ЮНИСЕФ Қазақстанның волонтері Дүниежүзілік балалар күніне орай танымал британдық актрисамен сұхбаттасты
НҰР-СҰЛТАН, 2020 жыл 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры Instagram-да атақты британдық актриса, модель, ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі Милли Бобби Браунмен жүргізген Ақтөбе облысының Шұбаршы ауылынан келген 18 жастағы Айбанудың сұхбатының бейнежазбасын жариялады. ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісінің қазақстандық оқушымен сұхбаты Дүниежүзілік балалар күнін тойлау аясында өтті. Бір апта ішінде ЮНИСЕФ-тің жаһандық ізгі ниет елшілері болып табылатын атақты тұлғалар әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастармен оларға маңызды проблемалар, соның ішінде COVID-19 пандемиясына, климат пен білімнің өзгеруіне байланысты мәселелер мен олардың болашақты қалай елестете алатындығы туралы сөйлесті.
Айбану Назарбаев Зияткерлік мектебін тамамдауда. Ол Қазақстандағы карантин кезінде ЮНИСЕФ-тің #ПайдасыБарКарантин волонтерлік бағдарламасына қатысып, бірден-бір белсенділік танытқан тұлғалардың бірі. Ол Милли Бобби Браунмен өз қызметі, карантин кезінде адамдарды қалай қолдағаны, сондай-ақ, стресс пен үрейді қалай жеңуге көмектескені және оларға COVID-19 бойынша ақпараттарды қандай ақпарат көздерінен алу керектігін көрсеткені жөнінде бөлісті.
Айбанудан басқа, сұхбатқа Танзаниядан келген 17 жастағы Эммануэль мен Америка Құрама Штаттарынан келген 14 жастағы Гитанжали да қатысты. Білім беру, психикалық денсаулық және технологиялық инновациялар мәселелері талқыланды.
Төртінші жыл өткізілген Дүниежүзілік балалар күні тиісті денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру және қорғау құқығынан айрылған миллиондаған балалардың хабарлылығын арттыруға және олардың қаржылық көмек алуына бағытталған.
COVID-19 пандемиясы кесірінен үлкен еңбекпен қол жеткізілген балалардың құқықтарын қорғау және оларды алға ілгерілету бойынша жетістіктер қауіпке ұшырады. Әлем бойынша кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатқан балалардың шамасы 15 пайызға артып, саны шамамен 1,2 миллиардты құрады. Егер пандемия осылайша күш алатын болса, Денсаулық сақтау жүйесі әлсіреп, әдеттегі қызметтердің жұмыс істеу қалпы бұзылып, кем дегенде 24 миллион бала мектептен кетіп, күн сайын мыңдаған бала қайтыс болу қаупіне ұшырауы мүмкін. Қозғалыстың шектелуі мен мектептердің жабылуы зорлық-зомбылықтың, қатігездік пен қанаудың қаупін арттырып, балаларды мұғалімдермен, достармен және қауымдастықтармен қатысу мүмкіндігінен айырды.
16 жастағы Милли Бобби Браун 2018 жылы тарихтағы ЮНИСЕФ-тің ең жас ізгі ниет елшісі болды. Ол халықаралық назарға және сыншылардың мақтауы мен марапаттарына ие болған Netflix арнасынан көрсетілген "Өте оғаш істер" сериалындағы "Он бір" атты қыздың рөлін орындауымен танымал болды. Браун Эмми сыйлығының екі бөлек номинациясына, сонымен қатар сериалдағы жұмысы үшін Кино актерлері гильдиясының екі бөлек номинациясына ие болған атақты жан.
2019 жылдың мамырында Браун "Годзилла: Құбыжықтар королі" толықметражды фильмінде дебют жасады, сондай-ақ, Нэнси Спрингердің әйгілі атақты кітаптар сериясына негізделген "Энола Холмс құпиялары" сериясын продюсерлеп қана қоймай, онда басты рөлдердің бірі әйгілі детектив Шерлок Холмстың қарындасын сомдады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Эльвира Яушева
ЮНИСЕФ-ің Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы
Тел: +7 707 109 8553
Электрондық пошта: eyausheva@unicef.org
ЮНИСЕФ туралы: Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) біз жасаған барлық істерде әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды. Серіктестерімізбен біргебіз ең осал және жағдайы төмен балаларға көмек көрсету үшін 190 елде жұмыс істейміз. ЮНИСЕФ және оның Қазақстандағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan веб-сайтына кіріңіз. Instagram, Facebook және Twitter-де Қазақстандағы ЮНИСЕФ-ті бақылап жүріңіз.
Медиа байланыс
О ЮНИСЕФ:
ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.
Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.
Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter.