Іздестіру-құтқару үшін арналған дрондар: ЮНИСЕФ пен Қазақстан республикасының үкіметі ұшқышсыз ұшақтарға сынақ жүргізуді бастады

ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі ұшқышсыз ұшу аппараттарына сынақ жүргізудің бірінші кезеңін аяқтады

24 Қаңтар 2019
Первый этап тестирования дронов в Казахстане
UNICEF/Muldasheva

Астана, Қазақстан, 2019 ж. 23 қаңтар - ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі оңтүстік Қазақстандағы төтенше жағдайларға дайындық жасау және әрекет ету мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарына (ҰҰА) сынақ жүргізудің бірінші кезеңін аяқтады.

Қазақстан алуан-түрлі жер бедерлері бар ірі ел болғандықтан, табиғи апаттардың барлық дерлік түрлерінің алдында осал: су тасқыны, төтенше температуралық өзгерістер, жер сілкінісі, көшкін, тасқын, дауыл мен өрт үшін осал. Жыл сайын 3000-5000-ға жуық адам жарақат алып, шамамен 4000-ға жуық төтенше жағдайда ондаған адам апатқа ұшырайды. Климаттың өзгеруі де ауа райына байланысты болатын апаттардың өсуіне әсер етеді.

Тестілеу ұшқышсыз ұшақтарды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында пайдалану үшін жүргізілді. Кейінгі сынақтар дрондардың қолданылу аясын кеңейтіп, көшкін, тасқын және орман өрттері жағдайларының қауіп-қатерін картаға түсіру және зияндылықты бағалау сияқты салаларды қамтиды. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшақтар зардап шеккен аймақтардағы коммуникацияны (Wi-Fi, телефон) уақытша қалпына келтіре алады.

«Бүгін біз төтенше жағдайларда әрекет ету және жоғалған адамдарды іздестіру үшін ҰҰА-ны қолданудың жоғары күш-қуатын көрдік. Жаңа технологияларды қолдану біздің шапшаңдылығымыз бен тиімділігімізді арттырады, осылайша көптеген өмірлерді сақтап қалуға мүмкіндік береді, қауіптерді апатқа дейін анықтауға, және сонымен қатар шығындарды қысқартуға, тіпті қоршаған ортаны ластауды азайтуға әсер етеді», - деді Ардақ Жангужинов, Алматыдағы төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығының бөлім бастығы.

Қазақстанның жартысына жуық халқы балалар мен жастардан тұрады. Төтенше жағдайларда олар әсіресе қорғансыз болып табылады, және оларға жеке қөңіл бөлуді, сондай-ақ қауіп-қатерді бағалауды және жауапты әрекет етуді алдын-ала жоспарлауды талап етеді. 2009 жылдан бері ЮНИСЕФ қазақстандық балалардың табиғи апаттарға төзімділігін арттыруға бағытталған саясатын жақсарту, оқу бағдарламаларын және стандарттарын жетілдіру, мұғалімдер мен оқушылардың білімдерін арттыру арқылы үкіметтің күш-жігерін қолдап келеді.

Қазақстандағы ұшқышсыз ұшақтарды сынау дәліздері ЮНИСЕФ-тің гуманитарлық көмек көрсетудегі ҰҰА-ны қолдануға байланысты жаһандық күш-жігерінің соңғы енгізулерінің бірі болып табылады. ЮНИСЕФ ұшқышсыз ұшақтардың дәліздерін құруға тағы басқа екі елге көмектесті. Мысалы, Вануату жақында ғана әлемдегі алғашқы вакцинаны ұшқышсыз ұшақ арқылы жеткізуді аяқтады.

«ЮНИСЕФ барлық жерде инновацияға үнемі ерекше назар аударады, оның ішінде гуманитарлық қызмет те кіреді. Заманауи технологиялар әлемді әрбір бала үшін жақсы әрі қауіпсіз ету үшін көптеген мүмкіндіктерді ұсынады», - деді Татьяна Тен, ЮНИСЕФ-тің ТЖ және қауп-қатерлерді азайту жөніндегі аймақтық маманы.

Дәліздерде сыналған барлық ҰҰА/ұшқышсыз ұшақтар жобалары ЮНИСЕФ-тің инновациялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс: ашық дереккөз, ашық деректер, ортақ, масштабтауға арналған.

Тестілеу дәліздерін қолдануға мүдделі компаниялар мен жеке тұлғалар онлайн-форманы толтыру арқылы тіркеле алады: https://bit.ly/2S5LKpD

 

#####

Редакторлар үшін қосымша ақпарат

Қазақстандық ұшқышсыз ұшақ дәлізі жайлы анонс пен Үкіметмен бірлескен  жұмыс жайлы: http://unicefstories.org/2018/10/22/dronecorridorkazakhstan/

 

ЮНИСЕФ жайлы
ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan.

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

 

Толығырақ ақпарат алу келесі байланыс арқылы хабарласыңыздар:

Зарина Нұрмұхамбетова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің Қоғаммен байланыс үйлестірушісі, тел.: +7 777 734 30 19; эл. пошта: znurmukhambetova@unicef.org

Әсел Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, тел.: +7 701 640 71 87; эл. пошта asaduova@unicef.org

Анна Стативкина, Өмірге төзімділік саласындағы ЮНИСЕФ Қазақстанның бағдарлама үйлестірушісі, +7 702 555 9110, astativkina@unicef.org

Болат Дускинов, ҰҰА-лар мен Инновация жөніндегі ЮНИСЕФ Қазақстанның кеңесшісі, +7 777 313 1180, bduskinov@unicef.org

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Бізді Twitter және Facebook аңдаңыз