Қазақстандық құтқарушылар дрондарды басқаруды үйренуде

Нұр-Сұлтанда төрт күндік семинарды ЮНИСЕФ-тің Нью-Йорктегі ЮНИСЕФ Инновациялар Кеңсесінің қолдауымен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

12 Қазан 2020
drones
UNICEF

Практикалық тренинг ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ТЖ саласындағы ұшқышсыз авиацияны дамыту бойынша жобасының кезеңдерінің бірі болды. Бұл бағыттағы жұмыс 2018 жылдан бастап жүргізілуде және бірінші кезекте балалар мен олардың отбасыларының қатысуымен қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін ұйымдастырылды.

Бұл үшін ЮНИСЕФ-тің қолдауымен еліміздің екі өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында және Ақмола облысының Ерейментау ауданында «тесттік дәліздер» ашылды, онда ҚР әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ҰҰА-ларын пайдалану технологиялары пысықталуда.

Тренингке қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Вероника Ващенко бейнебайланыс арқылы жобаның бірінші кезеңін іске асыруды қорытындылап, қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.  

«Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің мамандарымен бірлесіп аталған дәліздерде ҰҰА-ларын тестілеу жүргізілетін негізгі бағыттар айқындалды - ҰҰА-ларын іздестіру-құтқару операцияларында пайдалану, орман және таулы жерлердегі өрт ошақтарын анықтау, су тасқыны, қар көшкіні, селдер, көшкіндер қатерін алдын ала анықтау үшін аумақты картаға түсіру, төтенше жағдай ауданының үстінен уақытша ұтқыр байланысты қамтамасыз ету».

Осы уақыт ішінде ЮНИСЕФ бірнеше тақырыптық дөңгелек үстелдер, соның ішінде Орталық Азия мамандарының қатысуымен Қытаймен тәжірибе алмасу бойынша онлайн-отырыс, Қазақстанда ҰҰА-ларын қолдануды ілгерілететін компаниялармен бірлесіп сынақ ұшуларын өткізді. Бұдан басқа, Қазақстанның тәжірибесі 2019 жылғы сәуірде Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің дрондардан Бірінші Жаһандық кездесуінде ұсынылды.

ТЖ және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы Директорының Орынбасары Марат Хасеновтың айтуынша, «жоба өте өзекті және оны енгізу төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады».

Оқудан Қазақстанның сегіз ТЖ департаментінің қызметкерлері өтті. Бірінші күні құтқарушылар азаматтық қорғау саласында дрондарды пайдалану теориясын игерді. Ал алған білімдерін Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы эксперименттік алаңда пысықтады. Тренингке қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды ғана емес, ұшуларды кейінгі өңдеуді, түрлі форматтағы интерактивті карталар жасауды және рельефті 3D-модельдеуді үйренді.

 «Егер балалар туралы айтатын болсақ, бұл әсіресе жазғы, каникул кезеңінде, әсіресе ауылдық аймақтарда, балалар бос қалған кезде өзекті болады. Олар тоғандарға, пикниктерге кетеді. Бізде олар жоғалатын  кездер жиі болады. Біз іздеу топтарын бағыттаймыз. Бірақ іздеу тобының жер үсті күштерімен зерттеуі басқаша. Ұшқышсыз авиацияны, дрондарды пайдалану операциялық-құтқару жұмыстарының уақытын айтарлықтай қысқартады», - деп атап өтті өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасының бастығы Асыл Құдайбергенов.

Жобаның екінші кезеңінде ЮНИСЕФ ТЖ орталығының техникалық базасын ұлғайтуды және дүлей зілзалалардың қаупін азайтуды, сондай-ақ ТЖ жүйесі мамандарының әлеуетін арттыруды жалғастырады. Қараша айында Қытайдан келген әріптестердің қатысуымен Орталық Азия елдері үшін үздік практикалармен алмасу бойынша семинар өтеді деп күтілуде.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)
Тел: .

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter