Кавказдағы және Орталық Азиядағы балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын жақсарту жөніндегі симпозиум

Симпозиумда балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын жақсарту мақсатында сегіз елден келген үкімет өкілдері мен сарапшылар бас қосады

23 Сәуір 2019
Мама кормит малыша, Туркестан, Казахстан
UNICEF/Kaliyev

НЕ? Симпозиумда балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын жақсарту мақсатында сегіз елден: Орталық Азиядан, Армениядан, Грузиядан, Әзірбайжаннан келген денсаулық сақтау, азық-түлік және ауылшаруашылық саласындағы үкімет өкілдері мен сарапшылар бас қосады.

Қатысушылар балаларға арналған тұрақты тамақтану жүйесін қамтамасыз ету және оны басқаруды жақсарту үшін өзара іс-шаралар жайлы талқылап, оларды бекітетін болады.

Симпозиум 2018 жылдың шілдесінде барлық 8 қатысушы елдің міндеттемесі негізінде іске асырылған Аймақтық Тамақтанудың Мүмкіншіліктерін Дамыту және Әріптестік Платформасының Іс-қимыл Жоспары аясында ұйымдастырылды. Қазақстан үкіметі екі жыл бойы Хатшылықтың Төрағасы болып табылады.

НЕГЕ? 2018 жылғы тамақтану туралы Жаһандық есепке сәйкес:

• Аймақ тамақтануға байланысты қос ауыртпалыққа тап болып отыр, біріншісі - балалар мен жасөспірімдерге құнарлы тамақтанудың жетіспеуі себебінен балалардың 10 пайыздан астамының бойлары өздерінің әлеуетті өсу деңгейіне жетпейді,  екіншісі - семіздік көрсеткішінің қарқынды өсуі байқалады (2000 жылдан бері 80 пайыздан астам).

• Қазіргі уақытта Орталық Азияда балалар семіздігінің таралуы әлемде екінші орында (10,7%), сонымен қатар 2000 жыл мен 2017 жыл аралығында артық салмағы бар бес жасқа дейінгі балалардың саны 1,6-дан 3,2 млн. дейін екі есеге артты.

• Аймақтағы азық-түлік және тамақтану жүйесін басқару балаларды аталған қос ауыртпалықтан қорғай алмады, демек, мемлекет балалар мен жасөспірімдердің салауатты тамақтануын қамтамасыз етуге қаражат салуды жалғастыруы тиіс.

ҚАШАН: 24-26 сәуір, 2019 жыл

ҚАЙДА:  Рэдиссон қонақ-үйі, Сарыарқа даңғылы 4, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы

КІМ: Симпозиум ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия аймақтық офисінің Қазақстан Үкіметі мен басқа да БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған.

 

Байланыс ақпараты:

Зарина Нұрмұхамбетова, тел: +7 7172 322878 ішкі 112, email: znurmukhambetova@unicef.org

Динара Салиева, тел: +7 702 8450527, email: dsaliyeva@unicef.org

 

Медиа байланыс

Динара Салиева

Қоғаммен байланыс кеңесшісі

ЮНИСЕФ

Тел: +7 702 845 05 27

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.