ЮНИСЕФ UniSat қыздарға арналған наноспутниктерді құру бағдарламасын бастады

05 Наурыз 2020
UniSat
UNICEF

2020 жылдың  04 Наурызы, Нұр-сұлтан / Алматы – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі  UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру жобасын іске қосты.

UniSat жобасының мақсаты-наноспутниктерді әзірлеу бойынша қыздардың білімі мен дағдылаларын дамыту, сондай-ақ командада жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу, тайм-менеджмент және креативтілік  дағдыларын жақсарту болып табылады.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Вероника Ващенко "ЮНИСЕФ үшін инновация, жас адамдардың дағдыларын дамыту мен гендерлік теңдікті ілгерілету аса маңызды. Осы жылы бүкіл әлем Пекин Декларациясы мен қыздар мен әйелдердің құқықтарын арттыру  және ілгерілету бойынша әрекет ету Платформасын қабылданған сәттен бері өткен 25 жылдықты атап өтуде. Қол жеткізілген белгілі бір прогреске қарамастан, әлемде 15-19 жас аралығындағы әрбір төртінші қыз жұмысқа орналаспаған және білім алу процесіне қатыспауда. Біз осы тұста негізгі ғаламдық  проблемаларды шешу үшін инновациялық мүмкіндіктерді қолдануды көздеп отырмыз. Сондықтан, қыздардың наноспутниктер бойынша бағдарламаға қатысуы - бұл қыздар мен әйелдердің жаңа дәуірге  жасайтын үлкен қадамы болмақ. Біз UniSAT бағдарламасының нәтижелері қоғамда едәуір өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік ашатындығына сенеміз", - деді. 

UniSat жобасы аясында Қазақстанның әр аймағынан келген 14 пен 35 жас аралығындағы 20 қыз бес ай бойы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінде наноспутниктерді құру бойынша  курстардан өтетін болады.  Оқу курсы жобалау, дизайн, бағдарламалау, құрастыру, тестілеу және іске қосу сияқты кез келген ғарыш аппаратын құрудың маңызды кезеңдерін қамтиды. Жоба соңында қатысушылар наноспутниктердің модельдерін жасайтын болады.

Бағдарламаның қатысушысы Жания Көшкінбаева, 14 жас: "Мен наноспутниктерді жасауды үйренудің  керемет мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мұндай мүмкіндік  миллионға бір түседі. Бұл бағдарлама менің, сондай-ақ, жобаның барлық қатысушыларының  дамуында серпіліс  беретініне сенемін. Сондай-ақ мен наноспутниктерді әлемнің көптеген проблемаларын шешудің ең тиімді, қолжетімді және жеңіл тәсілі деп есептеймін. Мысалы, наноспутниктер ғарыштағы кемелерді қоса алғанда, алыс жерлерге қажетті материалдарды уақытылы және тез жеткізуге мүмкіндігі бар. Мен осы білімнің арқасында болашақта нанотехнологиялар бойынша  өз жобамды іске қосуға ниет етіп отырмын".

"UniSat жобасы Қазақстандағы ЮНИСЕФ пен Ғылыми-технологиялық паркінің алғашқы бірлескен жобасы болып табылады. Бүгінде наноспутниктер әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы университеттерінде және коммерциялық ұйымдарында әзірленуде. Біз бұл бірлескен жобаның Қазақстандағы қыздарға арналған STEM білімін дамытудың тағы бір маңызды қадамына айналатынына және басқа елдердегі тәжірибені трансформациялауға үлгі болатынына сенеміз", - деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің директоры Әмірхан Әділханұлы Темірбаев.

 

# Редакторларға арналған ескертпелер

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркі туралы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-технологиялық паркі жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша елдің жоғары оқу орындары жүйесінің флагманы қызметімен тікелей біріктірілген. Технопарк жаратылыстану және техникалық ғылымдар (физика, математика, химия, биология және ХН. т. б.) бойынша қолданбалы және фундаменталды зерттеулерді жүргізу үшін мамандандырылған зерттеу жабдығына ие.

Қосымша ақпаратты алу үшін келесі байланыс деректері бойынша  хабарласыңыз:

Әсел Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, Тел.: +7 777 881 05 47; asaduova@unicef.org

Светлана Өмірғалеева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корпоративтік БАҚ басқармасының жетекші маманы. Тел.: +7 727 377 31 48; Svetlana.Umyrgaleyeva@kaznu.kz

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.