Еуропалық Одақ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және ЮНИСЕФ миграциялық үдерістердегі балалардың қорғалуын жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуде

06 Мамыр 2020
Семья из Шымкента
UNICEF/Kaliyev

6 мамыр 2020, Нұр-Сұлтан – Еуропалық Одақ және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп «Көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау» бағдарламасы аясында мемлекеттік органдардың, Орталық Азия елдерінің елшіліктерінің, БҰҰ БЖКБ, ХМҰ, академиялық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.  Бағдарлама серіктестері көші-қон үдерістеріндегі балалардың құқықтарын қорғаудың нәтижелері мен болашақ әрекеттерін талқылады.

Қазақстанның үш аймағында көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау жөніндегі бағдарламалар іске қосылды, олардың мақсаты көші-қон үдерістеріндегі балаларға жан-жақты әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету болып табылады. Қазіргі уақытта бағдарлама серіктестері көші-қонға ұшыраған балалар арасында COVID-19 таралуын болдырма үшін жұмыс жасауда. Бұл әрекеттердің қатарына мекемеде инфекцияның таралуын болдырмауға көмектесетін гигиена ережелерін насихаттау кіреді. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, халықтың ең осал топтарынының арасында - көші-қон процестеріндегі балалар, тұрғылықты жеріндегі күтімдегі балалар және әртүрлі аймақтардағы ең осал отбасылар - COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі шаралар аясында парақшалар мен плакаттарды таратуда.

«Мигранттардың отбасылары мен балаларына COVID-19 тікелей және қайталама әсер ету қаупі жоғары. Сондықтан, ең осал балалар үшін әлеуметтік қорғау шараларын күшейту өте маңызды. Біз пандемиядан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмекті кеңейту бойынша қабылданған Қазақстан Үкіметінің шараларын қолдаймыз », - деді Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі.

ЮНИСЕФ сонымен бірге Қазақстан мен Қырғызстан арасында ақпарат алмасу кезінде көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау мүмкіндіктері мен кемшіліктерін зерттеуде. Бұл зерттеудің нәтижелері ақпарат алмасу тетіктерін ілгерілету және көші-қонның барлық кезеңдеріндегі балаларды қолдау үшін шекаралық үйлестіруді күшейту үшін қолданылады.

«Біз мигрант отбасылар мен олардың балаларын жақсырақ қорғау үшін Қазақстан мен Қырғызстан арасында трансшекаралық ақпарат алмасуды зерттеу туралы шешімді құптаймыз. Мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ осы зерттеуге қатысып жатқан үкіметтік және үкіметтік емес тараптарға көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін», - деді Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен.

Кездесу барысында қатысушылар сондай-ақ Орталық Азиядағы көші-қонның ерекшеліктерін, ата-анасыз және отбасысыз балалардың жағдайын, көші-қонға қатысатын мамандарды даярлауды және мигрант балаларды қорғауға бағытталған арнайы қызметтерді талқылады. Бұл қызметтер енді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында қол жетімді.

«Біз көші-қон үдерістеріндегі балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмысты жалғастырамыз. БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) жұмыс жоспары бар, келешекте нормативтік-құқықтық актілер деңгейінде мигрант балалар үшін қызметтерді заңнамалық қайта қарау және жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Келесі кездесуді Қазақстанның бір аймағында өткізіп, орталықтардың жұмысымен танысуды ұсынамыз», - деді Эльвира Азимова, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

 

Қосымша ақпарат:

Көші-қон үдерістерінгі балаларды қорғауға бағытталған көп елдік бағдарламаны ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Бангладеш, Малайзия, Мьянма, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд сияқты бірнеше үкіметтермен бірлесіп жүзеге асырады. Негізгі мақсат - көші-қон үдерістерінгі балалардың құқықтарын тиімді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі: 2017 - 2021 жж.

 

Медиа байланыс

Балнура Куралова
Көші-қон және білім беру мәселелері бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі маман
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (106)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.