Қазақстанда АИТВ және басқа хроникалық аурулары бар балаларға психо-әлеуметтік қолдау көрсетудің стандарттары жақсартылады

04 Желтоқсан 2019
Social Support
UNICEF Kazakhstan

09 желтоқсан 2019 ж., Нұр-Сұлтанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және  Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «АИТВ-мен өмір сүретін және басқа хроникалық аурулары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-әлеуметтік қолдау» оқу модулің алғаш рет ұсынады. Тұсау-кесер облыстық ЖИТС орталықтарының, университеттердің өкілдері, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының және ҮЕҰ мамандары жиналатын республикалық кеңес барысында өтеді. 

Соңғы жылдары Қазақстанда АИТВ-ның жұғуы мен оның анадан балаға берілуі төмендегенімен, АИТВ жойылған жоқ. Елде АИТВ-ға шалдыққан 430 бала мен жасөспірім тіркелген. Медициналық қолдаумен қатар АИТВ және басқа созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер ерекше қолдауды қажет етеді. Осы қолдауды қамтамасыз ету мақсатында аталмыш модульдің оқу орындарындағы бағдарламаларға енгізудің жұмыс жоспары дайндалады. Модуль дәрігерлерді, психологтарды, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйелерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлерді дайындайды.

Сондай-ақ ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп АИТВ-мен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына/қамқоршыларына психо-әлеуметтік қолдау көрсету үшін мамандардың, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер мен ата-аналардың білімі мен әлеуетін дамытады. Бұл шара 2019-2021 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы АИТВ індетіне шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына психо-әлеуметтік қолдау мен бейімделуді дамыту» бірлескен бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.

Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдері келесі спикерлермен сұхбаттаса алады:

Аманова Мадина - «Ана мен бала» реабилитация орталығының психологы, Шымкент қ-сы.

Садвокасова Дамежан - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Малюта Руслан – ЮНИСЕФ-тің АИТВ/ЖИТС және жасөспірімдер денсаулығы бойынша маманы.

Іс-шаранының өткізілетін орны мен уақыты: Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж. 09 желтоқсан, Рэдиссон отелі,  Сарыарқа д-лы, 4, «Сарыарқа 3» конференц залы, 1-қабат. 

Басталуы: сағат 9.30.

Аккредиттациядан өту үшін және қосымша ақпарат алу үшін: ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Әсел Садуовамен хабарласуды өтінеміз, тел. + 7 701 640 71 87, asaduova@unicef.org

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan


ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.