Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы жағалауда балалар құқықтарына арналған мурал пайда болады

30 Мамыр 2019
Мурал, посвященный правам детей
UNICEF Kazakhstan, 2019

30 мамыр 2019 ж., Нұр-Сұлтан – Халықаралық балалар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Балалар бейбітшілік суретін салады» ҚҚ балалар құқығына арналған муралды[1] ашады.  Оң жақтағы жағалауда балалар Бала құқығы туралы конвенцияның Қазақстандағы 25 жылдығына арнап суреттер салады.

Инклюзия, жанұяның маңызды рөлі және әр бала үшін тең мүмкіндіктер беру жайлы сұрақтарға назар аудару үшін, Бала құқықтары туралы конвенцияның әртүрлі баптары суреттің негізіне алынған. Шығармалардың авторы - қазақстандық суретші Багиров Әзиз, қабырғадағы суреттердi Нұр-Сұлтан қаласының балалар өнер мектебінің оқушылары мен оқытушылары салды.

Әлеуметтік муралдар мен граффити ғимараттардың сыртқы түрін көркемдеуге ғана емес, сонымен қатар қаланың балаға дос болуға ұмтылысын баса көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға және ілгерілетуге ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Акция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Балалар бейбітшілік суретін салады» ҚҚ қолдауымен өтуде.

 

Муралдың ашылу салтанаты өтетін күні мен уақыты: 31 мамыр, басталуы 14.30-да.

Іс-шараның өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің жағалауы (оң жағалау, Кенесары хан ескерткішінің қасы).

БАҚ өкілдерінің балалардың, ата-аналардың  пікірлерінн жазып алу мүмкіндігі болады, сонымен қатар ашылу салтанатына:

  • Сәуле Айтпаева, балалар құқығы бойынша Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкіл, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты
  • Егемберді Ерғали Қуандықұлы, «Сарыарқа» ауданының әкімі
  • Юрий Оксамитный, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі
  • Мөлдир Бекжан, «Балалар бейбітшілік суретін салады» ҚҚ жобаларының үйлестiрушiсi
  • Аккредиттеу үшін және қосымша ақпарат алу үшін:

Қазақстандағы ЮНИСЕФ әріптестік және қоғаммен байланыс маманы Александра Гаскевичпен байланысуды өтінеміз, тел.: +7 771 516 93 23; эл. пошта ogaskevych@unicef.org

 

# Редакторлардан ескертпе

Бала құқықтары туралы конвенцияны 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған, ал 25 жыл бұрын – 1994 жылғы маусымда – құжатты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ратификациялады. 41 бапта әрбір бала ие құқықтар жазылған және адам құқықтары жөніндегі барлық құжаттардың арасында Конвенция халықаралық ең кеңінен танылған болып табылады.

 


[1] Мурал - (Mural) — бұл үлкен өнер туындысы, көбінесе картина немесе қабырға бетіне салынған «граффити». Бұл қазіргі заманғы көше өнері, ол ғимараттарға әсемдеуге бағытталған.

 

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Олександра Гаскевич

Серіктестік және қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: + 7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.