Сирия мен Түркияның миллиондаған баласына шұғыл түрде көмек керек.

17 ақпан 2023
A girl on the rubble in Turkey
UNICEF/UN0781435/Ölçer

АСТАНА, 17 ақпан 2023 жыл – ақпанның басында Түркия мен Сирияның оңтүстік-шығысының тас-талқанын шығарған екі жер сілкінісі мен ондаған қайталанып орын алған дүмпулер кесірінен балалар мен отбасылар әлі де бұрынғыдай қауіпті жағдайда отыр. Түркияның 10 провинциясында тұратын, жер сілкінісінен зардап шеккен халықтың саны 13,5 миллион адамды құрады, оның 4,6 миллионы – 17 жасқа дейінгі балалар. Ал Сирияда, ағымдағы бағалауға қарағанда, 2,6 миллион баланы қосқанда, кемінде 6 миллион адам зардап шеккен.

Мыңдаған үйлер қирады, температура тұрақты түрде нөлден төмендеп, ал қар мен мұзды жаңбыр әдетті құбылысқа айналған қауіпті ауа райы жағдайларының құрбаны бола отырып, отбасылар қысқы уақытта үйлерінен қашуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, өңірдің кейбір аудандарына жақында қатты боран соқты, мұның өзінде келешекте температура минус көрсеткішке төмендейтіні болжануда.

ЮНИСЕФ-тің әзірге нақтыланған цифрлары болмаса да, жер сілкінісі кесірінен көптеген мектептер мен ауруханалар және көптеген өзге де медициналық және білім беру мекемелері қирағаны және бұзылғаны белгілі, ол балаларға әсерін тигізбей қоймады.

ЮНИСЕФ серіктестерімен бірлесе отырып, Сирия мен Түркияда зардап шеккен отбасылар мен балаларға өмірлік маңызды көмек көрсетуін жалғастыруда, оларға қауіпсіз ішетін суға, тамаққа, санитария мен гигиена заттарына, сондай-ақ медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етіп отыр, мұның өз кезегінде дағдарыстың алғашқы күндері ауруға шалдығуды болдырмау үшін шешуші маңызы бар. ЮНИСЕФ сонымен қатар мыңдаған балалар мен сәбилерге қысқы жылы киім мен көрпе, көшірілген отбасыларға гигиеналық жиынтықтар мен емізулі балаларға жинақтамалар жеткізуге қолдау көрсетіп жатыр. ЮНИСЕФ-тің қызметкерлері сол жерде залал ауқымына баға беріп, шұғыл түрде бір мезгілде зардап шеккен балалар мен отбасыларға көрсетілетін гуманитарлық көмектің көлемін ұлғайтуда. Орын алған жағдайды ескере келе, гуманитарлық қажеттіліктер тек қана өседі.

«Алғашқы күндері-ақ ұйымшылдық танытып, қолынан келген көмегін аямаған Қазақстанның жанашыр азаматтары мен ұйымдарына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ-тің Сирия мен Түркия халқының басына түскен оқиғаларға әрекет етудегі күш-жігерін қолдау үшін Halyk Homebank қосымшасында қаражат жинауды ашқаны үшін Halyk Bank-ке алғысымызды білдіреміз. Дәл қазір, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін зардап шеккен балалар мен отбысаларға гуманитарлық көмек ауқымын кеңейтудің қажеттілігі артуда, сондықтан Сирия мен Түркиядағы ЮНИСЕФ-тің жұмысына кез-келген көмек және қолдау көрсету аса маңызды», - деп, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен мырза атап өтті. Бүгінгі күннен бастап отбасынсыз қалған балаларға көмек көрсету үшін қаражатты Halyk Homebank қосымшасында, «Төлемдер» - «Қайырымдылық» бөлімінде жүргізуге болады.

Қосымша ақпарат:

ЮНИСЕФ сол жерлерде қандай көмек көрсетуде:

UNICEF

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ жайлы

ЮНИСЕФ әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.Өз серіктестерімен бірлесе отырып, ЮНИСЕФ әлемнің 190 елінде және бүкіл өңірлерінде барлық балалардың игілігіне мейлінше осал және шеттетілген балаларға аталған міндеттемелерді, практикалық іс-әрекеттерді балалардың игілігі үшін, әлем барлық түкпірінде асыру үшін жұмыс істейді. ЮНИСЕФ-тің қызметі жайлы толығырақ www.unicef.org. сайтында Біздің Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға тіркеліңіздер.