ҚАЗАҚСТАН, ЕО және ЮНИСЕФ қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды реинтеграциялау және қолдау бойынша ынтымақтастықты жалғастырады

Үйлестіру кездесуінде қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды қолдау шаралары қарастырылды және балалардың білім алуға, қорғауға және әлеуметтік қолдауға қолжетімділігін қамтамасыз ету қадамдарды талқыланды.

23 ақпан 2024
Сәуле балаларымен – Джамиль, Әміре, Айша
UNICEF/2023/GalinaSorokina

АСТАНА, 23 ақпан 2024 жыл - Бүгін Еуропалық Одақтың (ЕО), БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын одан әрі реинтеграциялау мәселелері бойынша үйлестіру кездесуін өткізді.

Кездесуде өмірінің бір бөлігін қақтығыс аймақтарында өткізген балаларды қоғамға одан әрі реинтеграциялау үшін балаларды қорғау және әлеуметтік қолдау жүйесін күшейту мәселелері қаралды. Жергілікті атқарушы органдарға және мектептерге балаларды әлеуметтендіру және оқыту жұмыстарында көмектесу бойынша бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Кездесуге қатысушылар балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып қызмет көрсету, сондай-ақ жергілікті деңгейде әлеуметтендіру бағдарламалары мен қызметтерінің тиімділігіне мониторинг жүргізу бойынша білім беру және балаларды қорғау саласындағы мамандардың құзыреттілігін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров: "Ең алдымен, оралған балаларды қоғамға  біртіндеп реинтеграциялау мәселелерінде елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, біздің балаларымыз әлі де психологиялық және әлеуметтік қолдауды қажет етеді, осыған байланысты осы бағыттағы өскелең ұрпақпен жұмыс әлі де өзекті және маңызды болып келеді", -деп атап өтті.

«Бүгінгі кездесу қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды реинтеграциялау бағдарламаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше айқын көрсетті. ЮНИСЕФ, ЕО және Қазақстанның күш біріктіруі әрбір қадам сол балалардың әл-ауқаты мен болашағын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жағдайға сәтті бейімделуінің кепіліне айналады», - деді Талғат Қалиев,Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

Сарапшылар балалардың психологиялық саулығын, денсаулығын және дамуын қолдау үшін ата-аналар мен қамқоршылардың білімі мен дағдыларын жетілдіру маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Біз Қазақстанда бірнеше жылдан бері қақтығыс аймақтарындағы балаларды реинтеграциялау бойынша маңызды бағдарламаны қолдап келеміз. ЮНИСЕФ, Еуропалық Одақ және Қазақстан билігі арасындағы ынтымақтастық балаларды қоғамға сәтті бейімдеу үшін жағдай жасауға бағытталған, ал біз оң нәтижелерге куә болуға қуаныштымыз», - деді Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі.

«Біздің ортақ мақсатымыз – қақтығыс аймағынан оралған әрбір баланың басынан өткен жағдайдан кейін қалпына келуі үшін қажетті қолдау алуын, үйренуге, дамуға, Қазақстанның мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алуын қамтамасыз ету», - деді Летисия Баззи-Вейл, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің м.а.

Бірлескен ынтымақтастық аясында қақтығыс аймақтарынан оралған балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін тәжірибе алмасуды ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

Қақтығыс аймақтарынан оралған балаларға көмектесумен қатар тараптар барлық осал балаларды сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы балаларды қорғау жүйесін нығайтуды талқылады. ЮНИСЕФ серіктестерімен бірлесе отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті.

Қазақстан Ирак пен Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарынан өз азаматтарын қайтарған алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қазақстанға барлығы 526 бала оралды. Оларға Қазақстандағы өмірге бейімделу үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді.

Қосымша ақпарат:

«Орталық Азия мемлекеттеріне қақтығыс аймақтарынан, бірінші кезекте Сирия мен Ирактаноралған азаматтарына ЕО-БҰҰ қолдау көрсету» бағдарламасы Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылады және қақтығыс аймақтарынан оралған әйелдерді, балаларды және отбасыларды қолдауға, оларды жергілікті қоғамға табысты реинтеграциялауға, сондай-ақ қорғалуын және әлеуметтік қызметтерге, білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2023 жылы Қазақстанда аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың екінші кезеңі басталды.

Бұған дейін Қазақстанда бағдарламаның бірінші кезеңі аясында ЮНИСЕФ қолдауымен оралған балалармен жұмыс істейтін және психоәлеуметтік қызметтер мен кәсіби көмек көрсететін мамандарды оқыту және қолдау көрсету үшін Ұлттық ресурстық орталық құрылған болатын.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

Еуропалық одақ  – Еуропаның 27 елінің экономикалық және саяси одағы. Ол адамның қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, заң үстемдігі және адам құқықтарын, соның ішінде азшылық өкілдерінің құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Ол әркімнің игілігі үшін қоғамның, қоршаған ортаның және экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсатында жаһандық деңгейде жұмыс істейді. ЕО ұжымдық түрде әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмек доноры болып табылады. Еуропалық Одақ жыл сайын қақтығыстар мен табиғи апаттардың миллиондаған құрбандарына көмек көрсетеді. ЕО-ның Қазақстандағы қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің веб сайтына кіріңіз және оның Instagram,Facebook, LinkedIn, iTwitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын бақылаңыз.

Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің баспасөз қызметі: Delegation-Kazakhstan-pic@eeas.europa.eu

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Өзсеріктестерімен бірге ЮНИСЕФ 190 ел мен аумақта әсіресе аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту мәселесіне ерекше назар аудара отырып; әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлықбалалардың игілігі үшін өз міндеттемелерін орындау үшін аянбай еңбек етеді.

ЮНИСЕФ қызметі туралы толығырақ мәлімет www.unicef.org веб-сайтында берілген.

Біздің Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға жазылыңыз.