Қазақстанда сәби мен бала өлімінің төмендеуі: сын-тегеуріндер мен перспективалар

10 Желтоқсан 2019
Baby
ЮНИСЕФ

Нұр-Сұлтан, 10 желтоқсан – Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (АМСК) балалар өліміне әсерінің тәуелсіз бағалау нәтижелері Нұр-сұлтан қаласында өткен республикалық кеңес барысында таныстырылды. Зерттеу 2000 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңді қамтыды және ЮНИСЕФ қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі енгізген патронаждық қызметтің  әмбебап прогрессивті моделінің әсерін қарастырды.

Соңғы он жылда 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі ауқымды көлемде төмендеді. Осы кезеңде 5 жасқа дейінгі балалардың 3,744 өмірі құтқарылды, оның 70%–ы (2,427 жағдай) перинаталдық жағдайда, яғни жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі бірінші аптадағы аурумен байланысты болды. 2009 жылдан бастап респираторлық асқынулардан, негізінен пневмониядан 575 баланың өмірін өлімнен құтқаруға қол жеткізілді. Сондай–ақ, туа біткен кемістіктерден болатын өлім-жітім төмендеп, 520 баланың өмірі сақталды, бұл 2009 жылдан бастап осы себептермен болатын өлім-жітімнің 47%-ға төмендегенін көрсетеді. Баланың туа біткен даму ақаулары ата-аналардың, әсіресе ананың өмір сүру салтымен тығыз байланысты. Жүктілік кезінде денсаулық жағдайын тиісінше алдын алу және мониторинг өткізу оң нәтиже береді.

Осылайша, 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім деңгейі екі есеге төмендеді. Бұл көбіне босандыру қызметінің жақсаруы, ерте босану кезінде күтім жасалуы, балалардағы ауыр жұқпалы ауруларды емдеу (пневмония, диарея, жаңа туған нәрестелердегі сепсис сияқты) және тамақтанудың қатты жетіспеушілігін алдын-алу нәтижесінде орын алды.

Қазақстанда нәрестелер мен балалар өлімін төмендетуге амбулаторлық қабылдау, үйде патронаждық қызмет көрсету  және кең таралған аурулар мен жарақаттарды емдеу, сондай-ақ ана, әке, бала және отбасын жоспарлау мәселелерін қамтыған алғашқы медициналық-санитарлық көмегі (АМСК) үлкен үлес қосты.

"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тиімді алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету халықтың денсаулығын жақсартуға, қажетсіз ауруханаға жатқызудың көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келіп, әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің төмендеуіне әсер етеді", - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев.

АМСК жүктілік кезінде және босанғаннан кейін күтім жасау, сондай-ақ отбасыны жоспарлау, оның ішінде контрацепция ұсыну бойынша қызметтердің арқасында балалар өлімінің төмендеуіне ықпал етеді. Пневмониядан болатын өлім-жітімді төмендету АМСК-тің алдын алу және басқа да шараларына, оның ішінде иммундауға байланысты орындалды. Сондай-ақ, бағалау патронаждық қатысудың жаңа моделі сыналған өңірлерде,  ауылдық аудандарды қоса алғанда әдейі болмаған жарақаттан, пневмониядан өлім-жітімнің едәуір төмендегенін көрсеткен. 

Алайда, есепте 2018 жылы өлім-жітімнің төмендеу тенденциясы тоқтатылған деп көрсетілген. Зерттеу мәліметтері бойынша соңғы 10 жылда ұлдар қыздарға қарағанда (57% ұлдарды) жиі өліп, ауылдық жерлердегі балалар да қала балаларына қарағанда әлсіз болады екен. 5 жасқа дейінгі балалар өлімі жағдайларының жартысынан көбісі өмірінің бірінші айы ішінде болады. 

"Бала туғанға дейінгі және туғанғаннан кейінгі аптада бала жағдайына ерекше күш салу керек (инвестиция салу қажет), бұл келесідегідей үш есе қайтарым береді: өлім-жітімді төмендетуге, өлі туған балалар санын азайтуға және ана өлімін азайтуға", - деді Қанат Суханбердиев.

1993 жылдан бастап ЮНИСЕФ Қазақстан Үкіметімен ынтымақтаса отырып, сәбилер мен балалардың өлімін төмендету мақсатында жұмыс істеп келе жатыр. ЮНИСЕФөтің қызметі барынша әлсіз (осал) балалар мен олардың отбасыларына ерекше мән бере отырып, балалардың құқықтарын тұрақты түрде ілгерілетуде Қазақстанның күш-жігерін қолдауға бағытталған. АМСК сәбилер мен балалар арасындағы өлім жағдайларын алдын-алуға себеші болуда. ЮНИСЕФ АМСК реформаларын қолдауда және елдегі нәресте өлімін төмендетуде маңызды рөл атқарып келеді.

Редакторлар үшін қосымша ақпарат:

Патронаждың дәстүрлі моделі әлеуметтік мәселелерді емес, баланың дамуының медициналық аспектілерімен жұмыс істеуге және бағалауға бағытталған. Патронажды қызмет көрсетудік әмбебап моделінің анықтамасы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі медбикелер немесе делдалдардың - тиісті учаскелердегі денсаулық сақтау саласы  қызметкерлерінің  тіркеу учаскесінде әрбір баланы қамтуға, тәуекелдерді бағалауға,  әлеуметтік-экономикалық, кедейлікке немесе экологиялық жағдайларға байланысты болуы мүмкін әлеуетті тәуекелдерді анықтауға және денсаулық сақтау секторымен шектелмеген жеке іс-қимыл жоспарын әзірлеуге тиіс екендігін қамтиды. Отбасылардың  жауаптарына сәйкес бұл үлгінің осы негізгі ерекшелігі пилоттық бағдарламада байқалады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Зарина Нұрмұхамбетова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы+7 778 021 19 12 znurmukhambetova@unicef.org

Әсел Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Тел.: +7 701 640 71 87 эл. пошта: asaduova@unicef.org

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter