ЮНИСЕФ: 175 миллион бала мектепке дейінгі біліммен қамтылмайды

Мектепке дейінгі білім бойынша ЮНИСЕФ-тің алғашқы жаһандық баяндамасы бүкіл әлемдегі көптеген үкіметтердің мектепке дейінгі білім беруіне жеткілікті қаражаттың жоқтығын көрсетеді.

10 Сәуір 2019
Children in a kindergarten in Turkestan, Kazakhstan
UNICEF/Kaliyev

НЬЮ-ЙОРК / НҰР-СҰЛТАН, 2019 жыл 9 сәуір. Бүгін жарияланған жаңа баяндамада ЮНИСЕФ 175 миллионнан астам бала - әлемдегі мектеп жасына дейінгі балалардың шамамен жартысы осы салаға жеткілікті қаражаттың жетіспеуі және ерте жылдардағы терең теңсіздіктен зардап шеккені үшін мектепке дейінгі біліммен қамтылмайды деп көрсетілген. Табыс деңгейі төмен елдерде бұл жағдай тіпті нашар, себебі тек бес баланың біреуі ғана мектепке дейінгі білім беру ұйымына барады.

Қазақстанда көптеген жылдар бойы мектепке дейінгі білімге қол жеткізу мәселесі басты мәселердің бірі болып келеді. 2010 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде мектепке дейінгі білім беруді қамту екі есе өсті. Дегенмен, көптеген балалар мектепке дейінгі білімді ала алмайды - бұл аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар және көші-қон үдерістеріндегі балалар. Қалада тұратын балалардың ауылдық жерлерде тұратын балаларға қарағанда мектепке дейінгі білімді алуға мүмкіншіліктері көп. Шамамен 54 311 ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті мектепке дейінгі білім қажет.

«Мектепке дейінгі білім - білім алудың негізі болып табылады және білім беру процесінің әрбір келесі кезеңі мектепке дейінгі білім берудің сәтті болуына байланысты, - дейді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Фор. - Бүкіл әлемде көптеген балалар мектепке дейінгі білімді ала алмайды. Бұл балаларға екінші жылда қалу қаупін арттырады, тіпті мектептен шығып кетеді және оларды өздерінің табысты құрдастарының көлеңкесінде қалуға мәжбүр етеді».

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ЮНИСЕФ-тің алғаш рет «A World Ready to Learn: Prioritizing quality early childhood education» («Дүниежүзі үйренуге дайын: мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту»), атты ең алғашқы жаһандық баяндамасында, кем дегенде бір жыл мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқыған балаларда мектепте табысқа жету үшін қажетті өмірлік дағдыларды иелену ықтималдығы жоғары, екінші жылда қалу немесе мектептен шығу қаупі төмен, сондықтан олар өсіп, бейбіт және гүлденген қоғамдар мен елдердің дамуына өз үлестерін қоса алады.

Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар мұндай біліммен қамтылмаған балаларға қарағанда бастауыштағы сабақтарды екі есе жылдам меңгереді. Мысалы, Непалда мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларда бастапқы оқу және есептік дағдыларды иелену ықтималдығы 17 есе жоғары болған. Көптеген балалар мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген елдерде, әлдеқайда көп балалар бастауыш мектепті аяқтайды және оқу мен математика бойынша қажетті дағдыларға ие болады.

Баяндамада көрсетілгендей, мектепке дейінгі мекеменің жұмысына әсер ететін негізгі факторлар - тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету, ананың білім деңгейі және географиялық орналасуы. Сонымен бірге, жоқтық – басты факторлардың бірі болып қалуда. Осылайша, 64 мемлекеттегі табысы аз отбасылардан шыққан балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылу ықтималдығы әл-ауқаты жақсы отбасылардан шыққан балаларға қарағанда жеті есе аз. Кейбір елдерде байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық одан да айқын. Мысалы, Солтүстік Македонияда ең бай отбасылардың балаларының кедей отбасылардың балаларына қарағанда мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бару ықтималдығы 50 есеге көп.

Тағы бір фактор - табысты білімнің циклдік сипаты. Деректерге сәйкес, кейбір елдерде аналары орта немесе жоғары білім алған балалар аналары тек бастауыш білім алған немесе тіпті ресми білім алмаған балаларға қарағанда мектепке дейінгі білім берумен бес есеге көп қамтылған.  

2017 жылы бүкіл әлемде мектепке дейінгі білімге орташа есеппен 6,6% мемлекеттік қаражат бөлінген. Еуропада және Орталық Азияда мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік қаражатының үлесі ең жоғары болып табылады - бюджеттік қаражаттың 11% -нан астамын құрайды.

«Мектепке дейінгі білім беруге инвестиция салу сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мұғалімдерді дайындау үшін маңызды. Қазақстанда мектепке дейінгі білім беруді ары қарай қаржыландыру әлеуметтік жағдайлары әр түрлі және басқа да қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім алуда теңдей мүмкіндіктерге қол жеткізуге өз септігін тигізеді. Сапалы білім болашақта балалардың табысты болуына және олардың гүлденген қоғам мен елдің дамуына зор үлес қосуына мүмкіндік береді», - деп ЮНИСЕФ-тің Балалар құқықтарын қорғау бағдарламасының координаторы Татьяна Адерихина атап өтті.

 

###
 

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс құралдары арқылы хабарласыңыздар:

Балнұр Құралова, көші-қон мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман, тел.: +7 701 910 08 08; эл. мекен-жай: bkuralova@unicef.org

ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпаратты сайттан таба аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan. ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылыңыздар.

 

Медиа байланыс

Балнура Куралова

Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.