Тәрбиелеу және жағымды ата-аналық мәселелерін Қызылордада талқылады

Тәрбиелеу және жағымды ата-аналық мәселелерін Қызылордада талқылады

21 Желтоқсан 2018
На мероприятии в рамках коммуникационной кампании «Услышь! Поговори! Обними!» по профилактике насилия в отношении детей в Кызылорде
UNICEF/Magdeev

21 желтоқсан 2018, Қызылорда – балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жағымды тәрбиелеу ісінде ата-аналарды қолдау жолдарын Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Қызылорда облысының Әкімдігі ұйымдастырған кездесуде талқылады. Шарада мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың уәкілдері, әлеуметтік қызметкерлер және қоғам қайраткерлері қатысты.

Шара осы жылдың басында бастау алған және Қазақстанның алты өңірін, соның ішінде Қызылорда облысын қамтитын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Есті! Сөйлес! Құшақта!» коммуникациялық науқаны шегінде орын алды. Науқанды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен ЮНИСЕФ өткізеді.

Әлемдік зерттеулерге сәйкес, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі дамып жатқан бала миына терең жағымсыз әсерін тигізеді. Зорлық-зомбылық зардаптары көптеген жылдар өткен соң байқалып, ересек өмірде адамның физикалық, эмоциялық және психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін.

ЮНИСЕФ және Қазақстандағы Адам құқықтары бойынша ұлттық орталық жүргізген зерттеу көрсеткендей, ересек қазақстандықтардың 39,5%-ы балаларға тәртіп бойынша әсер ретінде физикалық зорлық-зомбылықты пайдаланады. Ал 75% балаларды жазалау ретінде зорлық-зомбылықтың қолданылуын қолдайды, бірақ осы ретте ересектердің тек 32,2%-ы ғана балаларға қатысты зорлық-зомбылықты елеулі мәселе ретінде қарастырады.

Шараға ЮНИСЕФ Ізгі ниет уәкілі болып табылатын және бір жылдан астам уақыт балалар құқықтарын қорғау бойынша бірқатар әлеуметтік жобаларды қолдауда белсенді әрекет ететін, шахмат бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы Динара Садуакасова қатысты. Атақты шахматшы балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату әр адамның міндеті екендігінде және қоғам тарапынан, сонымен қатар ата-ана тарапынан айрықша назарды талап ететіндігінде сенімді.

Динара Садуакасова:

«Мен баланың өзі-өзіне сенімді болып өсуі үшін және ересек өмірде кез келген қиындықтар мен кедергілерді жеңуге қабілетті болуы үшін баланы жақсы көру және қолдау маңызды екендігінде сенімдімін. Сондықтан ата-аналарға  таптаурындардан ауытқып, жағымды ата-аналықа, яғни балаларды зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеуге назар аудару керек».

Өзінің сапары шегінде Динара Садуакасова Қазақстанда балалар-жасөспірімдер спортының дамуын қолдауға бағытталған шахмат жарысын өткізді.

Осы жылы «Есті! Сөйлес! Құшақта!» коммуникациялық науқаны шегінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында бірқатар шаралар жүргізді, солардың қатарында: Отбасылық футбол матчі және Дүниежүзілік әке күні; сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында пікір көшбасшыларымен және қоғам қайраткерлерімен кездесуді, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, БАҚ және танымал қазақстандықтардың қатысуымен Дүниежүзілік балалар күшін мерекелеу шарасын жүргізді.

Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет ЮНИСЕФ танымал тұлғалармен бірге постерлік науқанды жүргізді, онда олар қазақастандықтарға сөз арнап, балаларға жағымсыз әсер тигізетін мифтар мен таптаурындардан бас тартуға шақырып, жағымды тәрбиелеу әдістерінің маңыздылығы туралы сөз сөйледі.

Осы жылдың қарашасында ЮНИСЕФ Қазақстан әлеуметтік бейнероликтер сериясын шығарды, олар қала алаңдарында және әлеуметтік желілерде, ал 2019 жылдан бастап – қазақстандық телевидениеде көрсетіледі.

Юрий Оксамитный, Қазақстандағы ЮНИСЕФ уәкілі:

«2018 жылдың басынан ЮНИСЕФ Қазақстанда халықты балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы ақпараттандыру бойынша, сонымен қатар баланың құқықтарын құрметтеуде негізделетін ата-аналық міндеттерге жағымды ата-аналықтың маңыздылығы туралы белсенді жұмысты жүргізуде. Жағымды тәрбиелеу қағидаттарына сәйкес, ата-ана үшін басты орында баланың мүдделері тұрады, олар тәрбиелеу, дербестікті дамыту, мүдделерді және оның тілектерін құрметтеу арқылы жүзеге асырылады. Біз зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеудің барынша жақсы тәсілдеме екендігінде сенімдіміз».

#####

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ЮНИСЕФ коммуникациялық науқаны балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде зорлық-зомбылық әдістеріне жол берілмейтіндігі, осы мәселедегі тәсілдемелерді, нормаларды және қағидаларды өзгерту қажеттілігі жас ата-аналардың, сонымен қатар барлық қоғамның хабардарлығын жоғарылатуға бағытталған. ЮНИСЕФ 2010 жылдан 2016 жылға дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге жүргізген зерттеулер сериясына сәйкес, Қазақстанда ересектердің шамамен 75%-ы отбасыдағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін дене жазалауын қолдайтыны, ал ата-аналардың 67%-ы балалардың тәрбиелеудің зорлық-зомбылық түрлерін қолданатындығы анықталды. Қазақстанда «111» және «150» балаларға арналған екі ұлттық жедел желісі бар, олар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын тіркейді және инстанциялар бойынша табыстайды. Алайда анықтау, хабарлау, тіркеу және үн қату механизмдері бұрынғыдай жеткіліксіз дәрежеде дамыған. Коммуникациялық науқан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қолданылатын реформаларды қолдайды және ата-аналарға да, балалармен жұмыс жасайтын мамандарға да балаларды жағымды тәрбиелеуді дамытуға жағдай жасайды.

 

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс жасайды. Біз барлық адамдар үшін әлемді жақсартуға ұмтылып, дүние жүзі бойынша 190 елде және аумақтарда әр баланың игілігі үшін өз қызметімізді жүзеге асырамыз.

БАҚ арналған байланыс ақпараты:

Толыққанды ақпарат алу үшін, өтінеміз, келесі тұлғалармен хабарласыңыз: Динара Салиева, тел: +7 7172 322878 (іш. 106), email: dsaliyeva@unicef.org, немесе Айнур Салимбаева, тел: +7 727 272 05 23, email: ainura.s@actionprgroup.com

Медиа байланыс

Динара Салиева

Қоғаммен байланыс кеңесшісі

ЮНИСЕФ

Тел: +7 702 845 05 27

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Бізді Twitter және Facebook аңдаңыз