ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмегін Қазақстанға әкелді

300 000 ампуладан астам дексаметазон мен 2 000 пульсоксиметр - COVID-19 пандемиясына қарсы күрес үшін

31 Желтоқсан 2020
Medical supply delivery ECHO
UNICEF/Karimova

Алматы, 29 желтоқсан – Бүгін Еуропалық Одақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп Қазақстан Үкіметінің COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі қорғаныс шараларын қолдау үшін 300 000 ампуладан астам дексаметазон мен 2 000 пульсоксиметр жеткізіп берді. ЕО қаржыландырған гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 1138 кг.

«Бұрын сонды болып көрмеген уақытта жаңа коронавирустың таралуы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қатты әсер етуде. Үкімет COVID-19 таралуын тоқтату үшін тынбай жұмыс жасауда, бірақ пандемия дүниежүзілік және жергілікті өндірушілердің өндірістік қуаты мен жеткізу тізбегіне қысым жасауда. Дәрі-дәрмектерге сұраныс азаймай тұр. Біздің жалпы жауапкершілігіміз - Қазақстан халқына сондай аса қажетті гуманитарлық қолдау көрсету», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен. «Біз Еуропалық Одаққа Қазақстанға өмірлік маңыздылығы бар медициналық мақсаттағы заттарды жеткізудегі серіктестігі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.   Осы жоба көптеген қазақстандық отбасылардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға көмек береді деп сенеміз», - деп бөлісті Артур ван Дизен.

Медициналық бұйымдар тиелген гуманитарлық жүк әрі қарай Қазақстанның барлық аймақтарындағы медициналық ұйымдарға қажеттілігіне қарай бөлу үшін бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС Алматы қ. әуежайында тапсырылды.  «COVID-19 таралуының жалғасып жатырғанын және дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарға сұраныстың тұрақты болуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметін қолдау және  арасында балалар мен жүкті әйелдер бар халықтың ең осал топтары үшін тәуекелді барынша азайту мақсатында ЕО ЮНИСЕФ-пен бірігіп күш жұмылдыруда», деді Мачей Адам МАДАЛИНСКИ мырза, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің істері бойынша уақытша сенімді өкілі. «ЮНИСЕФ - Дүниежүзіндегі вакцина жеткізушілердің ішіндегі ең маңыздысы және оның әлемдегі ең үлкен гуманитарлық қоймасы Копенгагенде орналасқан.  ЕО қаржынадырған гуманитарлық көмектің Қазақстанның бүкіл аймақтарына жетізілуіне кепіл болу және Денсаулық министрлігінің азаматтардың өмірін құтқарудағы іс-шараларға қолдау көрсету үшін Еуропалық Одақ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жұмыс жасайды».

Қазақстанның денсаулық сақтау мекемелеріне 1 тоннадан астам медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу – бұл Қазақстандағы COVID-19 пандемиясына қарсы ЮНИСЕФ шараларының бір бөлігі ғана. Осы инфекцияның әлеуметтік экономикалық салдарын жеңілдету үшін ЮНИСЕФ өз серіктестерімен бірлесіп білім беру, балаларды қорғау және денсаулық сияқты шешуші салаларда халықтың ең осал топтарына және балалы отбасыларға қолдау көрсетеді.

 

Редакторларға арналған ақпарат:

Сәуір, мамыр айларында ЮНИСЕФ ЮНЕСКО-мен және Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып  шағын жинақты мектептердің қызметкерлерімен  арнайы вебинарлар ұйымдастырған болатын.  Қазақстанның барлық аймақтарынан 3000-ға жуық қызметкер мен   медперсонал карантин кезінде және мектептер ашылған кезде COVID-19 таралуын болдырмау, балаларды қалай қорғау туралы білім алды. 2020 жылғы сәуірде ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып халықты ақпараттандыру үшін және COVID-19 пандемиясы кезінде психологиялық көмек пен қолдау көрсету мақсатында жеке онлайн-консультация беруге платформа ретінде қолдану үшін арнайы веб-сайтты (https://covid-19.mentalcenter.kz) іске қосты. 2020 жылғы қыркүйекте ЮНИСЕФ COVID-19 әрі қарай таралуына тосқауыл қою үшін дезинфекциялайтын құралдар мен термосканерлер сатып алып Қазақстанның барлық шалғайдағы ауылдардағы мектептеріне ақпараттық және оқыту материалдарымен қосып жеткізіп берген болатын.  ЮНИСЕФ сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру саласының мамандары үшін де, шағын жинақты мектептер мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса отырып, инфекцияның алдын-алу және қарсы іс-шаралар жөнінде оқыту вебинарларын өткізді.

ЮНИСЕФ өз қызметін әрбір баланың амандығы қағидаларын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Өз серіктестерімен бірлесіп ЮНИСЕФ дүние жүзіндегі 190 ел мен аумақта, әлемнің барлық түкпірлеріндегі балалардың игілігіне өз міндеттемелерін іске асыру үшін жұмыс жасайды, бұл ретте ең бақытсыздыққа ұшараған және шеттетілген балалардың қамтылуы проблемасын басты назарда ұстайды.   

ЮНИСЕФ қызметі туралы толығырақ www.unicef.org сайтында.

 Instagram, Facebook и Twitter парақшаларына жазылыңыздар. 

Еуропалық Одақ 27 мүше-мемлекеттерден құралған, олар өздерінің ноу-хауларын, ресурстарын, тағдырларын біртіндеп біріктіруге ұйғарған. Бірге 60 жылдық қезеңде кеңейте отырып, олар мәдени ерекшіліктерін, шыдамдылық пен азаматтық бостандығын сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және орнықты даму аймағын қалыптастырды. ЕО тұтастай алғанда әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмектің доноры болып табылады. Еуропалық Одақ жыл сайын қақтығыстар мен апатты жағдайлардың миллиондаған құрбандарына көмек береді. ЕО Қазақстандағы қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін  ЕО Қазақстандағы өкілдігінің веб-сайтына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына Instagram, Facebook и Twitter кіріңіз.

Пульсоксиметр — пациенттің қанындағы оттегі деңгейін бақылайтын медициналық құрылғы және оттегі деңгейі қауіпсіз деңгейден түсіп кеткен жағдайда медициналық қызметкер жедел әрекет етуі үшін қажет.   Бұл құрылғы пациент қанындағы оттегі деңгейіне мониторинг жасауды қажет ететін барлық жағдайларда, мәселен ота жасау, жедел және интенсивті терапия кезінде, сондай-ақ палаталық емдеумен қалпына келу кезеңінде де қажет.

Дексаметазон – бұл бірқатар патологиялық жағдайларда асқынуға қарсы және иммуносупрессивті препарат ретінде қолданылатын кортикостероид.

Біріккен Корольдікте RECOVERY ұлттық клиникалық зерттеу шеңберінде осы препаратқа COVID-19 жұқтырған пациенттерді емдеу үшін сынақ жасалған, нәтижесінде аурудың асқынған түрлерінде дексаметазонды тағайындаудың оң әсер еткені анықталған.   

ДСҰ берген (препринтте жариялаған) зерттеудің алдын-ала нәтижелеріне сәйкес дексаметазонды тағайындау өкпені жасанды желдетуде жатқан пациенттер арасында өлім-жітім көрсеткішін үштен бірге, ал оттегі терапиясын қажет ететін жағдайларда бестен бірге азайтуды мүмкін еткен.

Қосымша ақпарат

БАҚ үшін контактілер

Эльвира Яушева

ЮНИСЕФ-тің жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы

Тел.: +7 707 109 8553

Email: eyausheva@unicef.org

 

АсельСадуова

ЮНИСЕФ Қазақстан қоғаммен байланыс бөлімінің маманы

Тел.: +7 (7172) 32-28-78 (144)

Email: asaduova@unicef.org

 

Еркежан Амриева

ЕО Қазақстандағы өкілдігінің

Қоғаммен байланыс бөлімінің маманы
Tel: + 7 (7172) 974566
Email: yerkezhan.amriyeva@eeas.europa.eu

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter