Қазақстан Халықаралық Әке күнін атап өтті

Мамандықтары әр түрлі әкелер Халықаралық әке күнін тойлап, өздерінің балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісу үшін Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылды

12 Маусым 2019
Папа в окружении троих детей в Нур-Султане, Казахстан
UNICEF/Zhagiparov

14 маусым, Нұр-Сұлтан - мамандықтары әр түрлі әкелер Халықаралық әке күнін тойлап, өздерінің балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісу үшін Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылды.

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА), «БҰҰ Әйелдері» құрылымы ұйымдастырған іс-шараға БАҚ, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар өздері үшін әке болу деген не екенін және қандай да бір қиындықтарды жеңіп, өз балаларының өміріне белсенді түрде қатысатыны туралы айтып берді.

«Бала тәрбиесіне әкелердің қатысуы баланың жалпы дамуына ғана оң әсерін тигізіп қоймай, үйдегі серіктестер арасындағы үй жұмысын теңдей бөлу арқылы отбасының нығаюына да септігін тигізеді», - деп БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура атап өтті.

Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімі мен тәрбиесіне әкелердің тек 6,6% ғана қатысады.

«Бұл өте өкінішті, себебі бала күтіміне байланысты ауыртпалық көбінесе анаға түседі және әкелер өз балаларының өмірлерінде маңызды рөлді атқару мүмкіндігін жоғалтады», - деді БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Бүкіл әлемде ер адамдар балалар күтімімен және үй шаруасымен күннен күнге көбірек айналысуда. Алға даму байқалады, алайда өзгерістер өте баяу жүзеге асуда. 1997 жыл мен 2012 жылдар арасында әйелдер мен еркектердің үй жұмысымен айналысуға бөлетін уақытындағы айырмашылық күнделікті тек жеті минутқа қысқарған.

Әйелдер үйден тыс уақытта ер адамдармен бірдей уақыт жұмыс істегенде де, бұл теңсіздік сақталады. Бүгінгі күні Қазақстандағы әйелдер ер адамдармен салыстырғанда үй жұмысына екі есе көп уақыт жұмсайды. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдердің 66% үйден тыс жұмыс істейді. Салыстыратын болсақ, еңбек нарығындағы ерлер үлесі тек 11% ғана артық және жалпы 77%. құрайды.   

Іс-шарада БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен, тележүргізуші Данияр Қошқарбаев, “Аутизм.Қолжетімді орта” фондының негізін қалаушы және “Әкелер одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Руслан Қазыбаев, заңгер және әлеуметтік желілердегі инфлюенсер Медет Уссеров сөз сөйледі. Спикерлер ажырасуды бастан кешіргеннен кейінгі әке рөлі, ерекше мұқтаждықтары бар бала мен кішкентай балалардың тәрбиесі туралы сөз қозғады.

Қазақстан “Әкелері Одағының” төрағасы міндетін атқарушы Руслан Қазыбаев өзінің өмірі туралы, баласы төрт жасқа толғанда аутизм диагнозы қойылғаны жайлы айтып берді. Ерекше мұқтаждықтары бар балаларға қолайлы орта жасау үшін Руслан «Аутизм.Қолжетімді орта» қорын құрды. Қордың миссиясы - жауапты әке болу маңыздылығын қоғамға түсіндіріп, жаңа норманы қалыптастыру.

«Біз әдетте әкелер жанұяға тек материалдық жағынан көмек көрсету үшін және бала тіл алмағанда тәртіпке келтіру үшін қажет деп ойлаймыз. Әке болу дегеніміз - балаға жақсы дос, серіктес болу және отбасылық міндеттерді бөлісе атқару», - деді Руслан.

2016 жылы Қазақстанда 2030 жылға дейін Отбасылық және гендерлік саясат концепциясы қабылданды. Концепция отбасылық міндеттерді тең бөлу, оның ішінде балалар мен үй шаруашылығымен айналысу міндеттерін біріге атқару сияқты мәселелерді көтереді.

Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қоғаммен байланыс маманы Әсел Садуоваға хабарласыңыз: asaduova@unicef.org, +7 701 640 7187; ЮНФПА қоғаммен байланыс үйлестірушісі Дина Тельтаева: teltayeva@unfpa.org, + 7 701 765 40 10; «БҰҰ Әйелдері» құрылымының қоғаммен байланыс үйлестірушісі Сабина Мендыбаева, Sabina.mendybayeva@unwomen.org.

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

Мультимедиалық контент

Father's Day in Kazakhstan 2019

Халықаралық әкелер күніне орай қазақстандық папалар әке болу жайлы әсерлі роликте түсті. Бейнеде түрлі салаларда жұмыс істейтін әкелердің әке болу жайлы өз тәжірибесі, балаларына қалай қамқорлық көрсетіп, бірге уақытты қалай өткізетіндіктері жайлы көрсетілген.

Бұл бейне БҰҰ-ның агеттіктерінің бастамасымен, тележүргізуші және белсенді әйел Адель Оразалинованың қолдауымен түсірілді. 

 

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.