ЮНИСЕФ Қазақстандағы балаларды қорғау мәселесіне қатысты арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту бойынша консультациялар өткізді

26 Маусым 2019
Консультации в Нур-Султане
Nursultan Baibulin

26 маусым 2019, Нұр-Сұлтан - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті халықаралық сарапшылармен, мемлекеттік органдар, академиялық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдерімен Қазақстан Республикасында балаларды қорғау мәселесіне қатысты арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту бойынша консультациялар өткізді. Консультациялардың мақсаты - ата-анасының қамқорлығынсыз қалу қаупі бар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді дамытудың негізгі басымдықтары мен бағыттарын талқылау.                                                                                                                                                                                                                   

Әлеуметтік көмек, мамандандырылған қызметтер және балалы отбасыларды қолдау бойынша бірқатар басқа мақсатты бағдарламалардан тұратын Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың жеткілікті дамыған және прогрессивті жүйесі бар. Алайда, балаларды қорғау бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында заңнамада да, әлеуметтік қызметтер стандарттарында да ұсынылатын бірқатар түзетулер бар.

Консультациялар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалe қаупі бар балаларды қорғауда арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың Қазақстанда жүргізген негізгі зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Халықаралық сарапшылар Стела Григораш пен Джо Роджерс арнайы қызметтердің сапалы болуы үшін балаларды қорғау жүйесі үкімет тарапанын реттелуі қажет деп атап өтті.

«Интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балаларды отбасымен қайта біріктіру бала қорғау жүйесінің негізгі мақсаты болуы керек. Балалардың қажеттіліктерін бағалау әдістемесі және оны қолдану Қазақстанның арнайы әлеуметтік қызметтерін жақсартуға көмектеседі. Бұл үдерісті жақсы тәрбиеленген әлеуметтік қызмет көрсету және баланы қорғау қызметкерлері қолдау қажет», - деді Джо Роджерс, Оксфордтық саяси басқару компаниясының (Oxford Policy Management) балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі сарапшысы.

Сонымен қатар, консультациялар барысында қатысушылар қызметтерді дамыту және институционалдық трансформацияларды басқару саласындағы өзге елдердің басымдықтары мен негізгі үрдістерімен танысты. Қатысушылар баламалы қамқорлық жөнінде және БҰҰ-ның Балаларға баламалы қамқорлық көрсету жөніндегі нұсқаулығына сәйкес стандарттарды талқылады.

«Отбасы қоғамның іргесі және балалардың өсуі, әл-ауқаты мен қамқорлыққа бөленуі үшін табиғи орта болып табылады. Ең алдымен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасыда қалуын немесе ата-анасына әлде жақындарына оралуын қамтамасыз ету үшін күш жұмсау қажет», - деп ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен атап өтті.

 

###

Редакторларға арналған ескерту:

БҰҰ-ның Балаларға баламалы қамқорлық көрсету жөніндегі нұсқаулығы Бала құқықтары туралы конвенция мен басқа да халықаралық құжаттардың ата-ана қамқорлығынсыз қалған немесе қалу қаупі бар балаларды қорғау мәселесіне қатысты тиісті ережелердің орындалуына септігін тигізуге бағытталған. Толығырақ:

https://www.unicef.org/spanish/videoaudio/PDFs/100407-UNGA-Res-64-142.ru.pdf

 

Медиа байланыс

Балнура Куралова

Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.