Сарапшылар Қазақстанда аралас оқытудың постковид инклюзия стратегиясын талқылауда

23 Желтоқсан 2020
School boys
UNICEF/Zhagiparov

22 желтоқсан 2020, Нұр-Сұлтан – Қазақстанда COVID-19 пандемиясы жағдайында инклюзивті тәсілдемелердің цифрлік және аралас оқытуды қамтамасыз ету бүгінгі пікірталастың басты тақырыбы болды. Виртуалды вебинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ), Дүниежүзілік банкпен және Білім және Ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бұл пікірталас білім беру саласының мамандарының COVID-19 пандемиясы жағдайында мектеппен байланысты денсаулық сақтау шараларын жүзеге асырудағы потенциалын арттыруға, оқу шығындарын азайтуға және балаға бағытталған инклюзивті цифрлық және аралас оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Соңғы үш ай аралығында білім және денсаулық сақтау департаменттері, мектеп басшылығы мен мұғалімдер балаға бағытталған аралас оқу және қолданымдағы бар оқу шешімдерін барлық балалардың қажеттіліктеріне бейімдеу атты талқылауларға шақырылды.

COVID-19 пандемиясы кезінде цифрлық білімге бейімделу әлемдегі көптеген балаларға қиын болғанын және Қазақстанда аралас оқыту тұжырымдамасымен танысу қажеттілігі туындағанын дәлелдеді. Бұл сандық әлеуетті кәсіби біліктілік пен білім беру жүйесін жетілдіру үшін толығымен пайдалану керек.

«Әлемдегі осал топтарының оқушыларына цифрлық алшақтықтылық қатты әсер етуде және олардың білім беру жүйесінен шығып кету қаупі төндіруде», - деді
Жан-Франсуа Марто, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі. Сондықтан, ең алдымен, осы топ оқушыларына оқуда айтарлықтай прогреске жету үшін шығындардың орнын толтыру үшін қажетті шаралар кешенін бағыттау маңызды. Әрине, оқытудың ерекше қажеттіліктері бар оқушылары үшін оқу процесінде қолдау және барлық кезеңдерде тиімді бақылау мен бағалау жүргізу керек».

Мектептердің жабылғанынан кейін әлемдегі елдер оқу теңсіздігін болдырмау үшін, әсіресе әлеуметті әлсіз және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін түзету және аралас оқыту бағдарламаларына назар аудару басталды.

ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі, Криста Пиккат сөзінде «Қазақстанда цифрлық оқыту шешімдері онлайн-оқу үшін дайындалды, дегенмен, мүмкіндігі шектеулі балалар мен арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген инклюзивті платформалар әлі жоқ. Бізге инклюзивті оқуды машықтануға мүмкіндік беретін көмекші құрылғылар туралы ақпарат жеткіліксіз, мысалы ұтқырлықты, есту, көру және қарым-қатынас дағдыларын арттыратын арнайы компьютерлік жабдықтар мен құрылғылар саны әлі де аз».

«COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтықтан оқытуға көшу балалар үшін, әсіресе білім алу жолында қолайсыз жағдайда болған балалар үшін өте қиын болды. Цифрлық оқыту платформалары мен материалдары мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру қажеттіліктеріне жеткілікті түрде бейімделмеген, сондықтан мектептердің жабылуы оларға қауіп төндіреді. Бірақ егер біз сандық оқыту құрылғылары мен бағдарламаларына бейімделе алсақ, бұл болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға үлкен мүмкіндіктер есіктерін ашады. Инклюзивті қашықтықтан оқу аралас оқытумен бірге болу керек және бірнеше білім алу тәсілдері ішінде негізгі компонентінің бірі бола алады», - деді Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі.

Пікірталас сарапшылары аралас оқыту тұжырымдамасымен және халықаралық тәжірибелермен танысып, осы тәсілдің білім берудегі артықшылықтарын анықтады, сонымен қатар Қазақстандағы онлайн-оқыту платформаларын зерттеді.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру платформаларын дайындау және оларды қолдау бойынша бизнес өкілдерімен ынтымақтастық орнатуда. Біріншіден, барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқу материалдар мен техникалық шешімдердің сапа стандарттарына сай болу маңызды», - деді Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің  инновациялар департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Сонымен қатар, сарапшылар инклюзивті білім беру мүмкіндіктері шектеулі балалардың тең мүмкіндіктерге және кемсітушілікке қарсы, білім берудегі өзгертудің маңызды бөлігі болды және болатынын атап өтті. Онлайн-оқуды жалғастыру үшін адаптивті шешімдер мен сандық материалдар, көмекші технология және онлайн-оқу платформалар болу қажет, осының бәрі мүмкіндіктері шектеулі балалардың қол жетімді және инклюзивті  қолдау арқылы дифференциалды оқыту материалдары көмектеседі.

 

Редакция үшін ескертпелер:

ЮНИСЕФ өзінің барлық әрекеттін әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау үшін бағыттайды. Біз өз серіктестерімізбен бірге ең осал және оқшау қалған балаларды қамту үшін бар күшді шоғырландырып, осы міндеттемені балалардың игілігі үшін 190 ел мен аймақта қызмет атқарамыз. ЮНИСЕФ және оның балаларға арналған жұмысы туралы қосымша ақпаратты www.unicef.org/kazakhstan  сайтынан қараңыз. Қазақстанда ЮНИСЕФ-ті InstagramFacebook және Twitter-де бақылаңыз.  

ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымының мамандандырылған мекемесі. Ол білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған. ЮНЕСКО бағдарламалары 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған 2030 күн тәртібінде айқындалған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. ЮНЕСКО және оның Орталық Азиядағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.unesco.kz сайтына кіріңіз. Алматыдағы ЮНЕСКО жаңалықтарын InstagramFacebookYouTube және Twitter-де бақылаңыз

ДДСҰ-ның елдік кеңсесі - ДДҰ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі орталығы. Елдік кеңсенің басты бағыттары ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы мен қабылдаушы ел арасындағы екі жылда бір рет жасалатын ынтымақтастық туралы келісімде көрсетілген. Кеңсе ұлттық институттармен және халықаралық серіктес агенттіктермен тығыз ынтымақтастықта келісімді жүзеге асырады. ДДҰ-ның Қазақстандағы СО туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа https://www.euro.who.int/kz/countries/kazakhstan/who-country кіріңіз. Қазақстандағы ДДҰ жаңалықтарын InstagramFacebookYouTube және Twitter арқылы бақылаңыз.

Дүниежүзілік банк тобы дамушы әлемдегі білім берудің ең ірі демеушісі болып табылады. Біз 80-нен астам елде білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейміз және 2030 жылға қарай сапалы білім алуға және үздіксіз оқу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақыратын елдерге тұрақты дамудың 4-ші мақсатына қол жеткізуге ұмтыламыз. Дүниежүзілік Банктің білім беру саласындағы жаһандық тәжірибесі бүкіл әлем бойынша елдерге COVID-19 дағдарысына білім берудің әрекет ету шаралары туралы ақпарат пен ресурстарды ұсынады. Қазақстандағы Дүниежүзілік банк туралы қосымша ақпарат алу үшін www.worldbank.org/kz сайтына және біздің Facebook-қа кіріңіз.

Неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін:

Эльвира Яушева

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Тел: +7 707 109 8553

Email: eyausheva@unicef.org

 

Нұр-Сұлтандағы Дүниежүзілік банк тобы, Шынар Жетписова, +7 701 5242844, sjetpissova@worldbank.org

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter