Қазақстан және Қытай: балалардың мүддесінде апаттардың қауіпін төмендету үшін пилотсыз ұшу аппараттарын (ПҰА) қолдану тәжірибесімен алмасу

ПҰА төтенше жағдайларды басқарудың және апаттар қаупін төмендетудің тиімді элементі бола алады

17 Маусым 2020
Drones
UNICEF

НҰР-СҰЛТАН/ПЕКИН, 12 МАУСЫМ 2020 ЖЫЛ - ЮНИСЕФ ұйымдастырған виртуалды сессияда Қазақстан мен Қытай үкіметтері тәжірибе алмасып, төтенше жағдайларды басқару және апаттар қаупін азайтудың озық тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстанда ЮНИСЕФ үкіметтік серіктестерімен бірге балалардың табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жұмыс істейді. 2018 жылы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен, Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен келісе отырып, Ақмола және Алматы облыстарында екі пилотсыз «сынақ дәліздерін» құрды. «Сынақ дәліздері» - бұл ұшу аппараттарының арнайы аймақтары, онда төтенше жағдайлар кезінде ПҰА пайдалану үшін тестілеуден өткізуге болады.
Қазақстанда төтенше жағдайларда пилотсыз аппараттардың қатысуының төрт ықтимал түрі сыналды: 

- іздеу-құтқару жұмыстары;

- орман және тау аймақтарында өрттерді айқындау;

- су тасқыны, көшкін, сел және көшкін қаупін ерте анықтау үшін ауданды картаға түсіру;

- төтенше жағдайдан зардап шеккен аумақта уақытша ұялы байланысты қамтамасыз ету.

2019 жылы ЮНИСЕФ CESDRR-мен бірлесіп, пилотсыз ұшу аппараттарды шығаратын және пайдаланатын қазақстандық компаниялардың қатысуымен осы «сынақ дәліздері» аясында дрондардың ұшу сынақтарының үш кезеңін өткізді. Сынақтар Қазақстан мен Қырғызстанның төтенше жағдай мамандарына дрондармен жұмыс істеу және ұшудан кейін мәліметтерді өңдеу дағдыларын алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті және ЮНИСЕФ төтенше жағдайлар кезінде пилотсыз аппараттарды қолдануды күшейту жөніндегі бірлескен бастаманың екінші кезеңін бастайды.

Қытайда жаһандық климаттың өзгеруі мен табиғи апаттар қаупінің жоғарылауымен, Қытай үкіметі табиғи апаттардан болатын шығынды азайтуға және табиғи апаттар қаупін төмендетуге ауысып, табиғи апаттарды болдырмауға және кешенді түрде азайтуға көп көңіл бөлуде. Алдын ала өрістетілген жалпы ұлттық пилотсыз ұшу аппараттық жүйесі табиғи апаттарды бақылау, табиғи апаттардан кейін келтірілген залалды бағалау және табиғи апаттар кезінде байланыс орнату үшін қолданылады.

«Қазақстан Үкіметінің қолдауын кеңейте отырып, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі төтенше жағдайларды басқарудағы пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану бойынша бірлескен бастаманы жалғастыруға, әсіресе, жергілікті жеке меншік компаниялармен ынтымақтастықты қарастыруға ниетті. 

Қытай үкіметінің төтенше жағдайларға дайындығы және оларға іс-әрекет ету саласындағы мемлекеттік-жеке меншік тәжірибесі Қазақстанда жобаны жалғастыру үшін өте пайдалы», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Вероника Ващенко.


«Қытай да, Қазақстан да, әлемнің көптеген елдері сияқты, табиғи апаттардан қорғалмаған және біз бұл апаттар экономикалық және әлеуметтік дамуға әсер етуі мүмкін екенін білеміз. Бүгінгі алмасу бізге төтенше жағдайларды басқару және балалардың мүддесіндегі апаттар қаупін азайту саласындағы терең ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастыруға мүмкіндік береді деп шын жүректен үміттенемін», - деп бөлісті Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық және серіктестік мәселелері жөніндегі аға кеңесші д-р Алисон Дженкинс, ЮНИСЕФ, Қытай.

Деректерді жинау және талдау үшін пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану әлеуетін арттыру бойынша Қазақстан және Орталық Азия ТЖМ қызметкерлеріне арналған оқу жаттығулары ЮНИСЕФ-тің қолдау бастамасының екінші кезеңінің бөлігі болады.

«Пилотсыз аппараттармен жұмыс қазіргі уақытта CESDRR үшін ең инновациялық және болашағы зор бағыттардың бірі болып табылады.
Тікұшақтарда ұшу уақыт, шығын және қажетті күш тұрғысынан қиын екенін түсінеміз.
Пилотсыз ұшу аппараттарының болуы бізге келтірілген нұқсанды бағалауға және табиғи апаттан кейінгі жағдайды нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. ЮНИСЕФ-тің қолдауымен біз ұшудан кейінгі деректерді өңдеу мен талдауға басымдық береміз», - деді CESDRR директорының орынбасары Марат Хасенов.

2017 жылдан бері ЮНИСЕФ өмірге қауіп төндіретін жағдайларды алдын алу мен қажетті күнделікті дағдыларды меңгеруді қоса, әлемдегі ең осал балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету және олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану болашағын зерттеп келеді.

 

Редакторларға ескерту

ЮНИСЕФ өзінің барлық әрекеттін әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау үшін бағыттайды. Біз өз серіктестерімізбен бірге ең осал және оқшау қалған балаларды қамту үшін бар күшді шоғырландырып, осы міндеттемені балалардың игілігі үшін 190 ел мен аймақта қызмет атқарамыз.
ЮНИСЕФ және оның балаларға арналған жұмысы туралы қосымша ақпаратты www.unicef.org/kazakhstan сайтынан қараңыз. Қазақстанда ЮНИСЕФ-ті InstagramFacebook және Twitter-де бақылаңыз.

Көбірек ақпарат алу үшін коммуникация жөніндегі маман Эльвира Яушевамен хабарласыңыз, тел.: +7 707 109 8553; eyausheva@unicef.org

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.