Еуропа мен Орталық Азияда жарты миллионға жуық бала интернаттық мекемелерде тұрады
Еуропа мен Орталық Азиядағы балаларды институционализациялаудың ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан ауыр мұрасын тоқтату үшін әлі де көп уақыт бар, өйткені ЮНИСЕФ-тің жаңа баяндамасына сәйкес, осы аймақтың аумағында интернат мекемелерде тұрады

ЖЕНЕВА, 2024 жылғы 18 қаңтар – Бүгін ЮНИСЕФ жариялаған жаңа баяндамаға сәйкес, Еуропа мен Орталық Азиядағы жарты миллионға жуық немесе 456 мың бала интернат үлгісіндегі мекемелерде, соның ішінде ірі мекемелерде тұрады.
«Қорғауды жақсарту жолдары: Еуропа мен Орталық Азияның баламалы күтім жүйесіндегі балалардың жағдайын бағалау» баяндамасында Еуропа мен Орталық Азияның интернаттық мекемелерінде тұратын балалардың үлесі дүние жүзіндегі 100 мың балаға шаққанда 105 баламен салыстырғанда 100 мың балаға шаққанда 232 баланы құрайтын әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екендігі атап өтілді. Қазақстанда бұл көрсеткіш орташа әлемдік көрсеткіштен асып түседі және 100 мың балаға шаққанда 227 баланы құрайды.
«Біз Еуропа мен Орталық Азиядағы балаларды институционализациялаудың жылдар бойы жалғасып келе жатқан ауыр мұрасын жою үшін ұзақ жолдан өтуіміз керек. Кейбір жақсартуларға қарамастан әлі де айырмашылық бар. Мүгедектігі бар балалар көп жағдайда назардан тыс қалады», - деді ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Аймақтық директоры Реджина Де Доминичис.
«Соңғы он төрт жылда Қазақстан интернаттық мекемелердегі балалар санын қысқарта алды. Көптеген балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына немесе отбасылық үлгідегі үйлерге айналды. Бірақ әлі де 12 000-нан астам бала интернат мекемелерінде тұрады. Мүгедектігі бар балалар интернаттық мекемелердегі балалардың жалпы санының 24% құрайды. Қазақстан Үкіметімен және азаматтық қоғаммен бірлескен ЮНИСЕФ-тің міндеті - балалардың интернаттық мекемелерге ағынын азайту, әрбір бала мен отбасын оның бөлінуіне жол бермеу және отбасылық үлгідегі баламалы қорғаныс жүйесін нығайту үшін қажетті әлеуметтік қызметтер және қолдаумен қамтамасыз ету», - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің м.а. Летисия Баззи-Вейл. Сондай-ақ ол интернаттық мекемелерде тұратын балалар туралы сапалы мониторинг пен деректерді жинаудың маңыздылығын атап өтті. Бала күтімі жүйесін реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу осы бағыттағы прогресті жеделдетуге көмектеседі.
Батыс Еуропада интернаттық мекемелердегі балалар санының ең жоғары көрсеткіші тіркелді: 100 мың балаға 294 бала, бұл әлемдік деңгейден үш есе жоғары. Батыс Еуропа мекемелері әдетте жергілікті қауымдастықтарға біріктірілген шағын құрылымдар болғанымен, оның бүкіл аумағындағы отбасыларға емес, интернаттарға жіберілген балалардың саны әлі де тым көп. Жоғары көрсеткіш ішінара соңғы жылдары Еуропадан пана іздеген отбасылардан бөлінген және қарамағында болған балалар мен жасөспірімдер санының артуына байланысты.
Баяндамада кейбір оң үрдістер де атап өтілді. Мысалы, 2010 жылдан бастап көптеген елдерде интернаттық мекемелерде тұратын балалардың үлесі азайды. Болгария, Молдова және Грузиядағы деректер отбасылық күтім ресми баламалы күтімнің басым түріне айналғанын көрсетеді, өйткені үкіметтер деинституционализация саясатын жүргізді және отбасын күтуге қомақты қаражат салды. Түркия мен Румынияда алдын алу, отбасыларды қолдау және патронаттық тәрбиені дамытуға салынған инвестициялар балалар үйлері сияқты белгілі бір үлгідегі интернаттық мекемелеріндегі балалардың санын азайтуға көмектесті.
Дегенмен мүгедектігі жоқ балаларға қарағанда интернатқа жиі баратын мүгедектігі бар балаларға қатысты прогресс шамалы. Тиісті деректері бар елдерде мүгедектігі бар балалар интернаттық мекемелердегі балалардың 4-тен 87 пайызына дейін құрайды. Деректер бар елдердің жартысынан көбінде 2015-2021 жылдар аралығында барлық үлгідегі ресми балама күтім жүйесіндегі мүгедек балалардың үлесі өсті.
Отбасынан бөліну мен институционализацияның балалардың денсаулығына, дамуына және әл-ауқатына теріс әсері көптеген құжаттармен расталған. Ірі мекемелерде тұратын балалар көптеген жағдайларда эмоционалды немқұрайлылыққа ұшырайды және жиі зорлық-зомбылық пен қанауға ұшырайды, бұл психикалық денсаулыққа, психологиялық күйзеліске және жарақатқа әкеледі.
Белгілі бір мекемелердегі балалар балалық және ересек өмір бойы оң қарым-қатынас орнатуда қиындықтарға тап болуы мүмкін, сондықтан олар өздерін оқшауланған және жалғыз сезінеді. Интернаттарға орналастырылған балалар, әсіресе ерте жаста когнитивті, лингвистикалық және дамудың басқа да кідірістеріне ие болуы мүмкін және институционализация циклдарын бекітетін заңмен жиі қақтығысады.
Бала құқықтары туралы конвенцияға, Мүгедектігі бар адамдар құқықтары туралы конвенцияға және БҰҰ-ның Балама күтім жөніндегі нұсқаулығына сәйкес ЮНИСЕФ балаларды орналастыру және оқыту үшін пайдаланылатын ірі мекемелерді дәйекті түрде жабуға шақырады. Бұл мүгедектігі бар балалар немесе сүйемелдемейтін балалар мен отбасыларынан бөлінген балалар тұратын интернат үлгісіндегі мекемелерді отбасы және жергілікті қоғамдастық деңгейіндегі жоғары сапалы күтім жүйесімен ауыстыруды көздейді.
ЮНИСЕФ тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтауды және ерте араласуды, әлеуметтік қызметтердің тиімді қызметкерлерін, отбасынан қажетсіз бөлінуді болдырмау үшін отбасын қолдау қызметтерін және қорғауды қажет ететін балаларға сапалы патронаттық тәрбие беруді қамтамасыз етуге тиісті қаражат салуға шақырады. Интернаттық мекемелерге орналастырудан бас тарту, сондай-ақ отбасы мен жергілікті қоғамдастық деңгейінде күтімді қамтамасыз ету және сапалы деректерге инвестиция салу мақсатында ресурстарды қайта бөлу өте маңызды.
ЮНИСЕФ отбасыларды сақтауға жәрдемдесу және отбасы мен жергілікті қоғамдастық деңгейінде күтімді ұйымдастыруға қолдау көрсету мақсатында бүкіл аймақтағы үкіметтермен және серіктестермен жұмыс істейді. Бұл қызмет институционализация саясаты мен бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды, балаларды туыстарынан бөлу жағдайларының алдын алу үшін отбасын қорғау және қолдау қызметтерін кеңейтуді және отбасы мен жергілікті қоғамдастық деңгейінде күтімді қамтамасыз етуді, отбасыларды біріктіруді және тәуелсіз өмірге қауіпсіз көшумен қатар отбасына қайта кіруді қамтиды. Сонымен қатар ЮНИСЕФ баламалы күтім жүйесіндегі балалар туралы деректердің қолжетімділігін, салыстырмалылығын және сапасын арттыру мақсатында Үкіметтермен және Ұлттық статистикалық басқармалармен ынтымақтасады.
###
Редакторларға арналған ескертпелер:
Баяндамада TransMonEE желісінің, DataCare бастамасының және бүкіл аймақтағы басқа көздердің деректері жинақталған. Онда баламалы күтім мен бала асырап алу жүйесіндегі балалар туралы, сондай-ақ сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бөлшектелген сапалы деректерді жинауға және ұсынуға байланысты оқиғалар мен проблемалар туралы мәліметтер талданады.
Баламалы күтім жүйесіндегі балалар туралы деректердің қолжетімділігін, сапасын және салыстырмалылығын арттыруға бағытталған ЮНИСЕФ жұмысы DataСare бастамасын Eurochild желісімен бірлесіп іске асыруды және TransMonEE бастамасы шеңберінде деректер сапасын жақсарту бойынша өңірдің 30 ұлттық статистикалық басқармаларының желісімен серіктестікті қамтиды. Cонымен қатар ЮНИСЕФ Еуропалық статистиктер конференциясының «Балалар туралы статистика» нұсқаулығын әзірлеуге қолдау білдіріп, көмек көрсетті және Еуропалық Одақтың серіктестерімен балаларға арналған еуропалық кепілдік шеңберінде бүкіл Еуропадағы баламалы күтім жүйесіндегі балалардың жағдайын бақылау және салыстыру мақсатында ынтымақтасады.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ ең осал балаларды қамту үшін өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз өз қызметімізді әр баланың игілігі үшін, әлемнің барлық жерінде 190 ел мен аумақта жүзеге асырамыз, оны барлығына жақсырақ етуге тырысамыз.
ЮНИСЕФ және оның қызметі туралы қосымша ақпаратпен мына сайттан танысуға болады: www.unicef.org/eca
ЮНИСЕФ жаңалықтарын Facebook, Instagram, YouTube, Х (Twitter) қадағалаңыз.