ЮНИСЕФ: білім беру саласындағы жетістіктерге қарамастан, әлем әлі де қыздарға қатысты кемсітушілік көрсетуде

Әйелдердің жағдайы жайлы Пекинде өткізілген тарихи конференциядан кейін 25 жыл өтсе де әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық әлі де кең таралып, көпшілікпен мақұлдануда

06 Наурыз 2020
Girls
UNICEF

НЬЮ-ЙОРК/НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз 2020 жыл - бүгінгі таңда қыздардың мектепке баруы бұрынғыдан да көп болғанымен, әлемдік қоғамдастық қыздарға барынша тең құқылы және  қайырымды өмір сүру жағдайларын жасауда айтарлықтай ілгеріске қол жеткізбеді. Бұл туралы БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), халықаралық "План Интернешнл" КЕҰ (Plan International) және "БҰҰ-әйелдер" құрылымымен дайындалған жаңа баяндамада хабарланды.

Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияның 64-ші сессиясы қарсаңында жарияланған баяндаманың деректеріне сәйкес соңғы екі онжылдықта мектепке бармайтын қыздардың саны 79 миллионға азайған. Шын мәнінде, соңғы онжылдықта орта мектепте бара алатын қыздардың  саны ер балалардың санына қарағанда асып түскен.

Дегенімен, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық кең тараған құбылыс болып қалуда. Мысалы, 2016 жылы негізінен жыныстық қанаушылық мақсатында әлемде анықталған адам саудасының 70%-ы әйелдер мен қыздарға тиесілі болған.  15-19 жастағы әрбір жиырмасыншы қыз немесе 13 миллионға жуық қыздар мен әйелдер өмірінде зорлауға ұшыраған - бұл әйелдер мен қыздар зардап шегуі мүмкін сексуалдық зорлық-зомбылықтың ең қатал түрі.

«Жиырма бес жыл бұрын әлемдік көшбасшылар әйелдер мен қыздар алдында өз мойындарына міндеттемелерді алғанымен, олардың жартысы ғана орындады.  Үкіметтер көптеген қыздарға мектепке баруға мүмкіндік беруде саяси ерікті көрсеткенімен, олардың нәзік жандыларға өз тағдырын өздігінше шешумен қоса қауіпсіз қоғамда құрметпен өмір сүруі үшін қажетті дағдылар мен қолдауларды алуға көмектесуге күші жетпеді, - деді ЮНИСЕФ-тің  Атқарушы директоры Генриетта Фор.  – Тек білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету жеткіліксіз: бізге адамдардың мінез-құлқымен олардың қыздарға деген қарым-қатынасын өзгертуіміз керек. Шынайы теңдік барлық қыздар зорлық-зомбылықтан қорғалғанда, өз құқықтарын жүзеге асыруда бостандыққа ие болғанда және өмірде тең мүмкіндіктерге ие болғанда ғана орнайды». 

Қазақстанда әйелдер мен қыздардың ең осал топтары әлі де гендерлік теңсіздікке ұшырауда. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, бала күтімі бойынша төленбеген үй тапсырмаларын үлестірудегі теңсіздік, әйелдер мен қыздардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы мен құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ олардың жеке және қоғамдық өмірде шешім қабылдауда тең қатыспауы ең көкейкесті мәселелер болып табылады. Ұлттық мәліметтерге сәйкес, қыздардың 50%-ы отбасында күш қолдану арқылы тәрбиеленуде, соның ішінде 21%-ы физикалық жазаға ұшыраса, ал 45%-ы психологиялық қысымды бастан кешуде. Сонымен қатар, 15-19 жастағы қазақ қыздарының 9%-ы күйеуінің әйеліне қол көтеруге құқығы бар деп есептейді.

«Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты алдын-алу және жою, сондай-ақ балалардың құқықтарын жүзеге асыруда гендерлік аспектіні ескеру мақсатында ЮНИСЕФ ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «БҰҰ-Әйелдері» Құрылымымен, БҰҰДБ және ЮНФПА-мен ынтымақтасып жұмыс атқаруда. Біз қыздарға ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласында көбірек білім беру мүмкіндіктерін ашу қажет деп санаймыз. Сондықтан біз осы аптада UniSat білім беру бағдарламасын іске қостық, онда қыздар бес ай ішінде наносспутниктерді жасауды үйренеді. Бұл бағдарламаға қыздардың қатысуы - бұл қыздар мен әйелдер үшін жаңа дәуірге қадам басуы», - деп бөлісті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

"Қыздарға арналған жаңа дәуір: 25 жыл ішінде қол жеткізілген прогресті қорытындылау" ("A New Era for Girls: Taking stock on 25 years of progress") баяндамасы "Generation Equality" ("Тең мүмкіндіктер буыны") науқаны аясында жарыққа шықты және Әйелдер мен қыздардың құқықтарын нығайтуға бағытталған іс-қимылдың тарихи бағдарламасы Пекин декларациясының мен іс-қимыл Платформасының қабылдануының 25 жылдығына арналған.

«Үкіметтің Пекин декларациясы аясында өзіне алған міндеттемелерін орындауына жауапты болуы өмірлік маңызды. Бұл баяндама әлемнің  қыздар үшін 25 жылдан кейін қандай болғанының кешенді көрінісі болады, - деді "План Интернэшнл" КЕҰ бас атқарушы қызметкері Анн-Биргитт Альбректсен. - Жасөспірім қыздар өздерінің жасы мен жынысына қарай үздіксіз кемсітушіліктен зардап шегеді, бұл ретте олар бұрынғыша өз қоғамдастықтарының өміріне және шешімдер қабылдау процестеріне қатыспауда және олардың мүдделері мемлекеттік саясатты әзірлеу барысында ескерілмеуде. Жасөспірім қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін ұлғайту қоғам үшін үш есе пайдасын тигізеді: осы күні өмір сүріп жүрген қыздар үшін, болашақ әйел болатын қыздар үшін және олардың болашақ балалары, келесі буын өкілдері үшін. Егер біз осыны түсініп, әлі күнге дейін бүкіл әлемдегі қыздардың кемсітушілікке ұшырап жүргендігін тоқтатпасақ, 2030 жылға дейін күн тәртібінде қойылған  гендерлік теңдік саласындағы мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігіміз азаяда»". 

«1995 жылдан бастап Пекинде «қыздар» мәселелеріне алғаш ерекше көңіл бөлінген уақыттан бері біз қыздардың өз құқықтарын қорғап, бізді жауапқа тартуға шақыратындығын жиі естудеміз..  Алайда, халықаралық қауымдастық әлі де зорлық-зомбылықсыз өмірді қамтамасыз ету, әлемді жауапкершілікпен басқаруға байланысты үміттерін ақтай алмауда », - деді "БҰҰ-әйелдер" құрылымының Атқарушы директоры Фумзиле Мамбо-Нгкука.  - Әйелдер мен қыздар өз уақыты мен күшін ер адамдарға қарағанда үш есе көп жұмсауға мәжбүр болғандықтан, қыздар оқуды аяқтағаннан кейін жақсы және қауіпсіз жұмысқа орналасудың тең мүмкіндігіне ие болмайды. Мұндай жағдайды бүкіл адамзаттың игілігіне қарай өзгерту қажет. Қыздар техника және сандық технологиялар саласында жұмыс істеу үшін болашақта қажет болатын дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесінің аяқталуына қол жеткізуі қажет».  

Бүгінгі күні қыздар физикалық, интернетте, мектепте, үйде және өзінің қауымдастығында зорлық-зомбылықтың үлкен қауіпіне ұшырауда және бұл  психологиялық және әлеуметтік салдарға алып келуде. Баяндамада балалардың некеленуі және әйелдердің жыныс мүшелеріне операция жасау (КЖПО) секілді тәжірибелердің бүкіл әлемдегі миллиондаған қыздардың денсаулығына зияндығын әкеліп қана қоймай, өмірі мен әлеуетіне нұқсан келтіріп, өмірін әрі қарай бұзатыны туралы дерек келтірлген.  Жыл сайын 12 миллион қыз бала өте жас тұрмысқа шығып,  4 миллион қыз КЖПО қаупіне тартылады екен. Ғаламдық ауқымда 15-19 жастағы қыздар осы жас тобындағы ұлдар секілді ұрып-соғудың құрбаны болуда.

Баяндамада сондай-ақ, 25 жыл бұрын елестету мүмкін болмаған білім және денсаулық саласындағы қыздарға қатысты алаңдаушылық тудыратын жағымсыз үрдістер баяндалған. Мысалы, ғаламдану, дәстүрлі тамақтан өңделген зиянды тамақ өнімдерін пайдалануға көшу, сондай-ақ, балаларға бағытталған агрессивті маркетингтік технологияларды қарқынды кеңейту зиянды өнімдер мен құрамында қанты бар сусындарды тұтынудың өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде балалар мен жасөспірімдер ішінде артық салмақ пен семіздіктің артуына әсер етуде. 1995 жылдан бастап 2016 жылға дейін 5-19 жастағы қыздардың арасында артық салмақтың болуы екі есе көбейген,  9-дан 17 %-ға дейін көрсеткішті көрсетіп, бұл абсолюттік есеппен 1995 жылғы 75 миллионмен салыстырғанда 155 миллион санына жеткен.

Сонымен қатар, соңғы 25 жылда сандық технологияларды шамадан тыс пайдалануға байланысты туындаған психикалық денсаулық проблемалары бойынша алаңдаушылық артып келеді. Баяндамаға сәйкес, қазіргі уақытта 15-19 жастағы жасөспірім қыздар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау ана ауруларынан кейін өлім-жітім бойынша екінші негізгі себеп болып отыр. Қыздарда сондай-ақ АИТВ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың жоғары қаупі бар. АИТВ-мен өмір сүретін 10-19 жастағы жасөспірім қыздардың саны бүгінде 970 мың адамды құрап,  1995 жылғы 740 мың көрсеткішінен артып түскен. 10-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға бүкіл әлем бойынша АИТВ-ның 4 жаңа жағдайларының 3уі  тура келеді.

Баяндама келесі әрекеттерді жасауға шақырады:

  • Шығу тегіне, ұлтына, табыс деңгейіне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барлық қыздарға мүмкіндіктерді жасауға және кеңейтуге, өзгерістер мен шешімдердің батыл қолдаушылары болуға, қыздардың денесіне, қауымдастыққа, білім алуына және болашағына тікелей қатысы бар диалогтарға, платформалар мен процестерге қатысу арқылы өз пікірі мен идеяларын белсенді білдіруге.
  • Қыздар мүддесінде және олардың қатысуымен прогресті жеделдетуге ықпал ететін және бүгінгі шындыққа сәйкес келетін, соның ішінде Төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыру үшін олардың дағдыларын дамыту және гендерлік зорлық-зомбылықты, балалардың неке құруын және КЖПО-ны тоқтатқаны үшін ұрпақ қозғалысын қоса алғанда болашағы бар үлгілерді пайдалану ауқымын кеңейту мақсатында саясат пен бағдарламаларға инвестицияларды арттыруға.
  • Жасы мен жынысы бойынша бөле отырып, жоғары сапалы деректерді жинауға, талдауға және пайдалануға, сондай-ақ білімі шектеулі салалардағы зерттеулерге инвестицияларды ұлғайту, мысалы, гендерлік зорлық-зомбылық, 21 ғасырдың дағдыларын алу, жасөспірімдердің тамақтануы мен психикалық денсаулық.

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.