Бүкіл Қазақстан бойынша бір жарым мың онлайн-еріктілер ЮНИСЕФ-тің #ПайдасыБарКарантин науқанын қолдады

21 Мамыр 2020
Volunteering
UNICEF/Anarbekov

21 мамыр, 2020, Нұр-Сұлтан - БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ЗТБ  «Ұлттық волонтерлік желісімен» бірлесе отырып, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен COVID-19 таралуын алдын-алу және карантин кезіндегі жастардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған онлайн-еріктілік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырды.

#ПайдасыБарКарантин науқаны аясында жас еріктілер апта сайын әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушы  вебинарларға қатысады: карантин кезіндегі қауіпсіздік, факт-чекинг және коронавирус туралы дезинформацияны анықтау тәсілдері, эмоционалды денсаулықты қолдау, стресске қарсы тұру және тағы басқа тақырыптар. Оқу барысында алған білімдерімен айналасындағы адамдармен әрі қарай бөлісу мақсатымен жастарға әртүрлі тапсырмалар беріледі, мысалы, олар  әлеуметтік желілерінде #ПайдасыБарКарантин хэштегімен посттар немесе бейнелер жариялайды.

Науқанды Қазақстанның барлық аймақтарындағы 14 пен 40 жас аралығындағы 1500-ге жуық жастар қолдады. Алдын-ала есеп бойынша, бұл бастаманың арқасында еріктілер бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 400 000 адамды қамтуы мүмкін.

«Үйде болсын, қоғамдық өмірде болсын, ерікті болу маған күн сайын қоғам мен әлемге өз үлесімді қосуға мүмкіндік береді. Бұл бір үлкен әлемнің бір тетігі болуға, сонымен қатар адамдарға көмектесу үшін дағдылар мен білімдерді қолдануға мүмкіндік береді. Мен ЮНИСЕФ-тің бұл бағдарламасы жастарға карантинге байланысты туындаған стрессті жеңуге және болып жатқан жағдайдың жақсы жақтарын көруге көмектесетініне шын жүректен сенемін», - деп бөлісті 19 жасар Аида, онлайн-ерікті.

Сондай-ақ, COVID-19 қатысты ақпараттан басқа, науқанға қатысу арқылы жастар болашақта мүмкіндіктерін көбейтуге көмектесетін түрлі тақырыптар аясында жаңа білім мен дағдыларды алуда.

«Біз осы еріктілік бағдарламасы аясында қатысып жүрген жастардың санының артып келе жатқандығына өте қуаныштымыз. Бағдарлама коронавирусқа байланысты жағдай пайда болғанға дейін іске қосылған болатын, алайда жаңа жағдайларды ескере отырып, біз бағдарламаны онлайн форматқа көшірдік. Бүгінде біз бұл жаңа бағдарламаның жастардың  қызықтыратынын көріп отырмыз, белсенді қатысу арқылы олар үйден шықпай-ақ, COVID-19  қарсы күресуге өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, еске сала кетсек 2020 жыл - еріктілер жылы, сондықтан бұл шара осы жыл аясында өтуде», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

«Біз ЮНИСЕФ-пен #ПайдасыБарКарантин аясында жемісті ынтымақтастық құрғанымызға қуаныштымыз. Бұл екінші бірлескен жоба болып табылады және осы бастаманың арқасында жастар пандемия кезінде бір-біріне қолдау көрсетуде. Мұндай өзара әрекеттесу ақпаратты құрғақ түрде беруден гөрі тиімдірек. Жоба қазір белсенді түрде өтуде, бірақ ол бастапқы мақсаттарынан да асып түсті. Бір-бірімен тілдесу және қолдау көрсету арқылы еріктілер мен олардың әлеуметтік желілердегі аудиториялары көбірек ортақ мүдделерді табады. Сондай-ақ, ашық және өзара құрметпен қарым-қатынас жасайтын жаңа қауымдастық қалыптастырылады», - деді ЗТБ «Ұлттық волонтерлік желісінің» атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Егер сіз ЮНИСЕФ-тің еріктілер науқанына қатысқыңыз келсе, осы сілтеме арқылы тіркеліңіз.

#Редакторларға арналған қосымша ақпарат

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын хал-жағдайда өмір сүретін балаларды қамтуға ұмтылады. Біз әрбір бала үшін 190 астам елде және аумақта баршаға арналған жақсырақ әлем құру мақсатында қызмет атқарамыз. ЮНИСЕФ және оның балаларға арналған қызметі жайлы қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan сайттарына кіріңіз. Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Instagram, Facebook и Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз..

 

Қосымша ақпарат алу үшін: 

Эльвира Яушева, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, тел: +7 707 109 8553; eyausheva@unicef.org

Асель Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Қоғаммен байланыс маманы ЮНИСЕФ, тел.: +7 777 881 05 47; asaduova@unicef.org

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.