Дети не могут позволить себе провести еще один год без школы

Заявление Исполнительного директора ЮНИСЕФ Генриетты Фор

14 Қаңтар 2021
multi-graded school
UNICEF/Kaliyev

НЬЮ-ЙОРК/НҰР-СҰЛТАН, 2021 жыл 12 қаңтар, "COVID-19 пандемиясының екінші жылы басталып, бүкіл әлем бойынша ауру жағдайларының саны артып келе жатқанына байланысты мектептердің жұмысын қолдау немесе  олардың жұмысын қайта бастау жоспарларына басым назарды салу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Мектептердің жабылуы балаларға  кері әсер етіп жатқаны туралы бұлтартпайтын дәлелдерге, сондай-ақ, мектептердің пандемияның қозғаушы күші емес екендігін дәлелдейтін деректерге қарамастан көптеген елдер мектептерді жабық ұстауға шешім қабылдады, ал кейбір елдердегі мектептер бір жыл бойы жабық болып тұр.

Пандемияның салдарынан локдаун кезінде мектептердің жабылуы бүкіл әлемдегі оқушылардың 90%-ына әсер етіп, оқушылардың үштен бір бөлігіне қашықтықтан білім алу мүмкіндігінен айыруы қорқынышты болды.

Мектепке бармайтын балалардың саны 24 миллион адамға артып, біз  жылдар бойы болдырмауға  тырысқан бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жететін болады.

Балалардың оқу, жазу және санау қабілеттері нашарлап, сондай-ақ балаларға ХХІ ғасырдың экономикасы жағдайында өркендеу үшін қажет болатын дағдылар көлемі азаюда. 

Балалар денсаулығы, дамуы, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты қауіп құрсауында қалып, әсіресе хал-ахуалы осал балалар ең көп зардап шегуде.

Мектептің тамағынсыз қалған балалар аш қалып, тамақтану жағдайы нашарлап келуде. Құрдастарымен күнделікті байланыстан қалған және физикалық белсенділіктің шектеулеріне тап болған балалар дененің физикалық қалпын жоғалтып, психикалық бұзылулар белгілерін көрсететіп келеді. Мектептен алатын қорғаныс жүйесінен ажырап қалған балалар қатыгездік, балалар некесі немесе балалар еңбегіне жегілу алдында осал болып барады.

Сондықтан мектептерді жабу мәселесі шаралардың барлық басқа нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана соңғы шара ретінде қолданылуы қажет.

Жергілікті деңгейде аурудың таралу қаупін бағалау - мектептердің жұмысы туралы шешім қабылдаудың шешуші факторы болуы қажет. Мүмкіндігінше мектептерді ұлттық деңгейде жабудан аулақ болу керек. Денсаулық сақтау жүйелері қатты қысымға ұшыраған және мектептердің жабылуы шарасыз болып саналған жергілікті қауымдастықтарда аурудың таралуы жоғары деңгейде болған кезде қорғаныс шараларын қабылдау қажет. Мұндай шараларға үйінде зорлық-зомбылықтың қаупі бар, мектеп тамағына тәуелді және ата-аналары экономиканың өмірлік маңызды салаларында жұмыс істейтін балаларға күндізгі режимде оқуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету кіреді.

Локдаун жағдайында мектептер билік шектеулерді алып тастағаннан бастап жұмысты қайта бастайтын алғашқы мекемелердің бірі болуы керек. Сонымен бірге, қашықтықтан оқи алмайтын балаларға оқудан тыс қалмас үшін қосымша сабақтар өткізуге басымдық берілуі керек.

Егер балалар тағы бір жыл мектептің жабылуына тап болса, онда  қолайсыз салдарды көптеген болашақ ұрпақ сезінетін болады".

  

###

 

Редакторларға арналған ескертпелер:

Мультимедиа мазмұнын мына жерден жүктеуге болады.

 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter