2000 қатысушыны қосып, оларды ғылым, техника, инженерия және математика саласындағы білім мен мансапты жалғастыруға шабыттандырғанымызға өте қуаныштымыз. UniSAT бағдарламасының нәтижелері қоғамдағы ғарыштық өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен. 

Наноспутниктерді  Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Технопаркінде 10 күндік марафон аясында қыздар құрастырды. UniSat жобасының қатысушылары ғарыш аппараттарын жобалау, әрлеу, бағдарламалау және құрастыруды игерді. Олар ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау орталығына бара алды. Қыздар алған теориялық білімдерін сабақ барысында бірден қолданды. Менторлардың жетекшілігімен олар наноспутниктердің корпустарын 3D-модельдеу арқылы жобалап, оларды 3D принтерге басып шығарды. Сондай-ақ, қыздар UniSat наноспутниктерінің ішкі жүйелерін бағдарламалап, оларды іске қоспас бұрын зертханалық жағдайда сынап көрді.

«Қырғызстанда 15-19 жас аралығындағы әрбір үшінші қыз компьютерлік сауаттылыққа ие және қыздардың 80 пайыздан астамы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды таңдайды. Бірақ бұл таңдау қыздардың кәсіби мүдделері мен ұмтылыстарын қаншалықты көрсетеді? Сондықтан 2020 жылы ЮНИСЕФ қыздарға көкжиегін кеңейтуге, гендерлік стереотиптерді жеңуге және мамандық таңдауға көмектесу үшін «Ғылымдағы қыздар» бағдарламасын бастады. Жыл сайын 10 мыңнан астам қыз осы бастамаға ортақтаса қатысып, уақыт өте келе қыздар көптеп ғылыми мансаптың дамуына сенім артады. Осы тұрғыда наноспутниктерді іске қосу бойынша іс-шара біз үшін екі жылдық жұмыстың нәтижесі ғана емес, сонымен қатар қыздар мен біздің жастарымыздың әлеуетіне шабыт береді», - деп атап өтті Қырғызстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Юлия Олейник.

Қатысушылар келесі сілтеме бойынша қол жетімді UniSat онлайн-курсынан өткен 2 000 қыздың ішінен таңдалды: Әл- Фараби ат. ҚазҰУ Қыздарға арналған UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша білім беру бағдарламасы (UNEPG) | ЖАОК (kaznu.kz). Ұшыру барысында наноспутниктер алған қоршаған орта туралы ұшу деректерін өңдеу, деректерді визуализациялау, миссия туралы есепті дайындау және деректерді ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ онлайн-курс бағдарламасына енгізілді. Қыздар командада жұмыс істеу дағдыларын, Linux-та бағдарламалау негіздерін меңгерді, сондай-ақ аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетекші қазақстандық сарапшыларды тыңдады.

«Өзбекстанда, әлемнің басқа елдеріндегі сияқты, әртүрлі себептерге байланысты ұлдар мен қыздар арасында компьютерлік сауаттылық, техникалық білім және мансап салаларында айтарлықтай алшақтық бар. UniSat білім беру бағдарламасы осы алшақтықты азайтуға, қыздарды ғылым мен технология саласындағы тиісті дағдыларға қызықтыруға және үйретуге бағытталған. UniSat Өзбекстан жастары арасында технологиялық салалардағы гендерлік мәселеге қалың жұртшылықтың назарын аударуға көмектеседі. Біз бұл жобаға қатысушылардың өз үлгі - өнегесімен құрдастарын өздеріне сенуге шабыттандыратынына сенімдіміз. Олар қыздардың кез  келген салада табысты бола алатындығын жеке мысалмен көрсетеді», - деді ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Мунир Мамедзаде. 

UniSat – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламасы. UniSat бағдарламасының мақсаты наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен біліктілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және креативтілік сияқты дағдыларды жетілдіру болып табылады.

UniSat бағдарламасы “Dubai Cares” халықаралық білім беру қорының, Clé de Peau Beauté брендінің және филантроп Назанин Алакия ханымның қолдауымен іске асырылады.

 

Редакторларға арналған ескертпелер 

Жоба туралы қосымша ақпаратты UniSat сайтынан алуға болады: https://unisat.kz/

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің түкпір- түкіпірінде ерекше назар аударады.

ЮНИСЕФ қызметі туралы толық ақпарат www.unicef.org. сайтында.

Біздің InstagramFacebook және Twitter  парақшаларымызға жазылып алыңыз.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті. - бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша еліміздің университеттік жүйесінің флагманы. ҚазҰУ технопаркінде жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында (физика, математика, химия, биология және т.б.) қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған зерттеу жабдықтары бар.

 

Dubai Cares

Dubai Cares – 2007 жылы БАӘ Премьер-Министрі, Вице-президенті және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактумның шешімімен құрылған халықаралық қайырымдылық ұйымы. Ұйым барлығына инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және 2030 жылға қарай өмір бойы оқытуды ілгерілетуге бағытталған БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 4-мақсатқа (ТДМ) қол жеткізуде негізгі рөл атқарады. Dubai Cares және оның жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.dubaicares.ae/

 

Назанин Алакия — гуманитарлық қайраткер және филантроп, үш бағытты терең ұстанады: білім беру, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қоршаған орта. Егер біз әйелдер мен қыздарға лайықты білім беріп, қауымдастықтарды экологиялық тұрақты болашаққа жетелейтін болсақ, ол тұрақты, гүлденген және әділ әлем біздің қолымызда деп санайды.

Назаниннің гуманитарлық қызметі ең алдымен халықтың аз қамтылған топтары, босқындар мен өз елінің ішіндегі мәжбүрлі қоныс аударған адамдар (ІҚА) үшін климаттың өзгеруінің теріс салдарын жою үшін шешімдерді анықтауға және орналастыруға арналған. Ол Нигерияның солтүстік-шығысындағы ЮНИСЕФ-тің сумен жабдықтау, санитария және гигиена (WASH) бағдарламасы аясында күн энергиясын пайдаланып ұңғымаларды бұрғылау сияқты ұзақ мерзімді шешімдерге қаражат салады.

Йеменде жалғасып жатқан қақтығыс кезінде ол азық-түлік, дәрі-дәрмек және психоәлеуметтік көмек, сондай-ақ ЮНИСЕФ-ке жедел көмек көрсету үшін қаражат жинады.