Қазақстан ғаламдық GIGA бастамасының Орталық Азияда таралуын басқарады

Цифрлық теңсіздікті жеңудің негізі қаланады

31 Қаңтар 2020
GIGA signing
UNICEF

31 қаңтар, 2020 жыл, Алматы, Қазақстан - Қазақстан Үкіметі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) бірлесіп GIGA атты  ғаламдық бастамасы аясында серіктесу жайлы келісімге келді. ЮНИСЕФ-ХЭО-ның бұл бастамасы әр мектепті Интернетке қосуға, жастарға ақпарат пен жаңа мүмкіндіктерді беруге бағытталған.

GIGA 2019 жылы енгізілді. Бастаманың мақсаты - әлемдегі кез-келген мектепті байланыспен қамтамасыз ету. Әлемде 3,7 миллиардқа жуық адам Интернетке қосылмаған, олардың 360 миллионы - жастар. Интернеттің болмауы көптеген ақпараттың, оқуға арналған ресурстардың қол жетімділігің шектеп, әлеуметтік жағынан осал балалар мен жастардың дамуына, әлеуетін барынша іске асырыуна бөгет болуда. Цифрлық теңсіздікті жеңу мақсатында жаһандық ынтымақтастықты нығайтып, қаржы және технология саласындағы көшбасшылар мен инновацияларды біріктіру қажет.

«ЮНИСЕФ - ХЭО - GIGA бірлескен жаһандық бастамасы қалалық және ауылдық білім беру арасындағы сандық теңсіздікті жоюға бағытталған. Бұл жерде шалғай ауылдарды кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету біздің министрліктің маңызды бағыттарының бірі», - деп атап өтті Дарын Тұяқов, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі жөніндегі вице-министрі. «Ол үшін біз көптеген жылдар бойы байланыс операторларымен бірге мыңдаған шақырымды талшықты-оптикалық байланыс желілерін ауылдарға дейін тартатын жобаны жүзеге асырып келеміз. Осылайша, тек осы жоба аясында біз 446 ауылдық мектепке жоғары жылдамдықты Интернетті қостық, ал жыл соңына қарай мектеп саны 1342 болады. Сондықтан бұл жобаны қолдау біз үшін ауылдардағы мектеп оқушыларының Интернет арқылы білім алу ресурстарына қол жетімділігін одан әрі арттыру үшін қисынды қадам болып табылады», - деп түйіндеді ол.

АКТ статистикасының ресми көзі - ХЭО мәліметтері бойынша, Қазақстан халқының 80 пайызы Интернетті пайдаланады, ал аймақта бұл көрсеткіш Түркіменстандағы 21 пайыздан бастап Өзбекстандағы 52 пайызға дейін ауытқып тұр. Қазақстан ТМД кеңістігі бойынша мобильді кең жолақты байланыстың ең жоғары ену деңгейіне ие. Сондай-ақ, ел компьютерлерге қол жеткізу және Интернетті пайдалану бойынша аймақтың көшбасшысы болып отыр, ол барлық ТМД-да кіру деңгейіне бекітілген кеңжолақты жоспарлары бар гигабайттың ең төменгі бағасын ұсынады.

«Қазақстан үкіметімен серіктестік GIGA-ны жүзеге асыруды жеделдетудің ажырамас бөлігі болып табылады. Жаһандық іске қосудың алғашқы кезеңіндегі жетекші мемлекеті ретінде, Қазақстан жаңа қаржыландыру модельдерінің, серіктестердің және цифрлық құралдардың және, сайып келгенде, барлық жастар үшін мүмкіндіктер мен таңдаудың негізін қалайды. Бұл жұмыс Орталық Азиядағы және әлемдегі цифрлық теңсіздікті жою үшін өте маңызды», - деді Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі.

«ХЭО-ның ЮНИСЕФ-пен бірлескен жаңа жобасы менің жастарға мүмкіндік беру маңызды екендігіне деген нық сенімділігімнен туындайды», - деді Дорин Богдан-Мартин, ХЭО Телекоммуникацияны дамыту бюросының директоры. «Қазақстанның мектептерде байланыс орнатуға деген міндеттемесі үкіметтің маңызды және шешуші шешімдерінің бірі болып табылады, өйткені цифрлық прогресстің келесі толқынын дәл қазіргі жастар басқаратын болады. Сонымен қатар, GIGA жобасы цифрлық теңсіздікті болдырмауға және баршаға кең жолақты интернетке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ХЭО Байланыс 2030 бағдарламасына өз үлесін қосады».

GIGA деген не? 

GIGA төрт негізгі бағыттардан тұрады: әлемдегі әрбір мектепті дүниежүзілік картаға түсіру, байланысқа деген сұранысты біріктіріп ортақ өтінімді қаржыландыру, барлық мектепті Интернетке қосу және жастардың цифрлық қабілеттерің арттыруға мүмкіндік беру.

GIGA бастамасы Қазақстанның цифрландыру және байланыс саласындағы көзқарасына, елдің тұрақты даму мақсаттарына деген көзқарасына және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сандық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі 1А және 1В қорытындыларына сәйкес келеді. Ол жерде 2030 жылға қарай әрбір ересек адам сандық желілерге қол жетімді бағамен қол жеткізе алуы қажет және сандық қоғамдық тауарлармен алмасу алаңын құру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қатысуымен көпжақты одақ құруға шақырады.

Қол қою Digital Almaty халықаралық форумы аясында өтті. Форум цифрландырудың жаһандық тенденцияларын талқылау, цифрлық түрлендіру саласындағы тәжірибе алмасу және аймақтық ынтымақтастықтың бірыңғай тәсілдерін жасау үшін мемлекеттік қызметкерлерді, жетекші көшбасшыларды, халықаралық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын біріктірді.

Digital Almaty Forum барысында қатысушылар GIGA бастамасының жүзеге асырылуы және оның бүкіл аймаққа масштабталуы жайлы талқылады. ЮНИСЕФ және ХЭО техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді, соның ішінде инфрақұрылым мен біркелкі қамтуды қамтамасыз етуге инвестицияларды қамтамасыз ету үшін серіктестермен бірлесе отырып, көп деңгейлі қаржыландырудың үлгісін әзірлейді.

***

Редакторларға арналған қосымша ақпарат 

ЮНИСЕФ жайлы

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын хал-жағдайда өмір сүретін балаларды қамтуға ұмтылады. Біз әрбір бала үшін 190 астам елде және аумақта баршаға арналған жақсырақ әлем құру мақсатында қызмет атқарамыз. ЮНИСЕФ және оның балаларға арналған қызметі жайлы қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org, www.unicef.org/kazakhstan сайттарына кіріңіз. 

Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) жайлы

Халықаралық электробайланысы одағы (ХЭО) - БҰҰ-ның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша мамандандырылған агенттігі, 193 мүше мемлекеттермен және 900-ге жуық компаниялардың, университеттердің және халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшелерімен бірге АКТ инновацияларымен айналысады. Қосымша ақпарат алу үшін www.itu.int сайтына кіріңіз. 

БАҚ-ҚА АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Зарина Нұрмухамбетова

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

ЮНИСЕФ Қазақстан

Тел: +7 7172 322878, ішкі нөмір 112

E-mail: znurmukhambetova@unicef.org

Моника Альбертини

Байланыс және насихаттау қызметінің басшысы

ХЭО телекоммуникацияны дамыту бюросы

Тел: +41 22 730 5317

Моб: +41 79 808 6065

E-mail: monica.albertini@itu.int

 

#GIGAconnect хэштегі арқылы пікірталасқа қосылыңыз!

 

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.