Білім беру жүйесін трансформациялауды Қазақстан, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сарапшылары талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым 2022 ж. - Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен ұлттық консультациялар білім беру жүйесін трансформациялау тақырыбына арналады. Мұндай консультациялар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның білім беру жөніндегі Жаһандық саммиті қарсаңында әлемнің әр елінде өткізіледі.
Қазақстандағы ұлттық консультациялар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (ҚР ОАМ) БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үй-лестіруші Кеңсесімен тығыз ынтымақтастықта және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИ-СЕФ) Қазақстандағы Өкілдігі мен ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының техникалық қол-дауымен ұйымдастырылды.
ҚР БҒМ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының сарапшылары, "Өрлеу" Кәсіптік даму институты, «Қаржы орталығы» АҚ, Азаматтық және академиялық қоғам өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, мұғалімдер мен жастар қазақстандық мектептердегі білім беруді трансформациялау бойынша ортақ көзқарасты қалыптастыру үшін жиналды.
«Қазақстан тәуелсіздік жылдарында білім беру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, бүкіл әлемдегі сияқты, COVID-19 пандемиясы елдегі білім беру жүйесіне теріс әсер етіп, оған қауіп төндірді және балалардың ең осал топтарына білім алуға қолжетімділікті шектеді. Қазақстанда БҰҰ агенттіктері пандемия салдарын еңсеру және білім алуға қолжетімділікті кеңейту бойынша түрлі бастамаларды қолдауда. Қазақстан Үкіметімен бірлескен күш-жігеріміз білім берудің сапасы мен өзектілігін арттырады деп үміттенеміз», - деді Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.
Бес тақырыптық бағыт қоғамдық талқылаудың барысын анықтады. Бұл бағыттар ЮНЕСКО-ның білім беру жөніндегі Жаһандық кеңесінің 2020 жылғы Декларациясында белгіленген басым әрекеттерге негізделген, олардың орындалуы ұлттық саяси көшбасшылар мен жаһандық қоғамдастық COVID-19 пандемиясының аясында да, одан тыс жерлерде де ТДМ 41 іске асыруды жеделдетуге міндеттенді. Бұдан басқа, олар БҰҰ Бас хатшысының «Біздің ортақ күн тәртібіміз» баяндамасында және ЮНЕСКО-ның “Білім беру перспективалары” Баяндамасында қамтылған пайымға, қағидаттарға және ұсыныстарға сүйенеді. Бес бағыт кез келген ел үшін әмбебап өзекті және үкіметтер мен жаһандық қоғамдастықтың жедел және үйлестірілген іс-әрекеттерін талап ететін салаларды ерекше атап көрсетеді.
Инклюзивті және қауіпсіз мектептер бойынша бірінші бағыт ұлттық консультациялардың тақырыптық тобының қатысушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Талқылау нәтижесінде қатысушылар барлық балалардың мүмкіндігіне қарамастан білімге тең қол жеткізуі үшін қажетті өзгерістер бойынша ортақ ұстанымды қалыптастырды.
«Пандемия қазақстандық білім беру жүйесі үшін беріктіктің нағыз сынағына айналды. Қашықтан оқыту мұғалімдер мен балалар үшін цифрлық дағдыларды игеру қажеттілігін көрсетті. Жабық мектептер балалардың психикалық денсаулығына теріс әсер етті. Балалар мұғалімдерімен және құрдастарымен тікелей өзара әрекеттесе алмады. Егер балалар мұғалімдерімен және құрдастарымен мүлдем араласпаса, оқу жоспарындағы шығындар қайтымсыз болуы мүмкін. Енді біз бұрынғы «нормаға» оралуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізге ол туралы жаңа түсінік қажет. Білім беру тәсілдерін сапалы қайта қарау, қолданыстағы жүйені басқаша ойлау маңызды. Кез келген трансформацияның басымдығы әрбір баланың мүмкіндігіне қарамастан, сапалы және қолжетімді білім алу құқығын қорғау болуы тиіс», - деп белгілеп өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.
Өзгеріп жатқан әлем, еңбек нарығындағы жылдам өзгерістер және жаңа мамандықтарға деген сұраныс ұлттық консультациялардың екінші басым тақырыбын анықтады. Өмір сүру, жұмыс істеу және тұрақты даму дағдылары, сондай-ақ осы дағдыларға сапалы оқыту бағдарламалары барлық балалар мен жастар үшін қол жетімді болуы керек. Білім беру бағдарламалары уақыт талабына сай болып, жастарды қазақстандық қоғамның белсенді мүшесі болуға даярлауы тиіс. Білім беру сапасы - бұл балалар мен жастардың іс жүзінде білім алуды жалғастыруға және жұмыс іздеуге көмектесетін дағдылар мен білімдерге ие болуының маңызды кепілі.
«Тұрақты даму жас ұрпақтың климаттың өзгеруінен цифрлық революцияға дейінгі осындай күрделі сынақтарға тап болған әлемде өсу үшін білім, құндылықтар мен дағдыларды игере алмауымен үйлеспейді. Егер біз ұрпақ апатынан аулақ болғымыз келсе, білім беруді қалпына келтіру кезеңінде және одан кейінгі кезеңде ұлттық саясаттың императиві және жаһандық қоғамдық игілік ретінде басымдыққа айналуы керек», - деді Маки Катсуно-Хаясикава, ЮНЕСКО білім беру секторының 2030 білім бөлімінің директоры.
Мұнда басты рөлді мұғалімдер ойнайды. Олар кез келген білім беру жүйесінің негізі және білім беру саясатының тікелей бағыттаушылары болып табылады. Үшінші тақырыптық топты талқылаудың барлық қатысушылары білім беруді трансформациялау мұғалімдердің жоғары кәсібилігі мен біліктілігі және оларға қажетті қолдау көрсету жағдайында ғана мүмкін болады деген қорытындыға келді – жүйенің барлық мекемелерінде және барлық деңгейлерінде: ерте жастан техникалық кәсіби, ересектерге арналған білім және жоғары білім.
XXI ғасырдағы мұғалімдердің біліктілігі цифрлық оқыту дағдыларын да тұспалдайды. COVID-19 пандемиясы және қашықтан оқыту сапалы онлайн- білім беруді ұйымдастырудың цифрлық құралдарын білудің қаншалықты маңызды екенін көруге мүмкіндік берді. ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО сарапшылары талқылау барысында үш қағиданы басшылыққа ала отырып, нақты іс-әрекеттер жасау керек екенін атап өтті: ең маргиналды топтарға баса назар аудару, тегін және жоғары сапалы цифрлық білім беру контентіне инвестицияларды ұлғайту және білім беруді цифрлық кеңістікке педагогикалық инновациялар мен өзгерістер арқылы айналдыру.
«Қаржы орталығы» АҚ модераторлығымен өткен соңғы тақырыптық топтың қатысушылары білім беруге инвестицияларды ұлғайтуды талқылады.
Ұлттық консультациялардың қорытындысы елдің 2030 жылға дейінгі кезеңдегі білім беру жүйесін трансформациялау жөніндегі міндеттемелері туралы Ұлттық мәлімдеме дайындау болады, ол осы жылы қыркүйекте Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы шеңберінде Жаһандық саммитте айтылатын болады.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту мәселесіне; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің сайттағы қызметі туралы толық ақпарат www.unicef.org сайтында.
Instagram, Facebook және Twitter желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰ Баспасөз және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Эльнара Байназароваға хабарласыңыз: +7 701 9400086, e-mail: elnara.bainazarova@un.org.
ЮНЕСКО туралы
ЮНЕСКО БҰҰ-ның білім беру жөніндегі мамандандырылған мекемесі болып табылады, прогресс үшін жаһандық және аймақтық көшбасшылықты қамтамасыз етеді, барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық жүйелердің тұрақтылығы мен әлеуетін нығайтуға көмектеседі. ЮНЕСКО сонымен қатар гендерлік теңдікке және іс-әрекеттің барлық салаларында дамуға баса назар аудара отырып, трансформациялық оқыту процестері арқылы бүгінгі жаһандық сын-қатерлерге жауап беру жолын басқарады.
ЮНЕСКО қызметі туралы толығырақ мына сайтта: http://ru.unesco.kz/
Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыздар.
БАҚ байланыстары
Нұрбек Тілешалиев
Білім беру бағдарламасының маманы
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы
Тел: +7 727 2582643 (509)
Электрондық пошта: n.teleshaliyev@unesco.org