БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенция: Қазақстан қабылдағанына 30 жыл

16 ақпан 2024
Девочки в школе
UNICEF

АСТАНА, 16 ақпан 2024 ж. – Осыдан 30 жыл бұрын, 1994 жылы 16 ақпанда, Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға (БҚК) қол қойды. Аталмыш конвенция балалардың құқықтарын жан-жақты айқындайтын халықаралық деңгейдегі бірден-бір құжатқа айналды. Бүгінгі таңда БҚК бүкіл дүние жүзіндегі балалардың өмірін өзгертуде шешуші рөл атқаратын әлем тарихында ең көп ел қабылдаған құжат болып табылады. Конвенцияның негізгі қағидалары барлық балалардың өмір сүруге, дамуға, қорғауға және кемсітушіліктен бостандыққа тең құқықтарын қамтиды.

Ақпан айында қол қойылған соң, көп ұзамай, 1994 жылдың 8 маусымында БҚК ҚазақстандаЖоғарғы Кеңес Қаулысымен ратификацияланды. Осылайша Қазақстан өз еркімен әрбір баланың тең құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттемелерді мойнына алды. Конвенция Қазақстанда балаларға мейірімді қоғам құрудың жұмыс құралына және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастық негізіне айналды.

Не өзгерді?

Соңғы үш онжылдықта Қазақстан бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітімді бес есе, ал жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім-жітімді үш жарым есе төмендетуге қол жеткізді.

Президент жарлығымен 2016 жылы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды, ал 2022 жылы бала құқықтары жөніндегі уәкілдер Қазақстанның әрбір өңірінде тағайындалды. Соның арқасында баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда көмекке жүгіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2023 жылы Қазақстанда Әлеуметтік кодекс қабылданып, мемлекеттік жәрдемақылар мен бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін бала бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылды. Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды, оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық балалар арасында үлестіріледі. Кәмелетке толған кезде қаражатты оқуға немесе баспана алуға жұмсауға болады.

Былтыр Қазақстан БҚК-ның соңғы, үшінші факультативтік хаттамасын ратификациялады, аталмыш хаттама БҚК-да бекітілген құқықтар бұзылған жағдайда балалардың немесе олардың ата-аналарының жеке шағымдарын қарау механизмін белгілейді. Бұл оқиға мемлекет балалардыңқұқықтарын қамтамасыз ету және оларды құқықтық қорғау механизмдерін кеңейту бағытында бет алғанын растайды.

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің м.а. Летисия Баззи-Вейл атап кеткендей: «Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстан 30 жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғауда елеулі жетістіктерге жетті деп нық сеніммен айтуға болады. 1992 жылы Қазақстан ЮНИСЕФ жағдайды зерттеу үшін көпсалалы миссия жіберген алғашқы ел атанды. Сол жылы ЮНИСЕФ балаларға арналған қажетті дәрі-дәрмектер және вакциналар беріп, көмек көрсетті. Отыз жылбойы ЮНИСЕФ Қазақстанда жұмыс істеп, әрбір баланың аман-саулығын қорғап, ілгері бастырумен, үкімет пен азаматтық қоғамға қажетті көмек көрсетумен айналысып келеді. 30 жылдық мерейтой жеткен жетістіктерді атап өтудің тамаша мүмкіндігі, сонымен қатар жаңа сын-қатерлер мен басымдықтарды анықтаудың да амалы болып табылады. Олардың ішінде: серіктестерді жәнебалалардың құқықтарын жүзеге асыру мақсаттарын біріктіретін балалардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ балалардыңқұқықтарына монторинг жүргізудің кешенді жүйесін дамыту. Мұның бәрі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай балалардың құқықтарын қорғаудағы ілгерілеуді жеделдетуге көмектеседі».

Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы:

«30 жыл ішінде еліміз балаларды қорғау мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде елеулі жұмыс атқарды.

Бүгінгі таңда Комитет Нидерланды Корольдігінің Депозитарийінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірқатар халықаралық конвенциялардың ережелерін орындау, БҰҰ Бала құқықтары комитетіне елдегі балалардың жағдайы туралы мерзімді баяндаманы тапсыру үшінжауапты өкілетті орган ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы тапсырған баяндамалар еліміздің саясаты мен тәжірибесі Конвенция ережелеріне сай екенін көрсетті. Бұл кейіннен қол жеткізілген прогресті бағалауға негіз болды.

Айта кетейік, республиканың барлық стратегиялық құжаттарында балалар басты игілік алушылар болып табылады. Әлемнің көптеген елдері балалардың әл-ауқатын бағалап, арнайы әдістемелер әзірлейді. Қазақстан бұл істен де шет қалған жоқ.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттық мониторинг - Балалардың әл-ауқаты индексі енгізілді, ол Қазақстанның өңірлері бойынша және балалардың әл-ауқатының халықаралық индекстерімен индикаторларды таңдауға және салыстыруға мүмкіндік береді».

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің реттеу, іске асыру және қадағалауфункцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Комитеттің құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

Комитеттің қызметі туралы толығырақ сайтта

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.