ЮНИСЕФ Газа секторында және Палестина мемлекетінде дереу атысты тоқтатуға және бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырады

18 Қазан 2023
gAZA
UNICEF/UNI448902/Ajjour

АCТАНА, 18 қазан 2023 ж. - Газа секторында соғыс қимылдарының күшеюінен жүздеген мың бала зардап шекті және гуманитарлық көмек пен қорғауды қажет етеді. ЮНИСЕФ және оның серіктестері Газа секторында жедел гуманитарлық көмек көрсетуде.

Палестина мемлекетінде және Израильде жалғасып жатқан соғыс әрекеттері балалар мен олардың отбасыларының өміріне ауыр зардап тигізуде. Дағдарысты жеңу үшін оларға шұғыл көмек қажет.

"Жағдай мүшкіл: үздіксіз бомбалау және үйлерінен кетуге мәжбүр болған балалар мен отбасылардың жаппай өсуі. Қауіпсіз орын жоқ", Кэтрин Рассел, ЮНИСЕФ атқарушы директоры.

Мұндай дағдарыстар кезінде ең көп зардап шегетін - балалар. 11 күн ішінде, Газа секторындағы Әл-Ахли ауруханасына жасалған шабуылдан кейін бүгінгі өлімдерді есептемегенде, жүздеген бала  көз жұмды. Тағы мыңдаған адам жарақат алды, ал 300 000-нан астамы үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Бірнеше күндік әуе соққыларынан және барлық жеткізу маршруттарындағы үзілістерден кейін газ секторындағы балалар мен отбасыларда азық-түлік, су, электр қуаты, дәрі-дәрмектер таусылып, ауруханаларға қауіпсіз кіру мүмкіндігі жоқ.

Электр қуатын, сумен жабдықтауды, сондай-ақ ағынды суларды тазартуды қамтамасыз ететін объектілердің зақымдануы осы қызметтерге қол жетімділікте Газа секторында тұратын 400 000-нан астам адамды шектеді. Газа секторындағы жалғыз электр станциясы қазір істен шықты.

"Бейбіт тұрғындарға және ауруханалар сияқты азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар болмауы керек және дереу тоқтатылуы керек. ЮНИСЕФ соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға, балаларды қауіптен қорғауға және мұқтаж балалардың гуманитарлық көмекке қауіпсіз және уақтылы қол жеткізуін жеңілдетуге тағы бір рет шақырады", Кэтрин Рассел, ЮНИСЕФ атқарушы директоры.

1,1 миллион адамға, олардың ішінде жартысына жуығы - балалар, жоспарланған жер үсті шабуылына дейін үйлерін тастап кетуі керек екені ескертілді, бірақ олардың барар жері жоқ, сондықтан, жағдайы бұрынғыдан бетер нашарлайын деп тұр.

ЮНИСЕФ өзiнiң қолда бар қорын, соның iшiнде отын, дәрi-дәрмектер мен медициналық керек-жарақтарды ауруханаларға таратты, бiрақ жараланғандардың санын ескерсек, аурухана төсектерi мен ең қажетті препараттар –  соның iшiнде анестетиктер –  жақын арада таусылады. ЮНИСЕФ атысты дереу тоқтатуға және өмiрлік маңызы бар керек-жарақтарды қауiпсiз жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн гуманитарлық жол ашуға үндейді.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ те қайырымдылық жинауды бастады. Енді әрбір қазақстандық ЮНИСЕФ-ті қолдап,  Газа секторындағы және жалпы Палестина мемлекетіндегі балалар мен отбасыларға жедел көмек көрсетуге жәрдемдесе алады.

ЮНИСЕФ қолданып жатқан қарымта шаралар бұрынғыша дәл қазiр қорғау мен гуманитарлық көмекке шұғыл әрі дереу мұқтаж болып отырған бiр миллионға жуық баланың қажеттiлiктерін қанағаттандыруға бағытталады.

Газа секторындағы қауіпсіз ауыз суға кезек күттірмейтін мұқтаждықты қанағаттандыру үшін ЮНИСЕФ 75 мың адамды сумен қамтамасыз етіп отырған, өзі қолдау көрсететін тұщыландыру зауытының жұмысын тоқтатпау үшін су тазартатын реагентпен қамтамасыз етті. Оған қоса ЮНИСЕФ Газа секторында алдын ала орналастырылған медициналық керек-жарақтарды, оның ішінде кемінде 1600 адамға бір айға жететін дәрі-дәрмек берді.

ЮНИСЕФ сондай-ақ қосымша керек-жарақтарды, оның ішінде жол ашыла сала таратуға дайын тұрған дәрі-дәрмекті, суды, палаткаларды, жамылғыларды және гигиеналық жиынтықтарды алдын ала орналастырып қою үшін серіктестерімен бірге еңбектеніп жатыр.

Бірақ қажеттіліктер орасан зор, тек артып бара жатыр. Бізге көбірек балалар мен олардың отбасыларын қамту үшін Сіздің көмегіңіз ауадай қажет.

Қайырымдылықты, сілтеме бойынша жасауға болады: https://help.unicef.org/donate-to-children?country=kz&language=kk

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

Пресс-релиз үшін фотосуреттер:

https://weshare.unicef.org/Share/010c3650f05rs23c20vpyej6ym7601py 

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.