ЮНИСЕФ және Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі стратосфераға наножерсерікті ұшырды

02 Қараша 2020
Launch of nanosatellites
UNICEF

2020 жыл 30 қазан, Нұр-Сұлтан қаласы - Бүгін UniSat білім беру бағдарламасына қатысқан 20 қыз стратосфераға гелий шарының көмегімен ең заманауи наножерсерікті ұшырды.

UniSat - бұл БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Ғылыми-технологиялық паркінің білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама аясында Қазақстанның түрлі өңірлерінен 14-35 жас аралығындағы 20 қыз бес ай бойы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінде наножерсеріктер жасау курстарында оқыды. Курс жобалау, дизайн, бағдарламалау, құрастыру, сынау және ұшыру сияқты кез келген ғарыш аппаратын жасаудың маңызды кезеңдерін қамтыды.

UniSat бағдарламасының мақсаты наножерсеріктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және шығармашылық тапқырлық сияқты дағдыларды жетілдіру болып табылады.

Наножерсеріктер - салмағы 10 кг-нан аспайтын шағын ғарыш аппараттарының класы. Бүгінгі таңда наножерсеріктер әлемнің көптеген жетекші университеттерінде және коммерциялық ұйымдарда әзірленуде. UniSat жерсеріктері білім беру мақсаттарына арналған. Олар бірнеше камералармен жабдықталған, олардың бірі 4K ажыратымдылығымен Жердің эллиптикалық бейнесін түсіре алады.

Ұшырылғаннан кейін наножерсерік жоғары ажыратымдылықтағы Жердің таңғажайып суреттерін түсірді. Датчиктер сәулелену, қысым, ауырлық, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинады, ал үлкен көлемдегі мәліметтер, бейнелер мен суреттер талдау үшін Жерге қайта жіберілді.

ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі арасындағы маңызды серіктестік шеңберінде 20 қыз бен жас әйел аэроғарыш саласындағы жетекші сарапшылардан 3D-модельдеу, бағдарламалық басқару блоктарын жобалау, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдылары, Linux-тағы коммуникациялар мен бағдарламалау негіздері туралы білім алды.

«UniSat бастамасы қыздар мен әйелдердің ғылым мен техниканың шекарасын кеңейтудегі әлеуетін көрсетеді», – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен. «Бүгінгі таңда наножерсерікті ұшыру - бұл біздің жобаға қатысқан қыздар мен әйелдер үшін үлкен жетістік қана емес. Ол сондай-ақ үлкен символдық құндылыққа ие және  Қазақстандағы көптеген қыздарды ғылым, техника, машина жасау және математика саласындағы білім мен мансапты жалғастыруға шабыттандырады деп үміттенеміз».

Бағдарлама қатысушыларға өздеріне сенімді болуға және олардың болашағы үшін жаңа идеялар алуға көмектесті.

Болашақта, ЮНИСЕФ инновациялық краудфандинг пен демеушіліктің, сондай-ақ жерсеріктердің өздерін жетілдірудің арқасында жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

# Редакторлар үшін ескертпе

ЮНИСЕФ: Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) біз жасаған барлық істерде әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды. Серіктестерімізбен біргебіз  ең осал және жағдайы төмен балаларға көмек көрсету үшін 190 елде жұмыс істейміз. ЮНИСЕФ және оның Қазақстандағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan  веб-сайтына кіріңіз. InstagramFacebook және Twitter-де Қазақстандағы ЮНИСЕФ-ті бақылап жүріңіз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі

Технопарк бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша еліміздің университеттік жүйесінің қолбасшысы - Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Технопаркте жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында (физика, математика, химия, биология және көптеген басқалары) қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізу үшін мамандандырылған зерттеу жабдықтары бар.

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter