Елордада «Жәрдемақы +» атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша талқылау өтті

08 Тамыз 2019
Social protection
UNICEF/Bukenova

Нур-Султан, 8 тамыз – бірқатар министрліктердің, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары, сондай-ақ елорда әкімдіктерінің өкілдері «Жәрдемақы +» атаулы әлеуметтік көмектің біріктірілген үлгісін іске асыру жайлы талқылады. Семинар Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылды.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Вероника Ващенко өз сөзінде елдегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда ЮНИСЕФ белсенді ат салысып жатқандығын атап өтті.

2019 жылдың 27 ақпанында Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2016 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп әзірлеген ЮНИСЕФ-тің ұсыныстары ескерілген жаңа әлеуметтік көмек бағдарламасын қабылдағандығы жайлы жариялады.

«ЮНИСЕФ күнкөрісі төмен азаматтар мен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті күшейтуге бағытталған Қазақстан Үкіметінің биылғы бастамасын қолдайды», - деді Вероника Ващенко.

Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаларын жетілдіру міндеттерін тиімді орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, «Жәрдемақы + қызметтер» атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаларын ұсынудың біріктірілген үлгісін енгізудің пилоттық жобасын бастады.

«Жәрдемақы + қызметтер» үлгісінің маңыздылығы - қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1,5 млн. ішіндегі 60%-н құрайтын балалардың мүддесін бірінші орынға  қоюында.

Бұл жобаны іске асыру күнкөрісі төмен балалары бар отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің жаңа және халықаралық тәжірибеде жақсы көрсеткіштері бар тиімді механизмдерін сынап көруге мүмкіндік береді.

Семинар барысында дайындық жұмыстарының нәтижелері ұсынылды, оның аясында Министрлік пен ЮНИСЕФ сарапшыларының нормативті-әдістемелік құжаттарды жинау үшін ел аймақтарына бірлескен жұмыс сапарлары, сондай-ақ жергілікті мамандардың Қазақстандағы атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі дамыту туралы пікірлері айтылды.

Халықаралық сарапшы Мартин Эванс «Жәрдемақы + қызметтер» тәсілін жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибеге шолу жасады. ЮНИСЕФ-тің ұлттық консультанттары пилоттық жобаның дизайны бойынша бастапқы ұсыныстарын көрсетті.

ЮНИСЕФ туралы:

ЮНИСЕФ ең мұқтаж балаларды қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс жасайды. Біз қызметімізді 190 елде және аумақта әлемді баршаға жақсырақ етуге тырыса отырып, бүкіл әлемдегі әр баланың игілігіне жүзеге асырамыз. ЮНИСЕФ және оның қызметі туралы қосымша ақпаратпен сайттан танысып шығуға болады: www.unicef.org.

Біздің Twitter, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі қызметкерлермен хабарласа аласыздар:

Зарина Нұрмұхамбетова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс үйлестірушісі, тел.: +7 777 734 30 19, znurmukhambetova@unicef.org.

Әсел Садова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, тел.: +7 701 640 71 87, asaduova@unicef.org

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.