Қазақстандағы балалардың жағдайы жайлы: ЮНИСЕФ балалардың құқықтарын іске асырудағы жетістіктер мен олқылықтардың талдауын ұсынды

18 Қараша 2019
Event
UNICEF

Нұр-Сұлтан, 19 қараша 2019 ж.  Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы жайлы талдаудың нәтижелерін ұсынды.  

Талдау 1994 жылғы Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойған мезгілден бастап 25 жыл ішінде елдің қол жеткізген бір қатар жетістіктері жайлы, оның ішінде бала және ана өлімін төмендетудегі прогресті, білім берумен қамтуды, оның ішінде мектепке дейін білім беруді ұлғайтуды және инклюзивтік білім беру үшін жағдайларды жасауды бөліп көрсетеді.

Талдау ел ішінде балалардың құқықтарын іске асыру үшін құқықтық база құрылғандығын атап өтеді. Бала құқықтары туралы конвенциядан басқа, Қазақстан бір қатар халықаралық шарттар мен құжаттарды ратификациялады және бала құқығы бойынша уәкілетті институтты құрды. 

Қазақстандағы балалардың жағдайы жайлы талдау ерекше назарды талап ететін олқылықтар мен мәселелерді белгілеп көрсетеді. Олардың ішінде – алдын алуға болатын балалар өлімінің үлесі, жарақаттанушылық, мүгедектігі бар балаларды қоса барлығына арналған сапалы білім алуға қол жетімділік, тамақтану мен балалар арасында өсіп келе жатқан семіру мәселесі, сондай-ақ барлық балалар үшін, әсіресе осал санаттағы: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар мен ерекше білім алуға мұқтаж балалар, мигрант-балалар, созылмалы аурулары бар балалар үшін тең мүмкіндіктер. 

«Осы жылы балалардың құқықтарын қорғау ісінде қос мерейтойды тойлаудамыз. 20 қарашада Дүниежүзілік балалар күні Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданғандығына 30 жыл толады. Бұл тарихтағы ең кең ратификацияланған халықаралық құжат. Қазақстан үшін де бұл күн ерекше, өйткені осы жылы тәуелсіз Қазақстанның Конвенцияға қол қойғанына 25 жыл толады», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен талдаудың презентациясы барысында.

«Соңғы 30 жылдың ішінде дүниежүзілік қауымдастық, Қазақстанды қоса алғанда, балаларға неғұрлым ұзақ, сапалы және салауатты өмір салтын қамтамасыз етіп балалар мүддесінде әсерлі прогресске қол жеткізді. Алайда, ең осал топтағы балалар үшін жағдай әлі де нашар болып қалуда», - деп белгіледі Артур ван Дизен, - «Денсаулық, тамақтану және білім беру саласындағы мәселелерден басқа, балалар климаттың өзгеруі және интернетте қудалау сияқты жаңа қауіп-қатерлерге тап болуда. Саяси ерік, ресурстарды ұлғайту, инновациялар мен жаңа технологиялар арқылы ғана Балалар құқытары туралы конвенцияның идеалдарын әлемнің барлық балалары үшін іске асыра аламыз».

Қазақстандағы балалардың жағдайы жайлы талдау балалар мен әйелдердің денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, АИТВ, сумен жабдықтау және санитария, қоршаған орта, балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғау, қоғамдық өмірге қатысуы саласындағы қолда бар мемлекеттік және халықаралық дереккөздер мен зерттеулерге жан-жақты шолу негізінде, сондай-ақ статистикалық деректерді қолдана отырып әзірленді.

Сондай-ақ дереккөздердің кең спектрі, оның ішінде фокус-топтардағы талқылау, жартылай құрастырылған сұхбаттар, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге кеңестер, аймақтық сапарлар мен жеке оқиғалар пайдаланылды. 

Талдаудың нәтижелерінің тұсаукесеріне астаналық жоғарғы сынып оқушылары қатысып, мектепке дейінгі білім алу, инклюзия, ауаның ластануы мен қоғамдық өмірге қатысуы жайлы өзінің пікірлері мен өміріндегі оқиғаларымен бөлісті. Балалар ересек адамдарды балалар мен жастардың өмірі мен болашағына қатысты сұрақтарға қатыстырып жұмылдыруға шақырды.

Халықаралық «Балалар рөлде» науқанына орай ЮНИСЕФ басшылары өз өкілеттігін астаналық мектеп оқушыларына бір күнге табыстады. Ариана Шрейдер Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі атынан пресс-брифинг қатысушыларын қошеметтеп, «үлкендер балаларды тыңдағаны және естігені маңызды» деп атап өтті.

Редакторларға арналған ескерутлер:

Балалардың жағдайын талдау – бұл талдау балалар мен әйелдердің құқықтарын жүзеге асыру саласындағы жетістіктер мен олқылықтарды анықтау үшін әрбір 5 жылда мемлекет деңгейінде өткізілетін есеп. 

Дүниежүзілік балалар күні – Дүниежүзілік балалар күні 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдауға орай жыл сайын 20 қарашада аталып өтіледі және балалардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталады. Бұл күні қоғамның кең тобына білім алу мүмкіндігі жоқ, қорғаудан және баспанадан айырылған миллиондаған баланың жағдайы туралы білу және осындай балаларға көмек көрсету үшін қаражаттар жинауды өткізу мүмкіндігі ұсынылады.

Есепті мына жерден оқи аласыз.

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.