ЮНИСЕФ Алматыда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған 500 азық-түлік жинақтамасы мен мектеп жиынтықтарын ұсынады

Көмекті көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүгедектігі бар балалар, көшіп-қонушы балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алады

20 Қаңтар 2022
Humanitarian Aid in Almaty
UNICEF Kazakhstan/2022/Ruslan Kostrykin

АЛМАТЫ, 21 қаңтар 2022 ж. – ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Кеңсесімен серіктестікте Алматы қаласында зардап шеккен балалары бар отбасыларға азық-түлік өнімдері мен гигиеналық жиынтықтары бар 500 жинақтама ұсынады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарға азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті жинақтар берілетін болады.

Сондай-ақ ЮНИСЕФ Алматы қ. көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, мүгедек балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және көшіп-қонушы балаларға 380 мектеп жиынтығын ұсынады.

Жиынтықтардың 70% мектеп оқушылары, 30% мектеп жасына дейінгі балалар алады. Оқу жинақтарында баланы дамытуға арналған материалдары бар рюкзактар, кітаптар, сурет салуға және шығармашылыққа арналған жиынтықтар болады.

"ЮНИСЕФ Қазақстанда болған оқиғалардың, және олардың балалар тыныштығы мен әл-ауқатына өз әсерін тигізгеніне өкініш білдіреді. Бірінші кезекте көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың тіршілік әрекетін қолдау керек, сондай-ақ олардың білім алуы мен дамуына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. ЮНИСЕФ Қазақстандағы барлық балалар қажетті көмек пен қорғауға ие болу үшін тиісті мемлекеттік құрылымдарға қолдау көрсетуді жалғастырады", - дейді Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.

Сатып алу мен бөлуді үйлестіру Алматы қаласының әкімдігі және «Родник» ҮЕҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.