"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" халықаралық науқанына арналған көркем көрме

29 Қараша 2019
Poster
UN Women

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жылғы 29 қараша - Бүгін астанада TSE Art Destination қазіргі заманғы өнер галереясының және БҰҰ Қазақстандағы Агенттіктерінің қолдауымен "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" халықаралық науқанына арналған көркем көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көркем көрме қазақстандық суретшілердің дәстүрлі өнер туындыларын Орталық Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің заманауи цифрлық иллюстрациялар, постерлер мен авторлардың графиктері коллекцияларымен біріктіреді. Көрмеге Сәуле Дүйсенбина, Медина Базарғалиева, Жарас Тәкен, Аңсаған Мұстафа, Аружан Жұмабек, Сүйінбике, Айсұлу Шайкенова, Бақыт Бубиканова және т.б. жұмыстары қойылды.

Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғам өміріне толыққанды қатысуына кедергі келтіреді, әйелдер отбасылары, қауымдар және елдер үшін ұзақ мерзімді салдар мен шығындарға әкеледі. Адам құқықтарының өрескел бұзылуы бола отырып, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық Еуропа мен Орталық Азияда кеңінен таралған құбылыс болып қала береді. Қазақстанда әрбір үшінші қылмыс әйелдерге қарсы жасалады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің шешіміне сәйкес, 2019 жылдың 25 қарашасынан бастап және келесі екі жыл ішінде осы науқан шеңберінде бейбіт өмір жағдайында және соғыс кезінде әйелдер мен қыздарға келтірілген зиянның ерекше түрі ретінде зорлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. 

Зорлаудың түпкілікті себебі әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың ерекше физикалық нысаны ретінде патриархалдық нанымдардың, бұрынғысынша жыныстық зорлық-зомбылықтың кең таралуына және оны норма ретінде қабылдауға ықпал ететін әлеуметтік орта жасайтын бақылау күштері мен мүмкіндіктерінің ара қатынасы үлгілерінің өте күрделі жиынтығында жатыр. Мұндай "мәдениет" қоғамдағы ер адамның шовинизмі, әйел денесінің жыныстық объективациясы және зорлық-зомбылық актілеріне жалаң жаңғақ беру арқылы одан әрі нығаяды.

Зорлау және жыныстық қол сұғушылықтар саны бойынша нақты сандарды растау өте қиын, себебі құрбандар жиі бұл туралы айтуға қорқады.  Бұл ретте, әлемде шамамен 15 миллион қыз (15-19 жаста) белгілі бір уақытта жыныстық қатысқа немесе жыныстық әрекеттің басқа да түрлеріне мәжбүрленді. Қазақстанда 2018 жылы 1450 зорлау және сексуалдық сипаттағы іс- әрекеттер тіркелген, олардың 1132-і әйелдерге қатысты және 231-і балаларға қатысты.

 "Полициядағы әйелдер санының артуы және олардың тиісті дайындығы зорлық-зомбылықтың құрбандары олардың шағымдарына осы жиі күрделі процестің әрбір кезеңінде маңызды түрде қаралатынын қайта сезінуі үшін сенімді қайтару жолындағы алғашқы маңызды қадам болып табылады. Бұл бағыттағы ілгерілеу сондай-ақ көптеген институционалдық және құрылымдық кедергілерді, патриархалдық жүйелерді және басқа да ұйымдардағы тәрізді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полиция және сот мекемелерінде өмір сүруді жалғастыратын теріс гендерлік стереотиптерді табысты еңсеруді білдіреді",- делінген "БҰҰ-әйелдер" Құрылымының Атқарушы директоры Фумзиле Мамбо-Нгкуктың Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орай мәлімдемесінде.

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күні - 25 қарашада басталатын жыл сайынғы халықаралық науқан, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық күн - 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Науқан бастамасын алғаш рет 1991 жылы Жаһандық әйелдер көшбасшылығы институтының белсенділері көтерді. Оны әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және жою жөніндегі күш-жігерді жандандыру үшін ұйымдастыру стратегиясы ретінде бүкіл әлем бойынша жекелеген адамдар мен ұйымдар жүргізеді.

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.