Қазақстандағы ЮНИСЕФ қорының жаңа өкілі Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына сенім грамотасын тапсырды

16 Мамыр 2024
a business meeting
МИД

АСТАНА, 2024 жылғы 16 мамыр Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мустафа Сарвар Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Умаровпен кездесіп, сенім грамотасын тапсырды. 

Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде ЮНИСЕФ-тің балаларға арналған әлеуметтік кепілдіктер саласындағы жобалық қызметін, сондай-ақ жанжал аймақтарынан оралған әйелдер мен балаларды қайта интеграциялауды талқылады.

Қайрат Омаров сұхбаттасушыны осындай маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға үміт білдірді. 

a business meeting
МИД

«Балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатындағы басым міндеттердің бірі. Біз Қазақстан 1994 жылы қосылған бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес балалардың өмір сүру, даму және әлеуетті толық іске асыру құқықтарын қорғауға міндеттіміз», – деді Министрдің бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауының 30 жылдығымен құттықтады. 

a business meeting
МИД

«Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғауда әсерлі табыстарға қол жеткізді және біз әрбір баланың арманын жүзеге асыру үшін жемісті ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайынбыз», – деді ЮНИСЕФ Өкілі Рашед Мустафа Сарвар.

Балалар қорының басшысы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін балалық шақты қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және тамақтану сияқты бағыттар бойынша ЮНИСЕФ-пен өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар бүкіл Қазақстан бойынша балалардың әл-ауқаты мен дамуы үшін белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.