ЮНИСЕФ және КАЗПОЧТА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

25 Шілде 2019
подписание меморандума с Казпочтой
UNICEF/Zhagiparov

25 шілде, Нұр-Сұлтан - БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен және «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Меморандум аясындағы серіктестік Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған және келесі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қамтиды:

 

  • Балалар мен жастардың мүдделерін алға бастыруда бизнестің рөлін нығайту;
  • Бірлескен ақпараттық науқандар, іс-шаралар және материалдарды тарату арқылы балалардың құқықтарын жүзеге асырудағы халықаралық стандарттар мен сәтті тәжірибе туралы халықтың хабардарлығын арттыру;
  • Донорлық мәдениетті насихаттау және әлеуетті донорлар мен серіктестерге балалар үшін жүйелі жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай жасау.

 

Меморандумға қол қою барысында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен серіктестік қарым-қатынастарды құрудың маңыздылығын айта отырып, бизнес сектордың балалардың жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқара алатындығын атап өтті.

«Біз балалардың сапалы қызметтерге, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғауға тең қол жетімділігін жақсарту үшін жүйелі өзгерістерді жасауға дайын компанияларды қолдаймыз. Бүгін біз бүкіл Қазақстан бойынша пошта, қаржылық және электронды қызметтерді ұсынатын «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз. Меморандум аясындағы жұмыс елдегі балалардың әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған», - деді Артур ван Дизен.

«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов:

«ЮНИСЕФ - бүкіл әлемдегі балалардың мүддесі үшін әрекет ететін ең беделді ұйымдардың бірі. «Қазпочта» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде балалар мен жастардың мүдделері үшін жобалар мен ақпараттық науқандарды қолдауға дайын. Сондай-ақ, мен Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанының 25 жылдығына орай биыл біз мерейтойлық пошта маркасын шығаратындығымызды қуана хабарлаймын».

 

 

ЮНИСЕФ туралы:

ЮНИСЕФ ең мұқтаж балаларды қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс жасайды. Біз қызметімізді 190 елде және аумақта әлемді баршаға жақсырақ етуге тырыса отырып, бүкіл әлемдегі әр баланың игілігіне жүзеге асырамыз. ЮНИСЕФ және оның қызметі туралы қосымша ақпаратпен сайттан танысып шығуға болады: www.unicef.org.

Біздің Twitter, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі қызметкерлермен хабарласа аласыздар:

Александра Гаскевич, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің серіктестік және қоғаммен байланыс маманы, тел.: +7 771 516 93 23; ogaskevych@unicef.org

Медиа байланыс

Олександра Гаскевич

Серіктестік және қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: + 7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.