Бизнесмендер, мемлекет қайраткерлері, БҰҰ көпжақты агенттіктері мен мекемелерінің басшылары 2030 жылға қарай балалар мен жастар үшін Интернетке жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін қабылдады

Планетадағы адамдар санының жартысына жуығы Интернетке қолжетімділігі жоқ, сондықтан Generation Unlimited онлайн-қозғалысы цифрлық алшақтықты азайту және цифрлық оқыту мен оқу мүмкіндіктерін кеңейту үшін шұғыл әрекеттерге шақырады

03 Қыркүйек 2020
Children with phone
UNICEF

НЬЮ-ЙОРК/Нұр-Сұлтан, 2020 жылдың 2 қыркүйегі – 1 қыркүйек күні  мемлекет қайраткерлері, кәсіпкерлер, БҰҰ мекемелерінің және көпжақты агенттіктердің басшылары 2030 жылға қарай әр мектеп пен қауымдастықты интернетпен қамтамасыз етуге деген бұлжымай орындау ниетін қайта көрсетті.

Әлемнің жартысын мүмкіндіктерге қоса отырып, "Мүмкіндігі шексіз ұрпақ" жоғары деңгейлі онлайн-кездесуінде сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі цифрлық шешімдерді, қашықтықтан оқытуды және тиісті кәсіби дайындықты ілгерілету міндетін қоса есептегенде  3,5 миллиард балалар мен жастарды сапалы біліммен қамту міндеті қабылданды.

Кездесудің қатысушылары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Руанда Республикасының Президенті Пол Кагаме, Кения Республикасының Президенті және БҰҰ-ның Жастар күн тәртібі бойынша Жаһандық "чемпионы" Ухуру Кениатта, Тринидад және Тобаго Президенті Паула Мэй-Уикс,ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры Генриетта Фор,  БҰҰ-ның жаһандық білім беру мәселелері жөніндегі арнайы елшісі Гордон Браун, Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Мальпасс; UNILEVER бас директоры Алан Джоп; ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева,  БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі елшісі Джаятма Виккраманаяке болды. Барлық қатысушылар жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру перспективаларын жақсарту үшін шұғыл әрекеттерге, шешімдер мен инвестицияларға шақырады. 

"Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жастарды оқыту мен дайындауға ресурстарды бөлу әлеуметтік бірлікті нығайтуға және адамның дамуы мен экономикалық өсуіне кедергі келтіретін тұрақсыз теңсіздікті азайтуға маңызды үлес болады", - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш конференция қатысушыларына арнаған сөзінде. "Бірақ мұндай инвестициялар жоғарыдан-төменге қарай  бағыттала алмайды. Жастардың өзі бірінші қатарда болып, өзінің шығармашылық әлеуетін, күш-қуаты мен әлемдік сын-қатерлерге қарсы тұру кезінде проблемаларды шешу дағдыларын пайдалана отырып, шешім қабылдай білуі тиіс".

ЮНЕСКО-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес бүкіл әлем бойынша 1 миллиардқа жуық мектеп оқушылары мен жастар Сovid-19-дың өршуіне байланысты мектептер мен университеттердің жабылуынан зардап шегуде. ЮНИСЕФ-тің жақында жасаған баяндамасында планетадағы әрбір үшінші оқушы мектептер жабылған кезде қашықтықтан оқи алмауы цифрлық технологияларға қол жетімділіктің болмауынан орын алғанын көрсетті.

Планетадағы әр мектепті интернетке қосу мақсатында ЮНИСЕФ және ХЭО (халықаралық электр байланысы одағы) 2019 жылы GIGA бастамасын құру туралы жариялады. GIGA-да төрт негізгі жұмыс бағыты бар: Олар әлемдегі барлық мектептерді картаға түсіру, жалпы қосылу жылдамдығын бірлесіп қаржыландыру, әр мектепті Интернетке тікелей қосу және сапалы білім беру ресурстарына қол жеткізу болып табылады.

Қазақстан осы бастамаға қосылып, Орталық Азиядағы бастаманы кеңейту бойынша  өңірлік көшбасшы рөлін өз мойнына алды. 10 200 қазақстандық мектеп қазіргі уақытта әлемнің 15 елінде 800 000-нан астам мектепті көрсететін GIGA Ғаламдық картографиялық платформасына біріктірілген. Қазақстан елдегі және жалпы өңірдегі прогресті жеделдетуге ұмтылады және Орталық Азия үшін алғашқы Қаржы моделін әзірлеуде. Нұр-Сұлтанда арнайы өңірлік орталық ашылып, GIGA бастамасын іске асыру үшін өңірлік команда құрылды.

"COVID-19 пандемиясы көпшілікке байланысты қамтамасыз етудің шұғыл қажеттілігін атап өтті. Карантин және мектептердің жабылуы балаларға онлайн оқыту нұсқаларының маңыздылығын арттырды. Интернетке қол жетімсіздік балалар мен жастарды, әсіресе, ең нашар жағдайдағы балалардың сапалы білім алуы мен кәсіби дайындық алу мүмкіндігінен айырылу қауіпін төндіруі мүмкін. Сондықтан, Қазақстанның GIGA бастамасындағы көшбасшылығы Орталық Азиядағы балалар үшін цифрлық алшақтықты азайту мен балалардың Интернетке қолжетімділігін  кеңейтуінде шешуші рөлді атқаруда", - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.

Қазіргі үрдістер жалғасатын болса 2030 жылға қарай елде әрқайсысы төртінші индустриялық революция жағдайында өркендеу үшін қажетті цифрлық, кәсіпкерлік және кәсіби дағдыларды алғысы келетін 25 жасқа дейінгі 3,5 миллиард балалар мен жастар болады. Қазіргі уақытта кез-келген жерде және кез-келген уақытта оқуға қол жетімділікті орынды талап ететін халық үшін, әсіресе қыздар, мүмкіндігі шектеулі балалар және әл-ауқаты нашар жастарды қоса алғанда, білім алу мен кәсіптік даярлыққа қолжетімділіктің сапасы мен деңгейі шектеулі және жеткіліксіз болып отыр.

2018 жылдың қыркүйегінде құрылған Generation Unlimited, GenU, (Мүмкіндігі шексіз ұрпақ) жеке сектордағы мүдделі тараптардың, үкіметтік органдардың , БҰҰ мекемелерінің, азаматтық қоғам мен жастардың күш-жігерін біріктіру арқылы бүкіл әлем жастары үшін білім беруді, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерін трансформациялауды мақсат етеді.

 

##

Өтініш, қосымша ақпаратты алу үшін бізбен хабарласыңыз:

Хелен Уайли, Нью-Йорктегі ЮНИСЕФ бөлімі, тел.: +1 917 244 2215, hwylie@unicef.org.

Эльвира Яушева, қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі, Тел.: +7 707 109 8553; eyausheva@unicef.org.

Іс-шарада модераторы болып Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Берже Бренде шықты:

  • Антониу Гутерриш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы және Generation Unlimited көшбасшыларының тең төрағасы (Мүмкіндігі шексіз ұрпақ)
  • Жоғары Мәртебелі Пол Кагаме мырза, Руанда Республикасының Президенті және тең төраға, Generation unlimited көшбасшылары (Мүмкіндігі шексіз ұрпақ)
  • Жоғары Мәртебелі Паула Мэй-Уикс ханым, Тринидад және Тобаго Республикасының Президенті және тең төраға, Generation Unlimited көшбасшылары (Мүмкіндігі шексіз ұрпақ) 
  • Жоғары Мәртебелі Ухуру Кениатта Мырза, Кения Республикасының Президенті және БҰҰ-ның жастар күн тәртібіндегі жаһандық чемпион
  •  Гордон Браун мырза, БҰҰ-ның жаһандық білім беру жөніндегі арнайы өкілі
  • Илвад Элман ханым, Элман атындағы Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының директоры.
  • Генриетта Фор ханым, ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры
  • Мария Габриэль ханым, Инновация, зерттеу, мәдениет, білім және жастар жөніндегі комиссар, Еуропалық комиссия
  • Кристалина Георгиева ханым, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры
  • Стефания Джаннини ханым, ЮНЕСКО Бас директорының білім беру мәселелері жөніндегі орынбасары
  • Джулия Гиллард ханым, Директорлар кеңесінің төрағасы, білім беру саласындағы жаһандық серіктестік
  • Алан Джоп Мырза, Unilever бас директоры
  • Дэвид Мальпасс мырза, Дүниежүзілік банктің президенті.
  • Маурисио Рамос мырза, Millicom бас директоры
  • Брэд Смит мырза, Microsoft Президенті
  • Джаятма Виккраманаяке ханым, БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі уәкілі
  • Адебола Уильямс мырза, RED | Африка тобының негізін қалаушы және бас директоры.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.