ДДҰ-ЮНИСЕФ-«Lancet»: Әлем балаларға сау өмір мен болашаққа жарамды климатты қамтамасыз етуге қабілетті емес

Климаттық және коммерциялық қауіптердің шиеленісуі жағдайында ДДҰ-ЮНИСЕФ-"Lancet" комиссиясы балалардың денсаулығы мәселелерін түбегейлі қайта қарауды талап етеді.

19 February 2020
Бегущие дети
UNCICEF/Kim

НЬЮ-ЙОРК/ЛОНДОН/ЖЕНЕВА, 2020 ж. 19 ақпаны: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы жөніндегі 40-тан астам халықаралық сарапшылардан құралған комиссияның ұсынған бүгінгі тарихи баяндамасына сәйкес, балалардың денсаулығы мен олардың болашағын қорғау бірде-бір елде тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейді екен.  Комиссия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ЮНИСЕФ  және "The Lancet"журналымен құрылған.

A Future for the world's Children ("Әлем балалары үшін болашақ қандай болмақ?") баяндамасында  әлемдегі әрбір баланың және әрбір жасөспірімнің денсаулығы мен болашағы қоршаған орта жағдайының нашарлауынан, климаттың өзгеруінен  және балаларды терең өңдеуден өткен жылдам тамақ өнімдерді, құрамында қанты бар сусындарды, сондай-ақ алкоголь мен темекіні тұтынуға үйір ететін алып-сатарлық маркетингтік әдістердің салдарынан тікелей қауіпке ұшырап жатқандығы жайлы айтылған.

"Соңғы 20 жылда балалар мен жасөспірімдердің денсаулық деңгейін жақсартуда жеткен жетістіктерге қарамастан, осы саладағы ілгерілеу баяулап, кері бағытқа түсті, - деп мәлімдеді    

Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі мен комиссияның тең төрағасы Хелен Кларк. - Өсу мен кедейліктің жанама көрсеткішіне негізделген бағалауларға сай, табыс деңгейі төмен және орташа елдердегі 250 миллионға жуық бес жасқа дейінгі балалар өзінің даму әлеуетін іске асыра алмау қауіпінде. Бірақ қазіргі уақытта әлемдегі әрбір баланың климаттың өзгеруі және коммерциялық қысымның салдарынан туындаған өмір сүру қаупіне тап болғандығы одан бетер алаңдатады.".

"Елдер балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына деген көзқарастарын түбегейлі қайта қарастыруы керек, сонда біз балаларымызға бүгін ғана қамқорлық жасап қана қоймай, сонымен бірге болашақта мұра болатын әлемді қорғай аламыз», - деп толықтырды Кларк.

Климат өзгерісінің күшеюі әрбір баланың болашағына қауіп төндіруде

Баяндамада 180 ел кіретін жаңа жаһандық индекс қамтылған, онда баланың өсіп-өркендеуі, оның ішінде балалардың өмірі мен әл-ауқаты, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру және тамақтануы; парниктік газдардың шығарылу көлемінің жанама көрсеткіштерімен бірге кірістердегі әділдік немесе алшақтықты ескеретін тұрақтылық көрсеткіштерін салыстырған. Индекстің жоғарғы 10 және төменгі 10 орындарына ие елдер; Интерактивті индекс, Түпнұсқа мәтінінің 35-38 бетіндегі толық ғаламдық индексі [1]

Баяндамада айтылғандай, кедей елдер өз балалары үшін салауатты өмір сүруді қамтамасыз етуі мақсатында қосымша шараларды қабылдауы қажет болса, бай елдерге тиесілі көмірқышқыл газының шығарылу үлесінің үйлесімсіз шамадан тыс болуы планетаның барлық балаларының болашағына қауіп төндіруде. Егер 2100 жылға қарай қазіргі болжамдарға сәйкес келетін ғаламдық  жылыну 4°C белгісінен асып кетсе, бұл мұхит деңгейінің көтерілуіне, қатты ыстық кезеңдерінің, безгек және денге қызу көтерілуі сияқты аурулардың таралуына, сондай-ақ дұрыс тамақтанбау  салдарынан балалардың денсаулығына орасан зиян келтіретін болады.

Индекске сәйкес Норвегиядағы, Корея Республикасындағы және Нидерландтағы балалардың  аман қалу және әл-ауқаттылық тұрғысынан мүмкіндіктері Орталық Африка Республикасындағы, Чадтағы, Сомалидегі, Нигердегі және Малидегі балалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Дегенмен, авторлар жан басына шаққандағы CO2 шығымын есепке алғанда, индекстің жоғарғы орындарын алған елдер әлдеқайда артта қалған, атап айтқанда, Норвегия 156 орынға, Корея Республикасы 166 орынға,  Нидерланды 160 орынға ие болды. Осы үш елдің әрқайсысы жан басына шаққандағы CO2 шығымының 2030 жылға жоспарлаған дәрежеден 210% асқан. Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Австралия және Сауд Арабиясы CO2 ең көп шамасын атмосфераға шығаратын он елдің қатарына кіреді. 

"Екі миллиардтан астам адам дамуына гуманитарлық дағдарыстар, қақтығыстар мен табиғи апаттар кедергі болатын елдерде тұрады және осы мәселелердің көпшілігі климаттың өзгеруімен байланысты, – дейді Сенегалдан келген комиссияның тең төрағасы және бұрынғы министр Ава Колл-Сек мырза. - Кедей елдердің кейбірі CO2 шығындысының деңгейі ең аз мемлекеттерге жатады, алайда жылдам өзгеріп келе жатқан климаттың салдары оларға қаттырақ тиюде. Ұлттық деңгейде балалардың өмір сүруі мен өркендеуі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау жаһандық ауқымда балалардың болашағына бұзылуына алып келетін шаралар арқылы жасалынбау қажет".

2030 жылға қарай халықтың жан басына шаққандағы CO2 шығындысының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізе алатын және оған қоса балалардың өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатын (индекстің алғашқы 70 орындары шегінде) елдерге Албания, Армения, Вьетнам, Гренада, Иордания, Молдова, Тунис, Уругвай және Шри-Ланка кірген.

Зиянды коммерциялық маркетинг балаларды пайдалануда: балалардың семіздігі 11 есеге артқан

Сондай-ақ, баяндамада балаларға зиянды азық-түлік өнімдерін жарнамалауға байланысты ерекше қауіп жайлы атап өтілген. Бар деректерге сүйенсек,  кейбір елдерде  балалар бір жыл ішінде теледидар арқылы 30 000-ға дейін жарнамалық роликтерді көретін болса,  АҚШ-та соңғы екі жыл ішінде электрондық темекі жарнамасымен қамтылған жасөспірімдер мен жастардың саны 250% - дан артып, 24 миллионға жеткен.

Комиссия мүшелерінің бірі профессор Энтони Костелло: "Нарық пен өндірушілерд өзін-өздері реттейді деген үміт ақталмады. Австралияда, Канадада, Мексикада, Жаңа Зеландияда , АҚШ-та, сондай-ақ басқа да көптеген елдерде жүргізілген зерттеулер нарық қатысушыларының өзін-өзі реттеу тетіктері балаларға бағдарланған жарнама көлемінің төмендеуіне әкелмегендігін көрсетті. Мәселен, Австралияда, өзін-өзі реттеу бойынша нарық қатысушыларымен  қабылданған міндеттемелерге қарамастан  балалар мен жасөспірімдер бір жылдың ішінде  футбол, крикет және регби секілді спорт  жарыстарының трансляцияларын  қарау кезінде  алкоголь өнімі орналастырылған 51 миллион жарнамалық роликтерді көрген екен. Оның үстіне шынайы жағдай осы аталғаннан да нашар  болуы мүмкін: біздерде әлеуметтік желілердегі жарнаманың орасан  көбеюі  мен балаларға бағытталған жарнамалық алгоритмдерді қолданудың салдары туралы мәліметтер мен деректер аз".

Зиянды тағамдар мен қанты бар сусындардың коммерциялық маркетингісін балаларға бағдарлауы олардың сау емес тағамдарды сатып алуына, артық салмақ пен семіздікке әкелуіне, бұл өз кезегінде жыртқыш маркетингтік әдістер мен балалар семіздігінің артуы арасында байланыстың қалыптасуына әкеліп отыр. Семіздікпен ауыратын балалар мен жасөспірімдер саны жеке тұлғалар мен қоғамға елеулі шығындарын әкеле отырып, 1975 жылғы 11 миллионнан 2016 жылғы 124 миллионға дейін артып, 11 есеге ұлғайған.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін шұғыл шараларды қабылдауға шақыру

Тәуелсіз комиссия мүшелері балалардың қатысуымен және балалардың денсаулығы мен болашағын қорғау мүддесінде жаңа жаһандық қозғалыс құруға шақырады. Атап айтқанда, баяндамада келесі ұсыныстар ұсынылған:

  1. Ең қысқа мерзімде біздің планетамыз мұраға қалатын балалардың болашағы үшін CO2 шығарылуын азайту.
  2. Балалар мен жасөспірімдерді тұрақты дамуға қол жеткізудегі күш-жігеріміздің негізгі орталық элементіне айналдыру.
  3. Саясаттың жаңа шараларын енгізу және баланың денсаулығы мен құқықтарын қорғау мүддесінде барлық секторларда жаңа ресурстарды салу.
  4. Саяси шешімдер қабылдау кезінде балалардың пікірін ескеру.
  5. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының жаңа факультативтік хаттамасына сүйене отырып, зиянды өнімдердің жарнамасына мемлекеттік реттеуді қатаңдату.

"The Lancet" журналының бас редакторы д-р Ричард Хортон: "Бізде тамаша мүмкіндік бар. Барлық ғылыми деректер, қажетті құралдар қолда бар. Комиссия барлығын, мемлекет басшыларынан бастап жергілікті билік органдарына дейін, БҰҰ көшбасшыларынан бастап балалардың өздеріне дейін  балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау бойынша жаңа дәуірді ашуға шақырады. Ол үшін батылдық пен саяси ерік қажет. Бұл - біздің ұрпақ үшін аса маңызды сынақ".

"Климаттық дағдарыс, семіздік, балаларға бағытталған зиянды өнімдердің агрессивті маркетингісі - бұл бүгінгі күннің қалпы.  Бүгінде бүкіл әлемнің балалары алдыңғы  бірнеше ұрпақ үшін ақылға сыйымсыз болжанбаған қауіптерге тап болуда. Бала денсаулығы туралы ойымызды қайта қарастырып, түбегейлі басқа көзқарасқа көшудің уақыты келді, онда балалар кез-келген мемлекеттік даму саясатында бірінші орынға шығарылып, олардың мүдделері кез-келген көзқарастардан жоғары болады", – деді ЮНИСЕФ-тің басшысы Генриетта Фор.  
 
"Бұл баяндама бүкіл әлемде саясаткерлердің бүгінгі балалар мен жастардың мүдделері туралы жиі ұмытатындығы, олардың денсаулығы мен құқықтарын қорғап, планетаны олар үшін сақтай алмай жатқандығының айғағы, – деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Д-р Тедрос Адхан Гебрейесус. – Осы баяндама елдер үшін дабыл белгісі болуға, ресурстарды балалардың денсаулығы мен дамуына салуға, олардың мүдделерін есепке алуға, олардың құқықтарын қорғап, олар өмір сүре алатын болашақты құру үшін жұмыс істеуге итермелеуі тиіс".  
 
 
Редакторларға арналған қосымша ақпарат
 
[1] Индекс туралы ақпаратты баяндаманың ағылшын тіліндегі мәтінінен 35-38-беттен қараңыз. Техникалық мәліметтерді баяндаманың ағылшын тіліндегі мәтінінің 19-72-беттен қараңыз.
[2] Комиссия Билл және Мелинда Гейтс Қорының қаржылық қолдауымен жұмыс істеді.

Комиссияның баяндамасы: http://www.thelancet-press.com/embargo/childhealth.pdf

  • Комиссияның негізгі беті: thelancet.com/commissions/futurechild  
  • Комиссияның баяндамасы:  www.thelancet.com/journals/lancet/article/PIIS0140-6736(19)32540-1/fulltext

Баяндамаға қосымшалар: http://www.thelancet-press.com/embargo/childhealthAPPX.pdf

Интерактивті көрсеткіш: https://www.thelancet.com/infographics/child-health

Он бірінші және он соңғы елдер: http://www.thelancet-press.com/embargo/childhealthINFOG.png

 

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.