Маусым ғаламдық деңгейде ата-аналар айы деп аталды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) алғаш рет бүкіл әлемде ата-аналарды қолдауға арналған жаһандық акция өткізуде.

03 Маусым 2019
Семья из Казахстана
ЮНИСЕФ

3 маусым, Нұр-Сұлтан - 1 маусым, Біріккен Ұлттар Ұйымы тағайындаған Дүниежүзілік ата-аналар күніне орай, ЮНИСЕФ және серіктестер әлемнің барлық елдеріндегі үкіметтерді ата-аналарға балаларды тәрбиелеуде толық қолдау көрсетуге шақырды, әсіресе баланың алғашқы жылдарында.

Бала өмірінің алғашқы жылдарында ми өте жылдам дамиды - әрбір секунд сайын миллионнан астам жаңа нейрондық байланыстар пайда болады. Осы кезеңде баланың ең маңызды мүмкіндіктері – оқу-үйрену, даму және қоғам өміріне өз үлесін қосу сияқты дағдылары қалыптасады. Осының барлығына қол жеткізу үшін әр балаға жақсы тамақтану, ата-аналардан немесе басқа қамқоршылардан көңіл бөлу және ынталандыру қажет.

Балаларға өмірде жақсы бастау беру үшін ата-аналар баланы махаббатпен, қамқорлықпен және күлкі мен ойынмен қамтамасыз етуде ата-аналарға бос уақыт қажет. Отбасыларға бағытталған саясат – екі ата-анаға да берілетін декреттік демалыс, бала емізетін балаларға арналған үзілістер, балаларға арналған мекемелер мен жәрдемақылар – ата-аналарға балаларымен сапалы уақытты өткізу үшін мүмкіндік береді.

Көптеген ата-аналар өз отбасыларын тамақтандыру үшін үйден тыс жерлерде көп жұмыс істеуге тиіс. Бала құқықтары туралы конвенция (18-бап) үкіметтер балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды қолдауға міндетті, әсіресе екі ата-ана да үйден тыс жерде жұмыс істейтін болса. ЮНИСЕФ бизнестерді отбасыларға бағытталған саясатқа қаражат инвестициялауға шақырады. Ол гүлденген және әділ қоғам түріндегі дивидендтерді әкеледі.

Ата-аналар айының құрметіне Қазақстанда ЮНИСЕФ бірнеше іс-шараларды жоспарлап отыр:

• Позитивті тәрбиелеу веб-сайтын іске қосу

• Әкелер күнін тойлау (16 маусым)

• Ата-аналарға арналған сауалнама жүргізу

• Қазақ тілінде тәрбиелеу жөнінде онлайн мастер-класстар өткізу

• Instagram әлеуметтік желісіндегі ЮНИСЕФ Қазақстандағы ресми елшісі Динара Садуақасованың анасы жүргізетін науқан.
 

 

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс құралдары арқылы хабарласыңыздар:

Балнұр Құралова, көші-қон мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман, тел.: +7 701 910 08 08; эл. мекен-жай: bkuralova@unicef.org

ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпаратты сайттан таба аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan. ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылыңыздар.

 

 

Медиа байланыс

Балнура Куралова

Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.