ЮНИСЕФ екпені қолдауды ынталандыру үшін #Вакциналаркөмектеседі атты науқанын бастайды
Вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардың өршуі жағдайында ЮНИСЕФ-тің науқанында ата-аналардың көпшілігінің вакциналардың балаларды қорғайтындығы жайлы сенімділігін көрсету үшін әлеуметтік желілер пайдаланатын болады.
- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
Нур-Сұлтан, Қазақстан, 2019 ж. 22 сәуір - Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында, вакцинацияның маңыздылығын атап өтті және ата-аналардың және әлеуметтік желілерді пайдаланатын көпшіліктің вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардарлығың арттыру мақсатында жаңа жаһандық науқанның басталуы жайлы хабарлады.
Науқан бірлесіп жұмыс жасау арқылы қоғамның әрбір мүшесін вакцинамен қорғауға болатындығы жайлы халықты ақпараттандыру мақсатымен 24-30 сәуір аралығында Дүниежүзілік иммундау апталығымен қатар өткізіледі Шараның басты мақсаты -.
Жыл сайын вакциналар 3 миллионға дейін өмірді сақтап, балаларды қызылша, пневмония, тырысқақ және дифтерия сияқты қауіпті, өлімге алып келетін жұқпалы аурулардан қорғауда. Вакциналардың арқасында 2000 - 2017 жылдар аралығында қызылшадан қайтыс болған адамдардың саны азайып, полиомиелит толығымен дерлік жойылды. Вакциналар адамзат ойлап тапқан ең үнемді денсаулық сақтау құралдарының бірі - балаларға иммундау үшін жұмсалған әрбір АҚШ доллары 44 долларға дейін есесі қайтады.
«ЮНИСЕФ пен Қазақстан Республикасының үкіметінің 1990 жылдардағы ынтымақтастығы кең ауқымды иммундау науқандарынан басталды. Сол жылдары ЮНИСЕФ-тің қолдауымен дифтерия эпидемиясын оқшаулап, қызылша мен полиомиелитке шалдығуды айтарлықтай азайтты. Ал 2002 жылы Қазақстан полиомиелитке жатпайтын ел ретінде сертификатталды» - деді Юрий Оксамитный, «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 5 жасқа дейінгі балалар өлімін бес есеге азайтты. Бұл көбінесе уақтылы вакцинациялаудың арқасы».
Науқан ата-аналар мен қауымдастық мүшелерінен бастап медицина қызметкерлері мен новаторларға дейін иммундаудың басты кейіпкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған «Бірге қорғаламыз: вакциналар көмектеседі» атты жаһандық апталық іс-шара барысында өткізідеді.
#ВакциналарКөмектеседі платформасы ғаламторда иммундауды қолдаушыларды біріктіру үшін біраз уақыт бойы пайдаланылуда. Биыл ЮНИСЕФ осы науқанды қалың көпшілікті қамту мақсатында Билл мен Мелинда Гейтс Қорымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) және Вакциналар мен иммундау бойынша Ғаламдық альянспен (GAVI) серіктестікте жүзеге асырады.
Вакциналардың барлық артықшылықтарына қарамастан, 2017 жылы әлемде шамамен 1,5 млн бала вакцинамен алдын алуға болатын аурулардан қайтыс болды. Бұл көбінесе вакциналарға қолжетімділіктің шектеулі болуымен байланысты болғанымен, кейбір елдердегі ата-аналар вакциналарға деген жайбарақаттығынан немесе сенімсіздігінен балаларына иммунизациялауды өткізуді кейінге қалдырады немесе бас тартада. Бұл кейбір аурулардың, соның ішінде жоғары табысы жоғары елдерде қызылша ауруларының санының көбейюіне алып келді. Сандық Медиа мен әлеуметтік желілерде вакциналар туралы қарама-қайшы ақпарат пен әртүрлі пікірлердің болуы осы жағымсыз трендтің себептерінің бірі болып табылады.
Биыл Билл мен Мелинда Гейтс Қоры ЮНИСЕФ-ке сәуір айында әлеуметтік желілердегі әрбір «ұнайды» белгісі үшін 1 доллар немесе #ВакциналарКөмектеседі хэштегімен таралған ақпаратқа барлық балаларды өмірлік маңызы бар вакциналармен қамтамасыз ету үшін жалпы есеппен бір миллион АҚШ долларына дейін соманы бөледі.
Осыған байланысты, ЮНИСЕФ-тің осы науқанының басты элементі 60 секундтық «Қауіп-қатертер» фильмі болып табылады, ол әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен плакаттардағы суреттерге арналған анимациялық бейнефильмдермен қоса, балалар өз табиғаты бойынша үнемі өзіне қауіп төндіретін кішкентай батыл жандар ретінде көпшілікке белгілі ұғымға негіздеген. Араб, қытай, испан, орыс, тагаль, француз және хинди тілдерінде қол жетімді бейне ата-аналар өздерінің балаларын барлық қауіп-қатерлерден сақтап кала алмайтынына қарамастан, олар әлі де қауіпті ауруларды жұқтырып алуға жол бермейтін вакциналарды пайдалана алады.
Сондай-ақ, ЮНИСЕФ сарапшылары вакцинация жайлы, оның ішінде вакциналар қалай жұмыс істейді, оларды қалай тексеріледі, балалар неге вакциналарды алу керек, сондай-ақ балаларды кеш вакцинациялаудың қандай тәуекелдері бар екендігі туралы сұрақтарға жауап береді.
######
Редакторларға арналған ескертпе:
Кадр тысынан түсірілген суреттер мен материалдар, оның ішінде 24 сәуірден бастап таратылатын «Қауіп-қатерлер» бейнефильмін осында жүктей аласыз. ЮНИСЕФ-тің науқаны туралы толығырақ ақпаратты осы жерден табуға болады. ЮНИСЕФ-тің иммундау саласындағы жұмысы туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.
Фотографии и материалы закадровых съёмок, в том числе видеофильм «Опасности», который можно будет распространять не раннее 24 апреля, доступны здесь. Более подробную информацию о кампании ЮНИСЕФ можно получить здесь. Более подробную информацию о работе ЮНИСЕФ в области иммунизации можно получить здесь.
Толығырақ ақпаратты алу үшін:
Сабриной Сидху (Sabrina Sidhu), ЮНИСЕФ Нью-Йорк, тел: +1 917 4761 1537, эл.почта: ssidhu@unicef.org
Әсел Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, тел.: +7 701 640 71 87; эл. пошта asaduova@unicef.org
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.