Заңмен байланысқа түскен балалардың мүддесін қорғау басты ұлттық мүдделердің біріне айналмақ

Республикалық жиналыста заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамыту мәселелері талқыланды

30 Сәуір 2019
Республиканское совещание "Правосудие для детей"
UNICEF/2014/Qalau

Нұр-Сұлтан, 30 сәуір 2019 жыл - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп ұйымдастырған республикалық жиналыста заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар қатысты.

Жиналысқа қатысушылар 2019 жылғы 1 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көрсетілген оң өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Осындай өзгерістер қиын жағдайға тап болған және заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамытуға жақсы негіз болып табылады, себебі бала құқықтарымен айналысатын ұйымдарды құру мен олардың жұмыс істеуіне қатысты мәселерді жан-жақты шешуге бағытталған деп қорытындалды.

Сонымен қатар, заңда балаларды қайта әлеуметтендіру мен тәрбиелеу, кәмелетке толмаған бала ата-анасының немесе заңды өкілінің міндеттерін негізсіз орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау сияқты өзгерістерді қамтиды.

ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсаинов заңнамадағы негізгі өзгерістер және осы өзгерістердің заңмен байланысқа түскен балалардың құқықтарын қорғаудағы әсері туралы айтып өтті. «Заңдағы басты өзгерістердің бірі - ұлттық алдын-алу механизмінің (ҰАМ) мандатының кеңеюі, ол балалар құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ҰАМ ұйымдары қатысатын объектілер, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтерді («Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы») ұсынатын субъектілерді қосу арқылы жүзеге асады».

«ЮНИСЕФ жаңа заңнамалық нормалар қиын өмірлік жағдайларға тап болған және заңмен байланысқа түскен балаларды қолдау және оңалту тетіктерін жетілдіреді деп үміттенеді», - деп Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Юрий Оксамитный атап өтті. Сонымен бірге ол қиын өмірлік жағдайдағы балалар үшін кәсіби және жоғары кәсіби қызметтерді күшейту арқылы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуды жалғастыру қажет деп айтып өтті. «Мұндай қызметтерді дамыту кезінде Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген халықаралық принциптерді сақтау маңызды, бұл бала мүддесін қорғау, конфиденциалдықты қамтамасыз ету, отбасылық жағдай орнату және кемсітушілікке жол бермеуді қамтиды», - деді Юрий Оксамитный.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе заңмен байланысқа түскен балаларға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер көрсетудегі отандық және халықаралық тәжірибелер қарастырылды. Қатысушылар заңмен байланысқа түскен балаларға қызмет көрсетудегі практикалық аспектілер мен стандарттарды, оның ішінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын талқылады.

Жиналысты ұйымдастырушылар құқық бұзушылық жасау қаупі бар балаларға қызмет көрсетудің балама үлгісі туралы бейнероликтерді көрсетті, әділсот жүйесіндегі балалармен жұмыс істеуге қатысты практикалық құралдарды таратты, заңмен байланысқа түскен балалар, ата-аналар мен мамандарға арналған ақпараттық чек-листтер мен брошюраларды ұсынды.

«Қиын өмірлік жағдайдағы немесе заңмен байланыста болған барлық балаларға тең қызмет көрсету маңызды. Мұндай балалар көбінесе кемсітушіліктің құрбаны болып табылады, мысалы, білім мен қызметтер алуда, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болады», - деді Юрий Оксамитный.

Іс-шараға қатысушылар заңнамаға қатысты қабылданған түзетулерді ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғауда келешек әрекет жасау жоспарын бекітті.

2014 жыл мен 2018 жыл аралығында Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ мемлекеттік органдар, әкімдіктер және үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, «Балаларға арналған сот төрелігін нығайту және олардың құқықтарын қорғау» атты бағдарламаны жүзеге асырды. 

 

###
 

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс құралдары арқылы хабарласыңыздар:

Балнұр Құралова, көші-қон мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман, тел.: +7 701 910 08 08; эл. мекен-жай: bkuralova@unicef.org

ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпаратты сайттан таба аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan. ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылыңыздар.

 

Медиа байланыс

Балнура Куралова
Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.