ЮНИСЕФ өкілі және БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Түркістандағы бірқатар медициналық мекемелерге барды

ЮНИСЕФ–тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен және БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Түркістан қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерге барды

22 Қараша 2021
Arthur van Diesen and Michaela Forsberg visiting Turkestan
Arthur van Diesen and Michaela Forsberg visiting Turkestan

2021 жыл 23 қараша, Түркістан – ЮНИСЕФ–тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен және БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Түркістан қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерде олардың қызметімен және ЮНИСЕФ жобаларын қала мен өңірде енгізу нәтижелерімен танысу мақсатында болды. Сапар барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен ресми кездесу өткізіп, қалалық емханаға, балалар ауруханасына және балалар жасындағы ауруларды біріктіріп қарау жөніндегі ресурстық орталыққа (БЖАБЖ) барды.

«Біз Түркістан облысымен білім беру және денсаулық сақтау саласында көптен бері ынтымақтасып келеміз», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен. «2019 жылы ЮНИСЕФ Түркістан облысына жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін әзірлеу мен енгізуде қолдау көрсетті. Осы бағдарламаның арқасында бес жасқа дейінгі балалары бар аналар мен отбасыларға күтімді жақсарту үшін патронаждық медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлердің мүмкіндіктері кеңейтілді. Мен бүгін бағдарламаның сапалы жұмыс істеп, отбасыларға көмектесетініне жеке көз жеткізе алғаныма өте қуаныштымын». Артур ван Дизеннің айтуынша, ЮНИСЕФ бұл бағдарламаны одан әрі қолдауды жалғастыратын болады.

Білім беру саласында ЮНИСЕФ мемлекеттік және халықаралық әріптестермен бірлесіп, GIGA-ның ауыл мектептерін интернетке қосу жөніндегі жаһандық бастамасын іске асыруда. Дүйсенбіде ЮНИСЕФ делегациясы бастамаға қатысатын Түркістан облысының бес мектебінде болды. Қазіргі уақытта облыстың 38 мектебінің жиырма мыңға жуық оқушысы интернетке қол жеткізеді.

“COVID-19 індетінің нәтижесіндегі қазіргі жағдай бізге балалар мен олардың қауымдастықтары үшін инклюзивті байланыс, онлайн оқыту және басқа да бастамалардың және экономиканы ынталандырудың маңыздылығын көрсетті. GIGA бастамасы арқылы біз ешкімді қалдырмай ең осал балалар мен қауымдастықтарға қол жеткізуіміз керек. Сандық теңсіздікті жою жаһандық ынтымақтастықты, көшбасшылықты және қаржы мен технологиядағы инновацияны қажет етеді",- деп белгілеп өтті Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі

ЮНИСЕФ халықтың неғұрлым осал санаттарына ерекше назар аудара отырып, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өз мандатына сүйеніп, Түркістан облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және қоғамдық денсаулық басқармасымен серіктестікте осы жылы жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) базасында жасөспірімдерге арналған онлайн-консультация беру бағдарламасын енгізді. Онлайн-қызмет көрсетулерді енгізу - Денсаулық сақтау кодексіне және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасына сәйкес Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасады. ЖДО мамандары онлайн-кеңес беру қызметтерін ұсынуға үйретіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына сыртқы бағалау жүргізілетін болады. Негізгі мақсат - бағдарламаны ұзақ мерзімді кезеңге тұрақты және тиімді ету.

 

Редакторларға арналған ақпарат:

Жүкті әйелдер мен жас балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау секторларының, әсіресе неғұрлым осал отбасылардың мәселелерін шешуде неғұрлым тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Бұл модель қауіптерді ерте анықтау, босанғанға дейінгі жоғары сапалы көмек көрсету саласында өзін танытты және нәтижесінде өңірдегі жас балалар арасындағы өлім-жітім мен ауру-сырқаудың төмендеуіне ықпал етті. Модель шеңберінде ЮНИСЕФ Түркістан әкімдігімен тығыз ынтымақтастықта балалар ауруларын кешенді жүргізу жөніндегі Ресурстық орталық құруды қолдады. Орталық кең білім ұсынады және медициналық қызметкерлерге балалары бар отбасыларға ең жақсы күтім жасауға мүмкіндік беретін білім беруді жалғастыруда. Жаңа әмбебап прогрессивті модель жеке адамдардың, отбасылардың және жалпы қоғамның денсаулығына, дамуы мен әл-ауқатына ұзақ мерзімді әсер етеді.

GIGA - бұл әр баланы сапалы білім алуға және одан әрі қызметті таңдауға кең мүмкіндіктер спектрімен қамтамасыз ету үшін әр мектепті кең жолақты интернетке қосу жөніндегі жаһандық бастама.

Жобаның мақсаттарының бірі жалпы бүкіл ел үшін және жеке алғанда әрбір азамат үшін цифрлық байланысты қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым құру болып табылады. Бүгінгі таңда табысы төмен елдердегі үй шаруашылықтарының 70% бекітілген кең жолақты байланыс желілерімен әлі қамтылмаған.

Бүгінгі таңда әлемнің 41 елінде 1 000 0000 мектеп жоба картасына енгізілді, ал 3200 мектеп жобаның серіктесі болды. ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Қазақстанда олардың қатарына Түркістан облысының 38 ауыл мектебі енді.

GIGA бастамасын табысты іске асыру барлық елді мекендерде қосылған мектептер үлгісінде оң әсерін тигізді: «Болашақ» негізгі орта мектебі (Ақбұлақ а.), «А.Тілеубердин» атындағы орта мектеп (Шағыр а.), «Қабылсай» орта мектебі (Қабылсай а.), «Теміржолшы шағын жинақталған бастауыш мектебі» бастауыш мектебі (Талдықұдық а.), «БІРЛІК ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ» бастауыш мектебі (Лесхоз а.). Өйткені, ақпарат пен білімнің жаһандық көзіне қолжетімділік өңір әлеуетінің өсуі мен іске асырылуы үшін шексіз мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

GIGA бастамасы аясында бірқатар мектептерді кең жолақты интернетке қосу Түркістан облысының Әкімдігі мен ЮНИСЕФ арасында бұрын қол қойылған жұмыс жоспарына енгізілді. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ЮНИСЕФ және Халықаралық Электр байланысы одағы арасындағы 2021 жылғы 19 мамырдағы GIGA бастамасын бірлесіп іске асыру жөніндегі Меморандумға да кіреді.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.