Тууды тіркеу және азаматтықсыздықты болдырмау мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық Азия өңірлік конференциясы

«Туған кезде ешкім де ұмыт қалдырылмауы тиіс» атты азаматтықсыздықты болдырмау мәселесі бойынша Екінші өңірлік конференция

05 Қыркүйек 2019
Мигранты в Казахстане
UNICEF/Kaliyev

5-6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында «Туған кезде ешкім де ұмыт қалдырылмауы тиіс» атты азаматтықсыздықты болдырмау мәселесі бойынша Екінші өңірлік конференция өтті. Конференцияға Орталық Азиядан 80-нен аса делегат қатысты. Конференцияны БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл бірлесіп, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясы (ЭСКАТО) және Еуропалық Одақпен (ЕО) тығыз ынтымақтастықта, тууды тіркеу, азаматтықсыздықты алдын алу және Орталық Азиядағы барлық балаларды азаматтықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде күш біріктіру мақсатымен ұйымдастырды.

Орталық Азияда тууды тіркеу деңгейінің салыстырмалы түрде жоғары екендігіне қарамастан (Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан - 100%, Қырғыз Республикасы - 98% және Тәжікстан - 96%), Орталық Азия елдерінде тууды тіркеу мәселесі тіркелмеген көшіп-қонушылар мен азаматтығы анықталмаған тұлғалардан туған балалар үшін сақталып отыр. Тууды тіркемеу өздігімен балаларды азаматтығы жоқ тұлға қылмайды, алайда тіркелмеген және туу туралы куәлігі жоқ болған жағдайда, адамның мемлекетпен заңды байланысы бар екендігін дәлелдеу қиынға соғады.

Конференция шеңберінде қатысушылар туудың тіркелуін және барлық балалардың азаматтық алу құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды; азаматтықсыздықты алдын алу үшін тууды тіркеу деректерін цифрландыру және синхрондау саласындағы озық тәжірибемен бөлісті; ұлттық заңнамаға тууды тіркеуге қатысты өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстардың орындалуын талқылады. Сонымен қатар, делегаттар азаматтықсыздықты алдын алу бойынша жаһандық #Ibelong азаматтықсыздықты болдырмау науқанын өткізу мерзімінің бірінші жартысында қол жеткізілген нәтижелерге шолу жүргізді және науқанды 2024 жылға қарай аяқтау бойынша жаңа міндеттемелерді қабылдады. Бұдан бөлек, Конференцияда Орталық Азия мемлекеттері алдағы ұлттық халық санақтарын өткізу және оларды тіркелмеген балалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар жағдайының толық көрінісін анықтау үшін қолдану мүмкіндігін талқылады.

Конференцияға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық уәкілдіктердің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Үкіметтерінің өкілдері, сонымен қатар азаматтықсыздық саласында іс-тәжірибелері бар азаматтық қоғам ұйымдары, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ қатысты. Конференцияны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова, Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев, БҰҰ БЖКБ Азия және Тынық мұхит өңіріне арналған Өңірлік бюросының директоры Индрика Ратватте, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен ашты.

«Әлемде азаматтықсыздық ауытқушылық болып табылады және елдер бұл мәселені балаларды қорғаудағы өмірлік маңызы бар шараларды азаматтық туралы заңдарға қосу, тууды тіркеу жүйесіне тіркеуден кеш өту мүмкіндігін енгізу сияқты салыстырмалы түрде қарапайым және экономикалық тиімді іс-қимылдар көмегімен шеше алады. Бұл өзгерістер туылған балалар арасындағы азаматтықсыздықты жоюға және халықтың осал топтары өздерінің туған жерлері мен шығу тегін растап, туу туралы куәлік алуға көмектеседі», - деп БҰҰ БЖКБ Азия және Тынық мұхит өңіріне арналған Өңірлік бюросының директоры Индрика Ратватте мәлімдеді.

«Тууды тіркеу және азаматтық құқықты қамтамасыз ету әрбір баланың болашағы үшін маңызды. Құжаттың немесе азаматтықтың болмауы баланы «көрінбейтін» деңгейге ұшыратады, яғни баланың білікті медициналық көмекке, білім алу мүмкіндігіне, жұмысқа орналасуға және қоғамның саяси өміріне қатысуға мүмкіндігі болмайды. Туу кезінде балаларды тіркеу олардың заң алдында танылуын, құқықтарының қорғалуын және осы құқықтардың кез-келген бұзылуын назардан тыс қалдырмауын қамтамасыз етудегі алғашқы қадам болып табылады», - деп ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен атап өтті.  

Нәтижесінде, қатысушылар Орталық Азияда туған барлық балалардың туған кезде тіркелуі, туу туралы куәлікке және азаматтық алу құқығына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық және процедуралық түзетулер саласындағы озық тәжірибелермен бөлісетін өңірлік құрылым құрады деп күтілуде. Бұдан басқа, Орталық Азия мемлекеттеріне азаматтықсыздықты қысқарту және болдырмау бойынша 2024 жылға қарай негізгі жетістіктерге жету мақсатындағы келешек жоспарлар үшін Швейцарияның Женева қаласындағы 2019 жылғы 7 қазанда өтетін азаматтықсыздық мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жаһандық жиынға нақты міндеттемелер әзірлеп шығаруда көмек көрсетілетін болады.

Іс-шара БҰҰ БЖКБ-ның азаматтықсыздықты 2024 жылға қарай түбірімен жою он жылдық науқаны мерзімінің ортасы аясында ұйымдастырылған және Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылдануының 30 жылдығына арналған. Бұл іс-шараның шеңберінде 2018 жылы Алматыда бірінші Өңірлік конференция өткізілген мезеттен бастап қол жеткізілген нәтижелер қаралды.

Азаматтықсыздық мәселесі бүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдарға қатысты. Азаматтықсыздық адамдардың заңды құқықтарынан немесе негізгі қызметтерді алу құқықтарынан айырылуына әкеліп соқтығызады, осының нәтижесінде олар саяси және экономикалық өмірден тыс, кемсіту мен қатыгездікке ұшырайды. Азаматтықсыздықты бүкіл әлемде тоқтату – бұл өршіл, алайда қол жеткізуге болатын мақсат.

Балнура Куралова, ЮНИСЕФ-тің әлеуметтік коммуникация бойынша маманы, bkuralova@unicef.org, +7(7172)322878 (вн.106), +77019100808

 

#IBelong науқаны туралы:

#IBelong – бұл БҰҰ БЖКБ 2024 жылға қарай азаматтығы жоқтықты тоқтату бойынша науқаны. Бүгінгі таңда барлық континенттерде миллиондаған әйелдер, ер адамдар мен балалардың азаматтықтары жоқ. Олар қалған адамдар үшін кепілдендірілген адам құқықтарынан айырылған. Азаматтығы жоқ тұлға болу құқықтық сәйкестігінің, төлқұжатының, дауыс беру құқығының, медициналық қызмет алу құқығының, білім алу құқығының жоқтығын білдіреді. БЖКБ мұндай әділетсіздікті жоятын кез келді және бұл мәселені шешуге әбден болады деп есептейді. Кейбір елдердің үкіметтері заңдар мен процедураларға өзгерістер енгізу мүмкіндігі бар және олар қарапайым екендігін көрсетті. БҰҰ БЖКБ өзінің зардап шеккендерді қорғау, осы мәселені шешу және азаматтығы жоқтықты болдырмау бойынша Жаһандық іс-қимылдар жоспарында оларды қолдайды.

БЖКБ және азаматтығы жоқтық жағдайы туралы:

БҰҰ БЖКБ-ның азаматтығы жоқ тұлғаларға көмек көрсету және азаматтығы жоқтықты болдырмау қызметінің құқықтық іргетасы апатридтер мәртебесі туралы 1954 жылғы Конвенция және азаматтығы жоқтықты қысқарту туралы 1961 жылғы Конвенция болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясы сонымен қатар БҰҰ БЖКБ-на азаматтығы жоқтықтың алдын алу және оны қысқарту бойынша, сол сияқты азаматтығы жоқ әйелдерді, ер адамдарды және балаларды қорғау бойынша ресми мандат берді. Ұйымның мамандары барлық әлем бойынша азаматтығы жоқтықты түбірімен жою стратегиясын жүргізеді. Өзінің бірегей мандатын орындау үшін БҰҰ БЖКБ өкіметтермен және азаматтық қоғаммен әріптестікте жұмыс істейді.

ЮНИСЕФ және көші-қон:

Қазақстанда ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың қолдауымен бірнеше елдердің, соның ішінде Бангладеш, Мьянма, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд үкіметтерімен ынтымақтастықта «Көші-қон үдерістеріндегі балалардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын жүзеге асыруда. Негізгі мақсаты - көші-қон үдерістеріндегі балалардың құқықтарын тиімді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету. Бірлескен бағдарлама балалар мен олардың отбасыларының қай жерде орналасқанын және олардың қайта бірігуін анықтау, балалардың азаматтығы жоқтығын болдырмау, көші-қон үдерістеріндегі балалардың жағдайын бақылау және қызметтерді дамыту үшін елдер арасындағы өзара қолдау және ақпарат алмасу жүйесін құру және нығайту бойынша Орталық Азия елдерінің үкіметтері арасындағы диалогты қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

Медиа байланыс

Балнура Куралова

Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.